Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Бөлім атауы: Отбасы құндылықтары
|
Мектеп: ҚОМ ММ
|
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Г.Мекеева
|
|
Кәсіби даму мақсаты:
|
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау, көркем тілде жүйелі сөйлеу дағдысын дамыту
|
|
Сынып: 5 Т1
|
Қатысқан оқушылар саны: 20
|
Қатыспағандар:
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Т.Нұрмағанбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі
|
|
Сабақтың түрі:
|
Жаңа сабақ
|
|
Оқу бағдарламасына сілтеме
|
5А/И2.5.Т/Ж1. Т/Ж2.Әдеби шығарманың тұжырымдамасы
|
|
Сабақтың оқу мақсаты:
|
Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.
|
|
Бағалау критерийлері:
|
Барлық оқушылар орындай алады:
Шығарманың мазмұны мен тақырыбын меңгереді, идеясын анықтайды.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Шығармадағы сөздердің мағынасын түсініп, тапсырмаларды орындай алады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Шығарма бойынша берілген күрделі сұрақты талқылай алады және пікір айта алады.
|
|
Дағдылар:
|
Түсіну және жауап беру
|
|
Тілдік мақсаттар:
|
Оқушылар отбасы мүшелерінің атауларын және ана туралы көркемдегіш сөздерді меңгереді. Шығармадағы мұң, қасірет, жетім сөздерінің мағынасын түсінеді.
|
|
Сабақта қамтылатын құндылықтар:
|
Оқушылардың отбасына деген құрметін қалыптастырады, өзіне деген жауапкершілікті арттырады.
|
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақстан тарихы, музыка, бейнелеу өнері, театр, т.б. өнер түрлерімен байланыс жүзеге асырылады.
|
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интерактивті тақта мен ғаламторды пайдалана білу
|
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
М.Қабанбайдың «Бауыр» әңгімесі бойынша «Қалидың мінез-құлқындағы өзгерістердің себебі неде?» деген тақырыпта әдеби эссе жазады.
М.Қабанбай «Бауыр»
http://kitap.kz/index.php/catalog/audiobook/2302-bauyr_audiobook_marat_k
|
|
Жоспар
|
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дереккөздер
|
|
Сабақтың басы
4 минут
3 минут
5 минут
|
Қызығушылығын арттыру.Тыңдалым алды тапсырма
Мейрамбек Беспаевтың орындауындағы «Ару ана» әнін бейнеклиптен тыңдайды.
Оқушылар осы ән арқылы талданатын әңгіменің идеялық мазмұнын болжап, талқылайды.
«Ару ана» әнін тыңдату.Ару ана
әні: Құралай Сәтмұхамбетова
Өз балаңнан артық бала бар ма, ана?
Мәз боласың жарай қалсам шаруаңа
Теңізді де кешіп өтіп жетпей ме
Жан ботасын сағынғанда, ару ана?
Ару анасың, мен ботаңмын, жан ана,
Сенсіз менің бақ жұлдызым жана ма?
Сенсіз менің айым туып алдымнан,
Атым шауып, бас бәйгені ала ма?
Асыл анам, сенен қуат алайын
Алдым сенен алтын таңның арайын
Сенің ғана жанарыңда тұратын
Мейірімді қайдан ғана табайын?
Тыңдалым тапсырмасы
Ән мазмұны бойынша бір сөйлемнен жазып, кезектесіп оқиды.
С. Ойқозғау
Оқушылар әннің мазмұнына өз пікірлерін қосып, талдау жасайды.
Ана сөзімен қандай сын есімдерді тіркестіріп айтуға болады?
- Ана туралы тағы басқа қандай әндер, өлеңдер білесіңдер? /Оқушылар өздері білетін ән-жырларын айтады./
Сонымен, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?
Адамның бұл дүниедегі ең аяулы адамы кім деп ойлайсыңдар? Неліктен?
|
https://www.youtube.com/watch?v=ner17FXijdA
Мейрамбек Беспаев - Ару ана
Презентация
|
|
Сабақтың ортасы
2 минут
3 минут
5 минут
3 минут
7 минут
5 минут
|
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады.
Біз бүгінгі сабақта Тынымбай Нұрмағанбетовтың «Анасын сағынған бала» әңгімесімен танысамыз.
Оқылым алды тапсырмаОқушыларға жазушы жайлы қысқаша мәлімет беріледі.
Түрткі сұрақтары:
Бала анасын неге сағынады?
Автор әңгіменің тақырыбын неге бұлай атады?
Әңгіменің мазмұны қандай оқиғалардан тұруы мүмкін?
Оқылым тапсырмасы Білу және түсінуОқушылар әңгіменің кіріспесін оқиды, сөздік жұмысын жүргізеді.
Сөздік жұмысы:Мұң –Қасірет – Жетім –
Талдау және жинақтау Шығарманың алғашқы 2 бетінің көшірмесі мен сұрақтар тізімі бар парақтар таратылады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді, тақырып пен идеяны анықтайды.
Шығарманың тақырыбы не?
Шығарманың беретін идеясы не? /Анасын сағынған баланың қасіреті/
Баланың бейнесіне сипаттама беріңіз.
Оқылымнан кейінгі тапсырма
Қолдану Оқушылар өз аналарына арнап бір шумақ өлең шығарады.
Бағалау.
|
http://zhasorken.kz/?p=13003
http://massaget.kz/layfstayl/madeniet/music/848/
Презентация
|
|
Сабақтың соңы
минут
|
Рефлексия.-Әңгімені қанша бөлімге бөлуге болады?
Ықтимал жауаптар:Ауылға келген қонақ, Ән.Сержан мен қонақ. Қонақтың уәдесі.Балмұздақ.Алматыға аттаныс.Өкініш.
Үйге тапсырма: Т.Нұрмағанбетовтың «Анасын сағынған бала» әңгімесін толық оқу.
|
|
|
|
Қосымша ақпарат
|
|
|
|
|