Теңүдемелі қозғалыс.
Дене козғалғанда оның жылдамдығы тұрақты болуы немесе өзгеріп отыруы мүмкін. Дененің жылдамдығы тұрақты болса, ондай қозғалыс ты бірқалыпты қозғалыс деп атайды. Ал дененің жылдамдығы өзгеріп отырса, ондай қозғалысты айнымалы қозғалыс дейді.Теңайнымалы қозғалыстардың қарапайым түрлеріне теңүдемелі және теңбаяулайтын қозғалыстар жатады. Теңүдемелі қозғалыс кезінде жылдамдық бірқалыпты артады. Теңбаяулайтын козғалыстың жылдамдығы әрбір уақыт бірлігінде бірдей шамаға кеміп отырады.
Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттау үшін удеу деп аталатын шама енгізіледі.
Үдеу — жылдамдықтың өзгеру шапшандығым сипаттайтын шама; ол жылдамдық өзгерісінің осы өзгеріс болган уақыт аралығына қатынасын береді.
Халыкаралық бірліктер жүйесінде (SI) үдеу 1 м/с2 -пен өлшенеді.
Механикалық құбылыстарды әр түрлі санақ жүйелерінде қарастыра отырып, Галилей келесі тұжырымғы келді: бірдей бастапқы шарттарда өзара қатысты бір қалыпты қозғалған кез келген инерциялық санақ жүйелерінде барлық механикалық құбылыстар бірдей өтеді. Бұл қағида Галилейлің салыстырмалық принципі деп аталады.
Электромагниттік толқындар ашылуына және жарықтың электромагниттік табиғаты анықталуына байланысты электромагниттік құбылыстарға салыстырмалық принципті пайдалану мүмкіншілігі туралы сұрақ туындады.Максвелл теориясында электродинамика заңдарына сәйкес электромагниттік толқындардың таралу жылдамдығы толқын көзінің және байқаушының жылдамдығына тәуелсіз,тұрақты болу керек.Ал,шынында,жарықтық жылдамдығы санақ жүйесін таңдауына тәуелді ме деген сұраққа жауапты тек қана тәжірибе бере алады.