Мұғалімнің аты-жөні
|
Картанбаева А.
|
Пән/сынып
|
6 «А»- сынып. Қазақ әдебиеті
|
Күні
|
21.11.2022ж.
|
Тарау немесе бөлім атауы
|
ІІ бөлім:
Абайды оқы, таңырқа!
|
Сабақтың тақырыбы
|
1-сабақ. Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі
|
Оқу мақсаты
|
Т/Ж4 Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту;
А/И3 Шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, эпитет, метонимия, ирония ) анықтау
|
Сабақ мақсаты
| |
Бағалау критерийлері
|
- өлеңді мәнерлеп оқи алады;
- өлең құрылысына талдай алады;
- ақынның суреткерлік шеберлігін ажырата алады;
- шығармадағы көркемдегіш құралдарды таба алады.
|
Уақыты
Кезеңдері
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
1 минут
Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабаққа кіріспе
|
Сәлеметсің бе, жас дос? Қазақ әдебиеті сабағына қош келдіңіз.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен бағалау критерийлерін оқушыларға таныстырады.
Алдыңғы тақырып бойынша оқушыларға сұрақтар қояды.
Кім?
Қашан?
Қайда?
Қанша?
Қандай?
|
3 топқа бөлінеді:
«Абай» тобы
2.«Ибраһим» тобы
3. «Телғара» тобы
|
Бағалау критерийлері
- өлеңді мәнерлеп оқи алады;
- өлең құрылысына талдай алады;
- ақынның суреткерлік шеберлігін ажырата алады;
- шығармадағы көркемдегіш құралдарды таба алады.
|
Слайд, бейнероликтер
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу
|
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі туралы бейнеролик. Өлеңнің жазылу тарихы. Өлеңді мәнерлеп оқу.
Дәптермен жұмыс. Сөз сыры.
|
Оқушылар өлең үзіндісін жатқа айтады, мәнерлеп оқиды.
|
Топ басшылары өз топтарындағы оқушыларды +1 ақылмен бағалап отырады.
|
Ақыл қима қағаздары
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
|
2-тапсырма
Өлең мазмұнында автор жастарға қандай талап қояды?
3-тапсырма
Өлеңде ақын атап көрсеткен адам бойындағы ұнамсыз қасиеттерді теріп жазыңыз.
4-тапсырма
Берілген өлең жолдарындағы ерекше белгіленген сөз тіркестерін
көркемдегіш құралдарға ажыратыңыз.
5-тапсырма.
Өлең құрылысына талдау жасаңыз.
|
Өзіңді тексер!
Өлеңі бар өнерлі жастар – талапты, көңіл көзі ашық, көкірегі сезімді, тілі орамды, сергек, түзу ниетті.
Өзіңді тексер!
Тасыр, дөрекілік, қисық-қыңыр, сәнқой, даңғой, керім-кербез, арсыз.
|
Дескриптор:
-өлең жолдарынан автордың жастарға қоятын талабын теріп жазады.
Дескриптор:
-адам бойында кездесетін ұнамсыз қасиеттерді теріп жазады.
Дескриптор:
-сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді;
-көркемдегіш құралдарды ажырата алады.
Дескриптор:
-өлең құрылысына талдай алады.
|
Тапсырмалар жазылған ресурс парақтары
|
Рефлексия
7 мин.
|
https://www.mentimeter.com/app
|
Оқушылар телефон арқылы сілтеме бойынша mentimeter арқылы сабақтан алған әсерімен бөліседі.
|
|
|