Жасушаның химиялық құрамы. Су және басқа бейорганикалық заттар, олардың жасушаның тіршілік әрекетіндегі рөлі.
МАҚСАТЫ
Жасушаның химиялық құрамы мен ондағы жеке эелементтерге тоқталу. Адам ағзасында кездесетін элементтердің қай мүшеге әсер ететінін баяндау. Су және басқа қосылыстардың пайдасы мен ерекшелігіне мән бере отырып сабақ жүргізу.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ
Берілген тақырыптың өзектілігін таба алады;
Мәтін бойынша жұмыс жасауға дағдалынады;
Тапсырманы өз беттерінше орындауға үйренеді;
Ой бөлісі мен пікір алмасуға дағдыланады;
Сынып оқушыларымен қарым-қатынастары өрбиді;
Қойылған мәселені жетік меңгеріп одан әрі өрбітеді;
Адамгершілік, экологиялық тәрбие алады;
КЕЗЕҢДЕРІ
САБАҚТАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТ
ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯ
БАҒАЛАУ
РЕСУРСТАР
Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
Сабақ амандасу, сынып оқушыларын түгендеуден басталады. Үй тапсырмасын «Жұптық әңгіме» жүргізу арқылы бекіту. Мұғалім тарапынан бағыт-бағдар беріліп отырады.
Оқушыларға деген сабақ тақырыбына қатысты ой тастау
Үш тілдік сөздік, биологиялық сөздік, жануарлар энциклопедиясы.
Қызығушылықты ояту (3 минут)
Өзіндік зерттеу сәті.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау үшін тақырыпты өз бетімен оқу ұсынылады, тірі ағзалардың химиялық құрамы мен олардың негізгі ретін бастама сұрақ арқылы оқушылардың өздеріне анықтату, сабақтың мақсатын оқушылардың өздеріне анықтату.
Жұптық бағалау
Биология 7-сынып оқулығы
Мағынаны тану (10 минут)
(15 минут)
(5 минут)
«Бейорганикалық заттар» тірек-сызба құрастыру.
Сынып оқушыларына тақырыпқа қатысты мәтін беріледі. Мұғалім оқуды ұсынады, бағыт береді. Әр оқушыға оқу барысында талқылау жүргізуге бағыт береді. Бірінші топқа: оттек, сутек, көміртек және азот сияқты органикалық және бейорганикалық заттардың молекулаларының негізін құрайтын элементтер жатады. Бұлардың жасушадағы мөлшері 98%-ға жуық болғандықтан, олар макроэлементтер деп аталады. Сонымен қатар бұл топқа нәруыз (белок) бен нуклеин қышқылдарының құрамына кіретін күкірт пен фосфор да кіреді. Бұларды биоэлементтер деп атайды.
Екінші топқа: ион түрінде кездесетін калий, натрий, кальций, магний, темір, хлор сияқты және т.б. элементтер жатады. Бұлардың жасушадағы жалпы мөлшері 1%-ға жуық. Бұл элементтердің қысқаша жасушада ерекше қызметтер атқарады. Мысалы, кальций мен фосфор сүйек ұлпасының құрамына кіреді, оның беріктігін арттырады. Сонымен қатар кальций элементі қанның ұюына қатысады. Ал гемоглобин нәруызының құрамында темір болады, ол оттекті өкпеден ұлпаларға тасымалдайды. Өсімдік жасушасындағы хлорофилл пигментінің құрамындағы магний элементі фотосинтез процесін тездетеді. Үшінші топқа: жасушада өте аз мөлшерде кездесетін элементтер жатады. Олардың жасушадағы мөлшері 0,02% болатындықтан микроэлементтер деп аталады. Микроэлементтер өсімдіктер мен жануарлар жасушаларында жүріп жатқан биохимиялық процестерге тікелей қатысады.
Топырақтың құрамындағы микроэлементтердің өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі маңызы ерекше. Өсімдіктер мен жануарлар белгілі бір микроэлементтерді табиғаттан алып, өз жасушаларында жинақтайды. Мысалы, теңіз балдырлары судан йодты сіңірсе, ал кейбір өсімдіктер судағы кобальтты жинақтайды. Никель — ұйқы безінде, молибден — мидың ақ затында, қалайы — тілдің сілемейлі қабықшасында, кадмий — бүйректе, барий — көздің торлы қабығында, бор — май ұлпаларында, хром— гипофиз безінде және т.б. жинақталатындығы анықталған. Әйткенмен де, топырақтың құрамындағы микроэлементтердің мөлшерінің кемуі немесе артуы.
Мәтінді «Түртіп алу» әдісі бойынша құстардың құрылысы тұрғысынан ерекшеліктерді саралай оқиды. Оқушылар өзара зерттеушілік әңгіме жүргізеді: «бәлкім», «мүмкін», «солай емес пе» және т.б. сөздерді қолданады.