Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1А Қатынастар және пропорциялар
Мектеп: Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш.
Сынып: 6
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы
Масштаб
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
6.1.1.5
масштаб ұғымын меңгеру;
6.5.1.3
картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолдану;
Сабақ мақсаттары
Оқушылар:
- масштаб ұғымын түсінеді;
- екі санның қатынасын жазады;
- пропорция ұғымын біледі;
- картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолданады.
Бағалау критерийлері
Білім алушы
- масштаб ұғымын түсінеді;
- екі санның қатынасын жаза алады;
- пропорция ұғымын біледі;
- картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолданады.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар:
- берілген бөлімнің терминдерін қолдана алады;
- берілген қатынаста бөлуге, тура және кері пропорционалдық тәуелділікке, пайызға және масштабқа қатысты есептердің шешіміне түсінік береді;
- пропорцияның белгісіз мүшелерін табу ережелерін тұжырымдайды;
- шамалар арасындағы тәуелділіктің түрлері туралы ой тұжырымдайды;
- картамен/жоспармен/сызбамен жұмыс барысында масштабты қолданады;
Бөлім бойынша лексика және терминология - пропорция;
- пропорцияның негізгі қасиеті;
- пропорцияның шеткі мүшелері;
- пропорцияның ортаңғы мүшелері;
- пропорцияның белгісіз мүшесі;
тура пропорционалдық тәуелділік;
кері пропорционалдық тәуелділік;
- масштаб;
- Жер бетіндегі арақашықтық;
- картадағы /сызбадағы/ жоспардағы арақашықтық;
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - а : b = с: d өрнегін «a-ның b-ға қатынасы c-ның d-ға қатынасындай» деп оқимыз;
- а : b = c : d өрнегін «аb-ның қандай бөлігін құраса,онда c да d-ның сондай бөлігін құрайды» деп оқимыз;
- пропорцияның белгісіз ортаңғы мүшесін табу үшін ... керек;
- пропорцияның белгісіз шеткі мүшесін табу үшін ... керек;
- берілген шамалар тура/кері пропорционал, себебі ...;
Құндылықтарды дарыту
Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір – бірінің пікірлерін құрметтеу, қабылдау. Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру.