Қысқа мерзімді жоспар Апталық жүктеме 5 сағат, жылдық жүктеме 170 сағат. 2018-2019 оқу жылына арналған



бет45/229
Дата23.05.2022
өлшемі2,7 Mb.
#35371
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   229
Өзіндік жұмыс
Өткен материалмен жұмыс.
Педагог балалардың деңгейіне қарай жеке тапсырма береді.
№4-8 тапсырмалар кез келген ретпен орындалады. Тапсырманы жұп болып орындауға немесе топқа бөліп беруге болады.
Есепті модельдеуге ерекше көңіл бөлінеді.
Бұл сабақта теңдеудің көмегімен шығарылатын есептердің топтамасы басталады.
№7 тапсырмаға теңдеудің шешуін жазуды еске түсіруге көмектесетін тірек кесте берілген. Педагог берілген түсіндірмеге назарларын аударады. Педагог жазу ережесін және есепті шешудің алгабралық тәсілі кезіндегі жауапты естеріне түсіреді.
№8 тапсырмада арифметикалық таңбалар мен жақшалар қою қажет. Бұл – күрделілігі жоғары тапсырма.

5+(3∙4)=17


(8+2)+7=17
(20:5)∙6=24



(12+3)–4=11


18:6+2=5
(5+8)∙4=52

30-(3∙7)=9


(14:7)+2=4
2+(9-3)=8

Өздік жұмыс
Осыдан кейін мұғалім дәптердегі бағалау критерийі бойынша тапсырма береді.
Шеш. Тексер.
(40∙3):х=6 25:5∙а=450
Мен:

  • құрылымы күрделі теңдеуді ықшамдауды;

  • теңдеудің түбірін табуды;

  • кестеден тыс жағдайда көбейту мен бөлуді ауызша орындауды;

  • тексеру жасауды білемін.

Бағалау критерийі бойынша өз жетістіктерін көрсетпес бұрын, мұғалім білімдерін тексеруге тапсырмалар береді (шешілген теңдеулер). Сонымен, оқушылар өз жұмыстарын салыстыра отырып тексеру орындайды. Ары қарай өзін-өзі бағалау жұмысы жүргізіледі.
Сабақтың тақырыбына байланысты сұрақтар құрастыр.
Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум текшесі.
Дескриптор:
Есептеудің ауызша және жазбаша тәсілдерін пайдалана отырып, қосу және азайту амалдарын орындау біліктері, безендіру, түсініктеме беру, дәлелдеу, оқу тапсырмаларын шешуде болжамдар айтып, оларды тексеру қажеттілігін түсіну үшін математикалық көрнекілік құралдарын (суреттер, сызбалар, схемалар, т.б.) түсіну және пайдалану білігі дамиды.

  • еҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   229




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет