3. Жаңа сабақты түсіну Жұптық жұмыс:
Мақсаты: тәуелсіз айнымалы және тәуелді айнымалы ұғымдарын түсіну Тапсырма 1.
Сабақта мұғалім Айжан мен Дарханға квадраттың қабырғасы а=2см; 5см; 7см болғанда оның периметрін (Р) табуды және Р айнымалысының а айнымалысына тәуелділігін формула түрінде жазуды ұсынды.
Олардың шешімдері төмендегідей болды.
Шешуі: Мұндағы а=2см; 5см; 7см. Егер:
а=2 болса, Р = 4*2 =8 (см);
а=5 болса, Р = 4*5 =20 (см);
а=7 болса, Р = 4*7 =28 (см).
Р айнымалысының а айнымалысына тәуелділігін Р = 4а түрінде жазуға болады. Мұндағы а - тәуелсіз айнымалы,
ал Р - тәуелді айнымалы. Себебі есептеудің нәтижесі бойынша а айнымалысының әрбір мәніне тәуелді Р айнымалысының жалғаз ғана мәні сәйкес.
Шешімдер дұрыс па? Сіз неге олай ойлайсыз?
Оқушылардың назарын тәуелсіз айнымалы және тәуелді айнымалы ұғымдарына аудару керек. Шешімдеріндегі кейбір дәлсіздіктер мен қателіктер талқыланады. Осы тапсырманы орындағаннан кейін оқушыларға функционалдық тәуелділік анықтамасы беріледі. 4. Жаңа сабақты меңгеру. Жұптық жұмыс.
Тапсырма 3.
Машина бір қалыпты жылдамдықпен 70 км/сағ жолда жүріп келеді. Машина t сағ уақыт ішінде жолды өтті. S = 70 · t км. Егер t = 1; 1,5; 3 болғанда жүрген жолды есептеңіз.
Берілген функциядағы тәуелсіз айнымалыны және тәуелді айнымалыны атаңдар.
Оқушыларды мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады. Сергіту сәті. 5. Жаңа сабақты бекіту. Жұптық жұмыс.
Тапсырма 4.
а) Кестелердегі тәуелділіктің қайсысы функционалды және функционалды емес. Жауабыңызды негіздеңіз.
x
0
1
2
3
4
y
5
0
3
2
3
x
-2
1
-2
0
3
y
5
4
9
-9
7
x
-3
2
4
-3
-4
y
1
2
-5
4
-9
x
4
5
8
9
11
y
3
4
8
6
7
ә) Берілген сандар жұбындағы функционалды және функционалды емес тәуелділікті анықтаңыз. Жауабыңызды талдаңыз және тұжырым жасаңыз..
4. (-1;4),(-2;0),(0;4),(-2;8)
Тапсырма 5.
Төмендегі суреттердің қайсысы A жиыны элеметтерінің B жиыны элементтеріне тәуелділігін көрсетеді. Шешіміңізді түсіндіріңіз.
1.
3.
2.
4 .
Тапсырма 6.
Ш (х) - баланың шешесі. Ә(х) - баланың әкесі. Төмендегі функционалдық тәуелділікпен жазылған кісі бала үшін қандай туысқандық атпен аталады?
Ш (Ә(х));
Ш (Ш(х));
Ә (Ә(х));
Ә(Ш(х)).
Дескриптор және дайын жауап арқылы өзін өзі тексереді. Мұғалім әрбір оқушыға деңгейіне қарай бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздері есепті түсініп шығаруына жетелейді.
Қосымша2.
Математика -6 Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011
Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 6 класс. Часть 2. – Изд. 2-е, перераб./ Г.В. Дорофеев, Л.Г. Петерсон. – М.: Издательство «Ювента», 2010. -128с: ил.
Қосымша3.
Математика -6 Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011
Қосымша 4.
Қосымша 5.
Сабақтың соңы 35-37 мин
мин
5.Сабақты қорытындылау. 1. Жаяу адам тұрақты v жылдамдықпен жүріп келеді. s жүрген жол –.............. айнымалы шама, ал t уақыт –....................... айнымалы шама.
2. Квадрат периметрі P = 4a формуласымен анықталады, мұндағы a – квадрат қабырғасы .................... айнымалы шама, ал P – периметр ....................... айнымалы шама.
3. S квадрат ауданы – .................... айнымалы шама, ал оның a қабырғасы – ..................... айнымалы шама.
4. D дөңгелектің диаметрі – ............ айнымалы шама, ал оның R радиусы – ........... айнымалы шама.
5. 3 сағат уақыт аралығында орындалған A жұмыс көлемі – ................................... айнымалы шама, ал жұмыс өнімділігі – .......................... айнымалы шама.
6. 5 дәптердің құны – ...................... айнымалы шама, ал бір дәптердің құны – ........................ айнымалы шама.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім;
- нені толық түсінбедім;
- немен жұмысты жалғастыру қажет.
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар
Оқушыларға ашық сипаттағы тапсырма ұсынылады оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.
Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалау ұйымдастырылады. Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды.
Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады.
Сабақ ортасында «Көз жаттығуы» сергіту сәті жасатылады.