Жаңа топ құру Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Ғажайып жылулық шынжыры» жылулық шеңбері
Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап,жылы күлкілерін сыйлайды.Педагог күлкінің маңызына тоқтайды.
Оқу құралдары арқылы (өшіргіш, қалам, қарындаш т.б.) ортаға бала санына қарай түрлі ручка, (қарындаш, өшіргіш) қойылады әр оқушы өзіне ұнаған түсті алады түстер бір-бірін тауып, бір топ құрайды Жұмыс ережесін келісу
Өздік жұмыс. №3,4 теңдеулерді шешуді, әртүрлі кестеден тыс көбейту мен бөлу амалдарын меңгергендерін анықтауға көмектеседі. Көбіне мұғалімнің үлгісімен өз бетінше тексереді.
Қиындықтарды түзету. Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексереді.
– Кімде қандай қиындықтар туындады?
– Қай жерде қате жібердіңдер?
– Жіберілген қатенің себебі неде?
–Өздік жұмысты еш кедергісіз орындағандар, өздеріңнің іс-әрекеттеріңнің мақсатын құрыңдар.
(Қосымша тапсырма орындау). – Есепті шығару жолында қиындыққа тап болғандардың ары қарайғы мақсаты қандай?
(Қатемен жұмыс). – Қатені түзету амалын қолданамыз.
– Әркім өзінің оқу міндетін айтады.
Ары қарай оқулықтан немесе дәптерден түзетілетін есептер таңдалып алынады.
Өткенмен жұмыс. Мұғалім баланың деңгейіне қарай жекелеген тапсырмалар береді. Оқулықтағы № 5-8 тапсырмалар өткен тақырыпқа қатысты жеке жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Өздік жұмыс. Залдағы орындар санын тиімді тәсілмен есепте.