Құралай рахымбай



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата03.03.2017
өлшемі6,71 Mb.
#6505
  1   2   3   4   5   6

Құралай РАХЫМБАЙ

Дастанбек САДЫҚ

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін.

Мағжан

№ 40 (162)

6 қазан, 2016 жыл

  

ОТБАСЫ ҮЛГIСIНДЕГI 

БАЛАЛАР АУЫЛЫ

Өңірімізде  2015  жылы  «Атамекен» 

отбасылық үлгідегі балалар ауылы салы-

нып,  пайдалануға  берілді.  Балалар  ауылын 

құрудағы негізгі мақсат балалардың қоғамға 

әлеуметтік  бейімделуін  жанұялық  жағдайда 

қалыптастыру. Мұнда балалардың ең кенжесі 

– 3 жаста, үлкені  –  17-де. Сегіз тұрғын үйден 

тұратын  отбасылық  үлгідегі  балалар  ау-

ылын  ашу  арқылы  Қызылордада  жетімдер 

үйі  жойылды.  Әр  шаңырақтың  Сарыарқа, 

Оқжетпес,  Үшқоңыр,  Байқоңыр,  Ақжайық, 

Алатау деген өз атауы бар. Бүгінде ата-

ананың  қамқорынсыз  қалған  балалар 

заманауи  үлгіде  жабдықталған, 

өмір  сүруге  барлық  жағдай 

жасалған ауылда тұрады.

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ              ЖЫЛ

АҚМЕШІТ ЖАСТАРЫНЫҢ              ТАБЫСЫ

25

2-бетте



4-бетте

2-бетте

ЛОГИСТИКА МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

ТЫНЫШ-ТЫНЫШ...

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компания-

сы» АҚ кеңсесінде Қазақстан мен Ре сей  дің 

ХІІІ  өңіраралық  ынтымақтастық  фо ру мы 

қарсаңында  ұлттық  компания  Бас қарма 

Төрағасы  Ахметжан  Есімов  Ресей  Фе де-

рация сындағы  бірнеше  облыс  губернатор-

ларымен кездесті.

«Ресейдің 14 өңірінен, оның ішінде 12 ше-

каралас  облысынан,  34  млн.  астам  тұрғыны 

бар  Татарстанның  Свердловск  облысынан  

көрмені  тамашалауға  көптеген  туристер  ке ле­

ді  деп  отырмыз.  Меморандумға  қол  қою  Ре-

сей  Федерациясының  өңірлерімен  ынтымақ­

тастықты  нығайтады  деген  үміттеміз»  ­  деді 

«Астана  ЭКСПО­2017»  ҰК»  АҚ  Басқарма  Төр­

ағасы  Ахметжан  Есімов.  Басқосу  барысында 

РФ  бірқатар  облысының  губернаторларымен 

ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. 

Айта  кетейік,  ЭКСПО­2017  халықаралық 

ма мандандырылған көрмесін тамашалауға ша­

мамен 5 миллионнан астам адам келеді деп кү­

тілуде.


«АТА-АНАЛАРДЫ КЕШКІ 6-ДАН 

КЕЙІН ҮЙІНЕ ҚАЙТАРУ КЕРЕК»

та-аналардың  балаларды  

тәрбиелеудегі  рөлі  мен 

жа  уап кершілігі  төмендеп 

кет  ті.  Ата-аналар  үнемі  жұмыс-

та    болғандықтан  баланың  тәр-

бие сімен  айналысуға  уақы ты  

бол майды.  Оның  ішінде  мемле-

кет тік қызметкерлер де көп. Қа-

зіргі  уақытта  тек  10-12  пайыз  

ата-аналар  ғана  мектептегі 

жи налысқа қатысады. Біздің есе-

біміз бойынша ата-аналардың 50 

па йызы  11  жылдың  ішінде  мек -

теп терге  келмейді.  Біздің  ойы -

мызша,  ата-аналарды  са ғат 

6-дан  кейін  уақытында  үй ле ріне, 

ба  ла ларына  жіберу  тәжіри бесін 

бас тау қажет», - деді Е.Са ға диев.

NO COMMENT



А

ЭКСПО-2017

МӘССАҒАН!

Міне,  қызық.  Өткен  аптада  АҚШ  сена-

торлары  қаржыдан  бас  тартты.  Үкіметті 

уақытша  қаржыландыру  туралы  резолюция-

ны  қабылдамай,  табандап  тұрып  алды.  Өзін 

де,  үкіметтік  құрылымдарды  да  ақшасыз 

қалдырды.    Оған  себеп?  Мичиган  штаты-

на  қарасты  Флинт  қаласының  тұрғындары 

қолданатын  судың  құрамынан  қорғасын  та­

былған.  Сөйтіп,  қала  тұрғындары  екі  жыл 

бойы  таза  ауыз  судан  «қағылып»  келген. 

Ал  сенаторлардың  мақұлдауына  ұсынған 

үкіметтік  бюджетте  Флинт  тұрғындарының 

мұңы  ескерусіз  қалған.  Бұған  ашуланған  се-

нат депутаттары «қарапайым халықтың ауыз 

суын  реттеуге  ақша  жетпесе,  онда  билік  те 

ақшасыз  отырсын»  деп  резолюцияны  басым 

дауыспен қабылдамай тастады. Ақыры Флинт 

те,  тасқын  судан  зардап  шеккен  Луизиана 

тұрғындарына да тиісті көмек жеткізілетін бол-

ды. Міне, нәтиже!

«Қарттары  бар  ел  –  қазыналы 

ел», ­ дейді қазақ және «қайық адасса  

кемеден сұрайды, халық адасса кө­

не ден  сұрайды»  деген  тәмсілдің 

та ғылымын  ұмытпағанымыз  жөн. 

Та рихтың  өзі  тағылымнан  тұрады, 

өткенсіз бүгін жоқ,  ол – жадымызды 

жаңғыртудың  жаршысы.  Осы  орай-

да,  қарттар  туралы  сөз  қозғағанда,  

ерлігі  мен  еңбегі  ерен,  сүйегі  асыл 

саңлақтарды  ой  елегінен  өткізіп, 

олардың ізгі жолын, үлкендік орнын, 

өнегелі өмірін көптің көңіліне салуды 

себеп етесің. 

Өздеріңізге белгілі, БҰҰ­ның  Бас 

Ассамблеясы  1990  жы лы  14  жел­

тоқ санда  1  қазанды  Халықара лық 

қарттар  күні  деп  жариялады.  Бұл  – 

елге  еңбегі  сіңген  алдыңғы  толқын 

ағаларды  ескеру  мен  бағалаудың 

бас ты қадамы. Соған сай қарт адамға 

деген  жылы  қарым­қатынасты  ор-

нату және олардың өмір сүру сапа-

сын  жақсарту  мәселесіне  қоғам  на-

зарын  аударудың  негізі  қаланды. 

Биыл  26­рет  дәстүрлі  аталып  жат­

қан мерекенің маңыздылығы қашан­

да ерекше. 

ҚАЙЫҚ АДАССА КЕМЕДЕН СҰРАЙДЫ, 

ХАЛЫҚ АДАССА КӨНЕДЕН СҰРАЙДЫ

БАСПАСӨЗ БАРШАҒА



ГАЗЕТІМ УАҚЫТЫЛЫ 

КЕЛІП ТҰР

Жас  күнімде  «Ленин  жолы»  га­

зе тінің  ешбір  санын  жібермей  оқи­

тынмын. Облыстың түпкір­түпкірінен 

хабар  алып,  игілікті  істерді  оқып 

отырамын.  Бүгінде  Елбасының 

сараб дал  саясаты  нәтижесінде 

жа ңа  мектеп,  аурухана  мен  ба ла ­

бақшалар  көптеп  пайдалануға  бе­

рі луде.  Әсіресе  халықты  тұрғын 

үймен  қамту  оңтайлы  жүзеге 

асып  жат қаны  қуантады.  Зейнет-

те  болсақ  та,  жастарға  газеттен 

оқыған  жаңалығымызды  айтып, 

мемлекеттік  бағдарламаларды  тү­

сін діремін.  Бұрын  барлық  газет 

«Қаз  Пошта»  АҚ  арқылы  келетін. 

Енді  «Сыр  медиа»  ЖШС  жаны-

нан  тарату  қызметі  ашылыпты. 

Біз  тұратын  КБИ  мөлтек  ауданын-

да  көше  атаулары  мен  үйлердің 

реттік  саны  дұрыс  қойылмаған. 

Соған  қарамастан  таратушылар 

телефонымызға  хабарласып,  үйді 

тауып алды. Пошташының сөмкесін 

асынған газет таратушылары апта-

сына үш рет үйге газетті уақытылы 

жеткізіп  отыр.  Күніне  бір  сәт  бар­

лық  газет­журналды  оқып  шығу 

әдетімізге  айналған.  Газет  шығару 

және  оны  тарату  оңай  жұмыс 

емес.  Осындай  жауапкершілігі  мол 

жұмысты  мойнына  алған  «Сыр 

Медиа»  серіктестігінің  ұжымына 

сәттілік  тілеймін!  Енді  жаңа  газет-

ке  жазылу  науқанына  да  белсене 

қатысамын. 

Үсен ТӨЛЕНБЕКОВ, 

медицина саласының ардагері

Қызылорда қаласы

Ерасыл ШӘРІБЕК

«Жай жүргенде бір күні

Атшабар келді дікілдеп:

«Ояз шықты, сыяз бар»

«Ылау»  деп,  «үй»  деп  дікілдеп…»  деген  Абайдың  бір  өлеңі  бар.  Қара 

өлең патшасының «ылау» деп отырғаны ертедегі «лау» – атты пошташы-

лар. Кей жерлерде оларды «идара» деп те атаған. Қалай болғанда да, дәл 

қазіргі  күні  өмірімізді  поштасыз,  пошташыларсыз  елестете  алмаймыз. 

Бірнеше  жүздеген  жылдар  бұрын  пайда  болып,  бүгінде  үлкен  реформа-

дан өткен бұл саланың қоғам игілігіне тигізіп отырған пайдасы ұшан-теңіз.

НАҒЫЗ ФИТНЕС

немесе ПОШТАШЫНЫҢ БІР КҮНІ

9 ҚАЗАН – ПОШТА КҮНІ



ҚҰНДЫ 

ЖӘДІГЕРЛЕРДІ 

ҚАНШАҒА 

БАҒАЛАЙСЫЗ?

ҚҰНДЫ 

ЖӘДІГЕРЛЕРДІ 

ҚАНШАҒА 

БАҒАЛАЙСЫЗ?

№ 40 (162) 6 ҚАЗАН, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ

Жалғасы. Басы 1-бетте

Жалғасы. Басы 1-бетте

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫҢ ҮШ 

САҒАСЫ ТҮГЕНДЕЛДІ

Осы  аптада  елдің  саяси  өмірінде  елеу-

лі  оқиғалар  орын  алды.  Үкімет  отыры-

сын да  министрлер  кабинеті  әлеуметтік 

са ла дағы  денсаулық  сақтау,  білім  беру, 

тұрғын  үй,  баспана,  балабақшамен  қамту 

және 

инфрақұрылымдық 

мәселелерді 

талқылады.

«Нұрлы жер» аясындағы мәселелер бірінші 

кезекте  айтылды.  Жыл  соңына  дейін  тұрғын 

үй  және  әлеуметтік  нысандар  құрылысының 

жоспарға  тиісті  деңгейде  орындалуына  на-

зар  аударылды.  Атап  айтқанда,  елімізде  25 

жылдың ішінде бір миллионға жуық отбасы бас­

паналы  болған  көрінеді.  ҚР  Үкімет  басшысы 

Бақытжан Сағынтаев нысандарды салу кезінде 

қазақстандық құрылыс материалдардың үлесін 

80  пайызға  жеткізуді  тапсырды.  Айта  кетейік, 

Елбасының  тапсырмасы  бойынша  2017  жыл-

дан  бастап  елімізде  міндетті  әлеуметтік  меди­

циналық сақтандыру жүйесі енгізіліп отыр.  



ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Пробация  туралы»  және  «ҚР  кейбір  заң-

на малық  актілеріне  пробация  мәселелері 

өзге рістер  мен  толықтырулар  енгізу  тура-

лы» заңды талқылау мақсатында Қызылорда 

облыстық  әкімдігімен  бірлесіп,  Қорқыт  Ата 

атындағы  ҚМУ-дың  Студенттер  сарайында 

дөң гелек үстел өткізілді.

«Бұл  кездесу  –  Елбасының  «100  нақты  қа­

дам»  Ұлт  жоспарын  жүзеге  асырудың  бір  тетігі. 

Өйткені  «100  нақты  қадамның»  33­қадамы  осы 

пробация  қызметін  жетілдіруге  арналған.  Яғни, 

пенитенциарлық  пробация  –  сотталғанды  үкім 

шыққан күннен бастап қоғамға қайта бейімдеу», ­ 

деді облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов. 

Мәліметтер  бойынша  түзеу  мекемелерінен  жа-

залары  неғұрлым  жеңіл  түріне  ауыстырылып, 

пробациялық бақылау белгіленіп, 258 адам есеп­

ке  алынды.  Бұл  көрсеткіш  өткен  жылмен  салыс­

тырғанда 68 адамға көбейген. 

Қазір  Қызылорда  облысында 

64  мыңдай  ардагер  бар.  Олардың 

басын  біріктіретін  ардагерлер  ке­

ңесі  жұмыс  істейді.  Әрбір  аудан-

да,  ірі  өндіріс  орны  мен  мекеме­

лерде  ардагерлердің  бастауыш 

ұйымдары  құрылған.  Мұны  үй ле ­

сім ді іс деуге болады. Өйткені олар­

дың   дерегі  электрондық  базаға 

алы  нып,  ортақ  жүйеге  орайласқан. 

Қо ғамдық  ұйымның  белсенді  қыз­

меті  мемлекеттік  тапсырыс  негі­

зін де  қаржылай  қолдауға  да  ие. 

Биыл дың  өзінде ардагерлердің қа­

ты  суымен  аймақта  жүздеген  шара 

ұйым дастырылды.  Жалпы    арда-

герлерге  қайырымдылық  көмек­

тер   де  көрсетілді.  Оның  ішінде 

тұр ғын  үйлеріне  жөндеу  жүргізу, 

са на ториялық  емге  жолдама  беру 

сынды түр лі шаралар жүзеге асты. 

Әрине,  бір  қарағанда  бәрі  де 

сәтті  секілді.  Дегенмен  өмір  қалта­

ры сында  қалт­құлт  ғұмыр  кешкен  

егде  кісілер  де  кездеседі.  Қазақ  қа­

сие тінде қартын құрметтеуі қастерлі 

парыз  десек,  бұл  аманатты  аттап  

кететін  азаматтар  да  табылады. 

Ай талық,  қарттар  үйі  бүгінгідей 

бей біт,  берекелі  заманға  сай  ма? 

Он да  мөлдіреген  жанарынан  жас 

сы ғып,  терезеден  далаға  телміріп, 

құлазыған  қанша  тағдыр  бар?  Жыл 

сайын  олардың  қатары  көбеймесе, 

азаймай  отыр.  Қарт  қазына  емес, 

қытымыр жанға айналды. Сонда да-

ладай дархан пейіл иесіміз, мейірім 

мен  қамқорлықты  аямаймыз  де-

ген  аялы  алақанның  нәтижесі  осы 

ма?  Әлде,  әке­шешесінен  безген 

безбүйрек  баланың  қарттар  үйін 

қолай  көріп,  бағып­қаққан  асылын 

мемлекеттің  меншігіне  өткізе  са-

латындай  қолды зат па еді? Зама-

на бейнесіндегі осы олқылықтан біз 

әлі біржола құтыла қойғанымыз жоқ. 

Қазағы  қалың  шоғырланған  Қызыл­

орда үшін бұл сүйекке таңба болып 

тұр.  Қарттар  күнінде  осы  мәселені 

ашып айтпасқа амал болмады.

Қажымас  қара  нарымыз  –  қарт­

тар  аман  жүрсін,  біз  перзенттік  па-

рызды аямайық!

Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  «Әділдік  тек  соттарда 

ғана  салтанат  құруы  керек»  деген  сөзі 

бар.  25  жылдық  тарихы  бар  тәуелсіз 

Қазақстанның  сот  жүйесі  өзінің  жетілу 

сатыларынан  жоғары  деңгейде  өтіп 

келеді. Әділдіктің туын биік ұстап, халық 

алдындағы міндетін мүлтіксіз атқаруда.

Тәуелсіздік  жылдарындағы  отан­

дық  сот  жүйесінің  даму  реформала-

ры  елімізде  демократиялық,  зайырлы,  

құ қықтық  және  әлеуметтік  мемлекет  

қалыптастыру  жолындағы  жүзеге  асы­

рыл ған саяси, әлеуметтік іс­шаралармен 

байланысты.  Қазақстанда  өз  алдына  

бө лек  және  тәуелсіз  сот  билігі,  тарихи  

тұрғыдан  алғанда,  өте  қысқа  мерзім 

ішін де  қалыптасты  және  қоғамдағы 

әлеу меттік дауларды заң негізінде әділ 

ше шуді қамтамасыз етудің, адамның жә­

не  азаматтың  конституциялық  құқықта­

ры  мен  бостандықтарын  қорғаудың 

се нім ді  кепіліне  айналды.  Сондықтан 

сот жүйесінде іске асырылған реформа­

лардың  мақсаттарын  жүзеге  асыру  ба-

рысында  осыған  дейінгі  алты  съездің 

әр қай сысының  алар  орны  ерекше.  

Олар  дың  әрқайсысы  тарихи  ма ңыз ды 

ше шім дер  қабылдауға,  сот  жүйесінің 

сер пі луіне негіз қалады. 

Алматы қаласында 1996 жылдың 19 

желтоқсанында  судьялардың    тұңғыш 

съезі өтті. Осы форумда Судьялар одағы 

қоғамдық бірлестік ретінде құрылды. Су-

дья Әдебінің кодексі және Одақтың фи-

лиалдары  жөнінде  ереже  қабылданды. 

Ал 1999 жылдың 25 қаңтарында өткен ІІ 

съезде делегат­судьялар «Халықаралық 

Орталық Азия судьялар ассоциация сы» 

мен  «Халықаралық  заңгерлер  одағы­

на»  кіруге  бірауыздан  дауыс  берді. 

Судьялардың  2001  жылдың  6  маусы-

мында  өткізілген  ІІІ  съезінен  кейін  өлім 

жазасына мораторий жарияланып, бар­

лық облыстарда мамандандырылған ау­

дан аралық экономикалық соттар құрыл­

ды.  Ал,  судьялардың  2009  жылы  18 

қа ра шадағы  V  съезі  көптеген  шетелдік 

сот  өкілдерінің  қатысуымен  өтті.  2013 

жыл дың  20  қарашасында  Астана  қала­

сында  өткен  VІ  съезде  Президент  сот 

қауымдастығының  алдына  5  міндет 

қойды:  заң  нормаларын  жүйелі  түрде 

же тілдіру  үшін  Үкіметке  Жоғарғы  сот-

пен бірге Азаматтық процестік кодекстің 

жаңа жобасын жасау тапсырылды, сот­

тардың  құрылымын  жетілдіру,  даулар 

мен  келіспеушіліктерді  шешудің  бала-

малы  жолдарын  енгізу,  азаматтардың 

кең  көлемде  сотқа  қолжетімділігін  қам­

та масыз  ету,  судьялар  корпусының 

кәсі билігін  арттыру  міндеттелді.  Сот 

құрылымы  5  сатылы  соттан  3  буынды 

сот  жүйесіне  ауыстырылды,  сөйтіп  сот 

өндірісі халықаралық стандартқа көшіп, 

соттың  шешімдері  күшіне  тез  арада 

еніп,  сот  үдерісін  жасанды  созбалаңға 

салудан босатты. Азаматтық істер бой-

ынша  прокурордың  қатысуымен  бо-

латын  істер  азайтылды.  Жоғарғы  сот-

та  ірі  инвесторлардың  қатысуымен 

болатын  дауларды,  Орта лық  сай-

лау  комиссиясының  шешімдері  мен 

әрекеттеріне  шағым  бойынша   және 

әкімшілік  істерді  қарайтын  мамандан­

дырылған сот алқасы құрылды.

Қазіргі таңда негізгі халықаралық рей­

тинг  көрсеткіштеріне  сәйкес  Қазақстан­

ның  сот  жүйесі  «Сот  тәуелсіздігі»  ин­

дек сі  бойынша  14  орынға  жайғасқан. 

Бұл  –  Тәуелсіз  Қазақстан  тарихындағы 

ал ты съездің алға қойған міндеттері мен 

мақ сат тарын  орындау  барысындағы  ең 

үлкен жетістік. 



Кәмшат САДУАҚАСОВА,

Қызылорда қалалық сотының 

судьясы

ҚАЙЫҚ АДАССА КЕМЕДЕН СҰРАЙДЫ, 

ХАЛЫҚ АДАССА КӨНЕДЕН СҰРАЙДЫ

НАҒЫЗ ФИТНЕС

НЕМЕСЕ ПОШТАШЫНЫҢ БІР КҮНІ

СЪЕЗДЕРДІҢ САЛМАҒЫ НЕДЕ?

«Сыр  медиа»  ЖШС  білмейтін  қы зыл­

ор далық жоқ. Тіпті былайғы облыстар дың  

тұрғындары  да  ақпараттық  қызметті  ұсы­

нушы  компанияны  біледі.  Медиа  нарықта 

өзіндік орны бар компания жыл ортасында 

жаңа қызметті атқаруды өз мойнына алды. 

Осы  уақытқа  дейін  құрылымның  басы-

лымдарын «Қазпошта» АҚ таратып келсе, 

2016  жылдың  екінші  жарты  жылдығынан 

бастап «Сыр медиа» басылымдарын тара-

туды өз қолына алды. Өйткені, газет – та-

уар. Ол тұтынушыға уақытылы жетуге тиіс 

және  оқырман  ақпаратты  дер  уақытында 

оқу қажет. Бұл бір жағынан газетке жазы-

лым  бағасын  өсірмеудің  жолы  болатын. 

Халықаралық  пошташылар  күніне  орай 

«Сыр медиа» ЖШС газет тарату бөлімінің 

бір  күндік  жұмысымен  таныстық.  Соны 

баян етейік. 

Бүгінде мекеменің газет тарату бөлімі 

қы зу  жұмыста.  250­ге  жуық  адам  об лыс­

тың  сая  си,  әлеуметтік  өмірінен  ақпа рат 

таратуды  көздейтін  басылымдарды   тиісті 

орын  дарға жөнелтуі тиіс. Газет редак ция­

дан  баспаханаға  өтіп,  басылым  ма ши­

на дан  түптеліп  шыққаннан  кейін  сұрып­

таушылардың игілігіне тиеді. «Сыр медиа»  

ЖШС­ның құрамындағы үш облыстық, бір 

қалалық, жеті аудандық басылымды тара­

туға  даярлау  солардың  мойнында.  Сегіз 

сұрыптаушының  қолынан  шыққан  бума 

газеттер  көліктерге  тиелген  соң  біршама 

бума  аудандарға  жөнелтіледі.  Ал  халық 

көп  шоғырланған  қалаға  тарату  қызметін 

45  пош ташы  жүзеге  асырады.  Тара-

ту  бөлімі  қала ны  41  аймаққа  бөлген.  Әр 

аймаққа  бір  пошташыдан.  Олар  үй­үйді 

аралап,  тұрғындарға  жазылған  газеттерін 

жеткізіп береді. Ал 4 пошташының қызметі 

– ірі компаниялар мен мекемелерге, білім 

ошақтарына  баспадан  шыққан  газетті 

жеткізу. 

Динара  Нағашыбаева  машықтанған 

пошташы емес. Біршама уақыт үй шаруа­

сында  болған  ол  «Сыр  медианың»  га-

зет  тарату  қызметі  ашылғанда  жұмысқа 

орналасқан.  Бүгінде  ол  Арай­2  мөлтек 

ауданындағы 8 көп қабатты тұрғын үй мен 

жеке  баспаналарға,  Сырдария  мөлтек 

ауданындағы  20  көпқа батты  тұрғын  үйге 

газет  таратады.  Динара  мұнда  жұмысқа 

орналасқанына қуанышты. Әр әйел заты­

ның  арманы  артық  салмақтан  арылу  ғой. 

Ол  осы  жұмысқа  орналасқалы  сегіз  келі 

салмақтан  арылыпты.  Айтуынша,  пош­

ташы болу тек жұмыс емес, нағыз фитнес. 

– Таңертең сағат жеті­жеті жарым ара­

лығында  тарату  бөлімінен  тиісті  газетті 

алып  кетемін.  Содан  сағат  тоғызға  дейін 

таратып  шығамын.  Әрине,  көпқабатты 

тұрғын  үйлердің  тұрғындары  күндіз 

жұмыста  болады.  Балалары  мектепте  не 

балабақшада. Пәтерде газетті алар ешкім 

жоқ. Подъездерде пошта жәшігі жоқ. Амал-

сыз газетімді арқалап кешке үй аралауыма 

тура келеді. Жұмысымда көпқабатты үйге 

газет тарату қиындық туындатады. Әзірге 

қабақ  шытып,  жұмысыма  мін  айтқанды 

көрмедім де, естімедім де, ­ дейді ол.

Динарамен бірге біз де газет тараттық. 

Сырдария  мөлтек  ауданынан  бастап, 

Арай­2 мөлтек ауданына дейін араладық. 

Пошташы 


келіншектің 

айтқанындай, 

пәтерлерде  ешкім  болмайды.  Қоңырау 

басып, уақыт жоғалту көп болды. Ал зей-

нет  жасындағы  кісілер  Динараны  құдды 

жақын  танысын  көргендей  құшақ  ашып 

күтіп  жүреді  екен.  Алдымен  сә лемдесуді, 

содан  кейін  газетін  ұсыну  пош ташының 

үйреншікті әдеті.

– Қызыма дән разымын. Газетті уақы­

тылы  әкеледі.  Шілде  айында  газетіміз 

кешігіп,  біраз  мазасызданғанымыз  рас. 

Өйткені  күнделікті  Сыр  елінің  жайы  мен 

жағдайынан  хабардар  болу  парызым 

ғой.  Әрі  зейнеткерге  ермек  керек.  Сол 

газет  кешіккен  уақытта  бірнеше  мәрте 

редакцияға  хабарласып,  жөнімді  айттым. 

Олар да болған жайды баяндады. Жұмыс 

бір  арнаға  ойысу  үшін  көп  еңбек  керек. 

Сырмедиалықтар бір асуды бағындырды, 

көп  шаруаны  игерді.  Қазір  газетім 

кешікпейді, ­ дейді Ағираш Сембекова. 

«Газет  –  тауар».  Динара  да  солай 

дейді. Алты ай немесе жылға жазылу үшін 

ақша  төленгеннен  кейін  тауарды  жеткізу, 

тауардың бүлінбеуін, газеттің қолға тиюін 

қамтамасыз ету пошташының міндеті. Ди-

нара  үй  иесі  болмаса  газетті  қыстырып 

кету дегеннен аулақ. Бір үйге бірнеше ай-

налып  соғуға  бар.  Тауарды  тауар  иесінің 

қолына беруді құп көреді. Әрине, шаршау­

шалдығу бар, бірақ жауапкершіліктің жөні 

бөлек. 

Арай­2  мөлтек  ауданының  өз  ерек­



шелігі бар. Динараның аралауы тиіс аймақ 

өте тығыз орналасқан. Саяжайлық негізде 

қаланған мөлтек ауданда адамнан ит көп 

екен.  Шәуілдеп  көше  басынан  күтіп  ала-

ды. Динараның өжеттігіне қайранмын, аба-

лап  келген  төбетті  төбесінен  шыбықпен 

түртті де жөніне жүре берді. Әлгі ит те не 

болғанын білмей дал.  

– Велосипед болса дейміз. Өзімде бар, 

бірақ ескі. Бірде ана жері, бірде мына жері 

бұзылып,  әбігерге  түсіреді.  Су  жаңа  ве-

лосипед  болса,  газетті  жеткізу  жылдам-

дай  түседі.  Басшылық  жуырда  «темір 

тұлпармен»  қамтамасыз  ететінін  айтты.  

Қуанып  қалдық.  Ең  бастысы,  сапалы  жұ­

мыс істесек болғаны, ­ дейді Динара.

«Сыр медиа» ЖШС тарату қызметі бір 

арнаға түсті. Мұндағы басты қағида – ба-

сылымды тиісті орынға уақытында жеткізу. 

Тарату бөлімінің басшысы Жанар Алтын-

басова пошташылардың жылдам әрі сапа-

лы жұмыс істеуін талап етеді. 

Қадірлі  пош ташылар,  мерекелеріңіз­

бен!


№ 40 (162) 6 ҚАЗАН, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет