Қысқа мерзімді курс тыңдаушылардың топтық жоба жұмысы. Тақырыбы



бет2/12
Дата15.06.2023
өлшемі46,69 Kb.
#101602
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Жоба

Жобаның өзектілігі
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу- тәрбие үрдісін жүзеге асыру мектепке дейінгі мекемелердің алдында қойлып отырған басты міндеттердің бірі. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі балаларда бұл міндеттерді шешуде, өмір дағдыларын қалыптастыруда сюжеттік-рөлдік ойының маңызы зор.


Мақсаты:
Мектепке дейінгі ұйымның тәрбие- білім беру үдерісінде сюжеттік ойынды қолдану.Сюжеттік-рөлдік ойын арқылы баланың бойында тапқырлық, белсенділік,шығармашылық, ойлау қабілеттерін қалыптастыру.


Міндеттері :
Балалардың тілің дамыту,сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін , дүние танымын жетілдіру.
Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілеттерін дамыту ойдан әңгіме ,ертегін шығарып айтуға дағдыландыру.
Балаларды адамгершілекке баулу, ойлаған ойын нақты жеткізе алуға ынталандыру.
Сюжеттік ойындар құрылымы: (Д.Б Эльконин бойынша)
Бала өзіне алатын рөл
Ойын әрекеттері-рөл жүзеге асырылатын әрекеттер
Затты ойын түрінде қолдану-нақты затты ойынмен алмастыру.
Сюжет-қиялдағы жағдай
Ойын ережелері
Ойнайтын балалар арасындағы нақты қарым-қатынас
КІРІСПЕ

Ойын – бұл баланың рухани дүниесіне оны қоршаған ортасы туралы
ұғымдардың және түсініктердің жандандыратын ағыны енетін үлкен жарық терезе
сияқты, деп Сухомлинский В.А. жазған болатын.
Қазіргі заманда мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жағдайы жаңаруда
және дамуда. Жаңа Мемлекеттік стандарт мектепке дейінгі білім беру
қызметінің негізі болып базистік оқу жоспары анықтайтынын педагогтың іс-
әрекеті емес, бала - педагогикалық процестің субъекті ретінде болатынын
көрсетеді. Біртіндеп қиындап отырған ойын іс-әрекетінің міндеттері балаға
алға жүруді, өз шығармашылық қасиеттерін дамытып, өздігінен жетілуге
мүмкіндік береді. Ал ойын - сауық, демалыс ретінде бола тұрып, оқытуға,
шығармашылыққа, адам қарым-қатынастарының өмірдің әр-түрлі салаларында
көрінудің, оларды модельдеуіне айналуға мүмкін.
Еркін сюжетті-рөлді ойын — мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ең
қызықты іс-әрекет. Оның тартымдылығы — ойнай отырып, бала субъективті
еркіндікті сезінеді, тәжірибелік туынды іс-әрекеттегі қарсылықтарға тап
болып, қиынға түсетіндердің барлығы — заттардың, әрекеттер және қарым-
қатынастардың оған тәуелді екенін сезінеді. Сонымен қатар, педагогикалық
әдебиетте балабақшадағы балалардың ойын іс-әрекеті тиісті деңгейіне жете
алмайтыны туралы мәселе бірнеше рет көтерілген болатын. Ойын — кез келген
әрекет сияқты бей-берекет пайда болмайды — ересектер тарапынан
қалыптастырылады. Балалар ойнай алу үшін олардың саналарында эпизод-
әрекеттердің жиынтығы тұрақталу тиіс. Балалар қандай әрекеттерді орындау
керек екенін білулері қажет және меңгерген білімдерінен тек осындай лайық
сәттерді таңдай біліп, оларды қиялдан құрылған жаңа сәттер ойлап таба
білулері тиіс. Сондықтан тәрбиешінің бала ойынын ұйымдастыру технологиясын
меңгеру мәселесі айрықша өзекті болып отыр.
Осы әдістемелік нұсқауларда сюжетті ойынды ұйымдастырудың жаңа әдісі —
модельдеу арқылы ұсынылып отыр. Әзірленген модельге сүйене отырып, тәрбиеші
балаларға алдағы уақытта бақылаған оқиғалардың эпизодтарын, қатысушылардың
әрекеттерін, әр бір нақты қатысқан адамдарды, әр бір әрекет етушінің
міндеттерін, олардың қарым-қатынастарының мазмұнын еске түсіруге
көмектеседі. Модельдеу процесінде тәрбиешінің міндетіне баланың барлық
мүмкіндіктерін барынша өзектеуді қамтамасыз ететін ойынды басқаруды
ұйымдастыру кіреді. Осылайша ойынның нәтижелі де қарқынды жоспарлауы, ойнау
дағдыларының біртіндеп қиындатуы жүзеге асады.
Ұсынылып отырған модельдер қазіргі заманның барлық салаларын қамтып,
құрамына әр түрлі тақырыптар кіреді: тұрмыстық, өндірістік және қоғамдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет