Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
6.4В бөлім: Шамалар арасындағы тәуелділіктер
|
Мектеп: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Каражигитова К.Е.
|
Сынып: 6
|
Қатысқандар саны:
|
Сынып: 6
|
Сабақ тақырыбы
|
Шамалар арасындағы тәуелділіктердің берілу тәсілдері: аналитикалық, (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)
|
6.5.2.5 шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығару;
|
Сабақ мақсаты
|
Оқушылар:
• шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептерді шығара біледі.
|
Бағалау критерийлері
|
Оқушы:
берілген функциядағы тәуелсіз айнымалыны және тәуелді айнымалыны атайды;
функционалды және функционалды емес тәелділікті ажыратады;
тура пропорционалдықты қолданып, есеп шығарады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
шамалар арасындағы тәуелділіктерге түсіндірме жасайды ;
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
шамалардың арасындағы тәуелділік;
қашықтық, жылдамдық, уақыт;
жұмыс, өнімділік, уақыт;
баға, мөлшер, құны;
масса, тығыздық, көлем;
аудан, ұзындық, ені;
ерітіндідегі заттың массасы, концентрация, ерітіндінің массасы
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
... тәуелділігін формула арқылы береміз;
… шамасын тәуелділіктің формуласынан … арқылы өрнектейміз.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне деген құрмет құндылығын өзін-өзі, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын дарыту
|
Пәнаралық байланыстар
|
Шамалардың арасындағы өзара тәуелділікті орнату біліктілігі практикалық мәні өте зор. Физикада және химияда прибормен өлшеуге келмейтін жағдайларда тәуелділіктердің формулалары арқылы шамалардың мәндерін табуға болады.
|
Бастапқы білім
|
Формулаларды (қашықтық, жылдамдық, уақыт, тіктөртбұрыштың ауданы және т.б.) біледі. Теңдеудің белгісіз компоненттерін таба алады, алгебралық өрнектің мәнін таба алады. Координаталары бойынша нүктені координаталық жүйеде сала біледі.
|