Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып, кескін картаға 3 мемлекетті түсіру.
Рефлексия: «Нысана» әдісі
Атлас және кескін карта,
стикерлер,
маркер.
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Сабақ айтылым, жазылым және тыңдалым мақсаттарына сай жеке, жұптық, топтық оқыту әдістерін оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ барысында белсенді әдіс-тәсілдер тиімді қолдандым. Оқушыларға жақсы психологиялық көңіл-күй тудыру мақсатында шаттық шеңбері арқылы сәттілікке бағыттап, екі топқа бөлінді. Тақырыпқа сай видеосюжет көрсету арқылы сабақтың мақсатын айқындап алдым. Қолдану деңгейі бойынша кестеде берілген жер бедері түрлерін «кластер» әдісі бойынша топтастырды.
«Бейнесін тап» әдісі бойынша кестедегі нысандарды кескін картаға белгілеп, биіктік шкаласы бойынша түстерге бояп сараптайды. «Гауһартастар иерархиясы» әдісі бойынша екі топтың оқушылары, Жер бедерін генетикалық жіктелуі бойынша ерекшелігін дәптерге жазып, қорытындылап, жинақтайды. Белсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланып, топқа бөліп оқыту барысында, сыныптың сабаққа қызығушылықтары оянып, үлгерімі төмен оқушылардың белсенділігі артады.
Сабақтың әр кезеңінде оқушыларды, бағалаудың жаңа белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаландым. Ой шақыру кезінде «қол шапалақтау» арқылы өзара бағаланды. Жеке жұмыс кезінде: «бір сөйлеммен түйіндеу», жұптық жұмыс кезінде «температураны өлшеу», топтық жұмыс кезінде «дәптер алмасу», бекіту кезеңінде «басбармақ» әдісін тиімді пайдалануға болады. Оқушылармен кері байланыс кезінде «нысана» әдісін пайдалану арқылы сабақтың өз мақсатына жеткені, жетпегені туралы қорытынды шығаруға болады. Тапсырма бойынша бағалау критерийлері алынып, қалыптастырушы бағалаулар жүргізілді.
АКТ-ны қолдану кезінде оқушылардың қажеттілігіне байланысты пайдалануды қамтамасыз ете отырып, 15 минуттан артық қоспау керектігін қамтамасыз етіп отырдым.