Пәнаралық байланыстар
|
Өмірмен байланысты есептер
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интерактивті тақтамен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру
|
Бастапқы білім
|
Оқушылар жай бөлшек, бүтін сан, рационал сан ұғымдарын біледі; рационал сандарды қосу мен азайту амалдарын орындай алады.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
0 - 5 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Үй тапсырмасын тексеру.
Ой-қозғау:
С-1: Масштаб дегеніміз не?
С-2: Масштаб қайда және не үшін пайдаланады?
С-3: Егер дененің нақты өлшемі сызбада 100 есе кемісе, сызбаның масштабы неге тең?
|
Презентация
|
6 – 15 мин
|
Өз беттік жұмыс
Тест бойынша жұмыс.
1 нұсқа
1.Спорттық базалардың арақашықтығы карта бойынша 8 см-ге тең. Егер картадағы 1 см жербетіндегі 11 км-ге сәйкес келсе, онда шаңғышы бір базадан екінші базаға бару үшін қанша арақашықтық жүру керек.
1) 108 км 2) 58 км 3) 88 км 4) басқа жауап
2. Картаның масштабы 1:100000. Егер жер бетіндегі арақашықтық 13 км болса, онда картадағы арақашықтықты анықтаңдар.
1) 13 см 2) 26 см 3) 13 мм 4) басқа жауап
|