Сабақтың ортасы
|
Өздік жұмыс
Оқушылар 3, 4-тапсырмаларды өз беттерімен орындайды
Қиындықты түзету
Оқытушы есептің дұрыстығын тексереді.
Кімде қиындықтар туындады?
– Қай жерде қате жібердіңдер?
– Жіберілген қатенің себебі неде?
– Өздік жұмыста қателік жібергендер, өз іс-әрекеттеріңнің мақсатын тұжырымдаңдар.
(Қосымша тапсырмалар орындау).
–Есептеу барысында қиындық туындағандар, ары қарайғы жұмысқа мақсаттарың қандай?
(Қатемен жұмыс).
– Қатемен жұмыс амалын қолданамыз.
– Әркім өзінің оқу мақсатын айтады.
Оқытушы балалардың таңдауы бойынша дәптерге есеп орындауды ұсынады.
Мен істей аламын:
Есептеуде жазбаша көбейту және бөлу алгоритмдерін қолдана аламын.
Өткенді қолдану
Оқытушы баланың білім деңгейіне қарай өздік жұмыс береді. Оқулықтағы 4-тапсырма жұппен орындалады. «Материал элементтерін бөлуді» жұптасып орындау барысында, бірінші оқушы барлық есепті өзі орындайды, ал екінші оқушы оны тексереді. Жұптасып орындау «амалында», бірінші оқушы түсіндіреді, екіншісі оны жазады, біріншісі келісе ме, жоқ па соны айтады. Жұптасып орындауда «бірлесуді» таңдаған оқушылар жұмысқа бірге кіріседі, әрбір амал сайын өз есептерін салыстырып, тексереді, қарама-қайшылық туындаған жағдайда әрқайсысы өз есебінің дұрыстығын дәлелдеп, бір келісімге келуге тырысады.
Оқушылар тіктөртбұрыштың жартысына тең, соның жартысы болып табылатын үшбұрыштың ауданын табудың ережесін еске түсіре отырып, өз ойларын ұсынады. Екінші жағдайда қабырғалары үлкен шаршы қабырғаларының жартысына тең кішкене шаршының ауданын табу қажет. Пішіннің көлеңкеленген бөлігі екі шаршыға тең, демек оны анықтау үшін кішкене шаршының ауданын екі есе арттыру керек.
Өздік жұмыс
Оқулықтағы 5-тапсырманы орындау үшін оқушыларға есептер бойынша өрнектер құрып, оларды шешу қажет.
Оқулықтағы 8-тапсырмада оқушылар кесте бойынша есептер құрастырып, шешімдерін табады.
7-тапсырманы орындай отырып оқушылар балабақшаға қанша кітап сатып алынғанын анықтайды.
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары.
|