Қысқа мерзімді сабақ жоспары



Дата07.01.2022
өлшемі457,69 Kb.
#19705
түріСабақ
Байланысты:
хим тепе тендык улгы кмж

Қысқа мерзімді сабақ жоспары











Пән: Химия

Мұғалімнің аты-жөні:

Дата:

Класс: 8

Оқушы саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Қайтымды реакциялар


Сабақтың тақырыбы

Лабораториялық жұмыс «Қарапайым қайтымды реакциялар»

Химиялық тепе – теңдік.



Бастапқы білім

Қарапайым химиялық реакциялар

Химиялық реакция жылдамдығы



Оқыту мақсаттары

химиялық тепе – теңдікті динамикалық үдеріс ретінде түсіну

химиялық тепе-теңдікті бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіру



Сабақтың мақсаттары



- химиялық тепе – теңдікті динамикалық үдеріс ретінде түсіну

- химиялық тепе-теңдікті бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіру

Бағалау критерийлері

  • суреттің қайсысында химиялық тепе – теңдік, яғни динамикалық процесс берілгендігін анықтай алады

  • химиялық тепе – теңдіктегі динамикалық үдерісті түсіндіреді

  • химиялық тепе – теңдік орнаған кезде реакциялық жүйедегі бөлшектермен қандай өзгеріс болатынын айтады

  • химиялық тепе-теңдікті бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіреді

  • химиялық тепе – теңдікке анықтама береді

химиялық тепе теңдік константасын жазады

Тілдік мақсаттар


Тепе-теңдік, динамикалық, ұстаным, тұрақты, реагенттер, өнім, температура, қосарлы бағдарша, қысым

айналмайтын, алға, баяулату, тең, ұлғайту


Егер біз концентрацияны/температураны/қысымды өзгертсек, онда

Біз ... жолымен реакцияны қайтымды ете аламыз



Егер температура көтерілсе, онда

Біз осы реакция үшін кері реакция өткізе аламыз ба?

Ия, егер біз.… /Жоқ, себебі

Құндылықтарды

дарыту

Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу.

Ұлт денсаулығын нығайту


Оқушының логикалық ойлау дәрежесін, қарым-қатынасын, жауапкершілігін арттыру
Жаһандық азаматтық

Пәнаралық байланыстар

Пән

Кезең

Математика

Теңдеуді теңестіреді

Дифференциация

Барлық оқушылар

химиялық тепе – теңдікті динамикалық үдеріс ретінде түсінеді



Кейбір оқушылар

химиялық тепе-теңдікті бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіреді





АКТ қолдану дағдылары

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Презентация

Халат кию

Қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақтың барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
0-2 мин

2-5 мин




  1. Оқушылармен амандасу.

  2. Класта жұмыс жасауға жақсы жұмыс атмосферасын қалыптастыру

Химиялық реакциялар қалай жіктеледі?

Қайтымды реакциялар дегеніміз не?


Қайтымды реакциялар деп бір мезгілде тура және кері бағытта жүретін реакцияларды айтады.
Оқушылармен бірге сабақ тақырыбын, мақсаттарды айқындау
Оқушыларға сұрақ:

1.Сутетте не байқадыңыз? Ойыңызды тұжырымдыңыз.


Сабақтың тақырыбы:

Лабораториялық жұмыс «Қарапайым қайтымды реакциялар»

Химиялық тепе – теңдік.



Сабақ мақсаты:

химиялық тепе – теңдікті динамикалық үдеріс ретінде түсіну

химиялық тепе-теңдікті бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіру



Сабақтың ортасы

5-8 мин

8 -15 мин

15- 25 мин

25-35 мин


Бүгінгі сабақта қолданылатын сөздер:

Химиялық реакция

Химическая реакция

Chemical reaction

Қайтымды реакция

Обратимая реакция

Reversible reaction


Қайтымсыз реакция

Необратимая реакция

Irreversible reaction

Химиялық тепе-теңдік


Химическое равновесие

Chemical equilibrium

Динамикалық тепе-теңдік

Динамическое равновесие

Dynamic equilibrium

Реагент

Реагент

Reactants

Өнім

Продукты

Products

Тура реакция жылдамдығы

Скорость прямой реакции

Rate of forward reaction

Кері реакция жылдамдығы

Скорость обратной реакции

Rate of reverse reaction

Химиялық тепе-теңдікке видео көрсету:


Судың жабық ыдыста қыздырылған кезде ыдырауын химиялық тепе-теңдік теориясы тұрғысынан түсіндіру.
Лабораториялық жұмыс «Қарапайым қайтымды реакциялар»

Қорытындылау
Химиялық тепе-теңдік кезінде реакциялар тоқтап қалмайды, тек қарама-қарсы реакциялардың жылдамдықтары ғана теңесетін процесс. Сондықтан оны жылжымалы немесе динамикалық тепе-теңдік деп атайды.
Динамикалық тепе-теңдікке күнделікті өмірден мысалдар келтіруге болады:

Мысалы:

Балық су ағысына қарама қарсы жүзгенде оның қозғалысы байқалмайды.




Мұғалім: Реакция басталғанда, яғни бастапқы заттардың концентрациясы жоғары болғанда, тура реакцияның жылдамдығы үлкен болады да, бірте‑ бірте азаяды. Уақыт өте келе Н2  және J2 концентрациялары азайып, НJ концентрациясы артады. Өнімнің концентрациясы көбейген сайын кері реакция басталады. Белгілі уақыт ішінде тура және кері реакция жылдамдықтары теңеседі, тепе‑ теңдік орнайды.

Тура және кері реакциялардың жылдамдықтары тең болғандағы жүйенің күйін химиялық тепе – теңдік деп атайды.


Солдан оңға қарай жазылған реакция тура, ал оңнан солға қарай жазылған реакция кері реакция деп аталады.
а А + b В « с С + d D
онда тура реакция жылдамдығы
u
® = k®[A]a ×[B]b ;
u
¬= k ¬[C]c ×[D]d


тепе – теңдік кезінде u® = u¬ , олай болса,


k
®[A]a ×[B]b = k ¬[C]c ×[D]d
Реакцияласушы заттардың концентрациясы өзгермейтін күйге келеді, оны тепе-теңдік концентрациясы деп атайды.

Өнімдердің тепе-теңдік концентрациясы, реагенттердің тепе-теңдік концентрациясына қатынасын - тепе-теңдік константасы деп атайды.



К- тепе-теңдік константасы;

[C] және [D] -реакциядан түзілген заттардың концентрациясы;



[ A] және [B] -бастапқы заттардың концентрациясы;

a, b, c, d – реакция теңдеуіндегі коэффициенттер.
Мысалы:

N2 + 3H2 2NH3

u® = k®[N2] ×[H2]3
u
¬= k ¬[NH3] 2

u® = u¬

k®[N2] ×[H2]3 = k ¬[NH3] 2


Гомогендік реакциялар үшін тепе-теңдік тұрақтысының формуласы тікелей реакция теңдеуінен шығарылады.
Гетерогендік реакциялар үшін тепе-теңдік тұрақтысының  формуласы реагенттердің  физикалық күйіне тәуелді. 
Мына реакция теңдеуіне тепе-теңдік константасының өрнектерін жазыңдар:

  1. 2SO2 + O2 2SO3

  2. N2 + O2 ↔ 2NO

  3. Na2CO3 + H2O NaHCO3 + NaOH

  4. H2 + I2 2HI

  5. 2NO + O22NO2

  6. H2 + Br2 2HBr

Тапсырма

  1. Суретте химиялық тепе – теңдік, яғни динамикалық процесс берілген.



(a) Нөмірленген қай ыдыс жүйенің динамикалық тепе-теңдікте екенін көрсетеді:

(b) Химиялық тепе – теңдік орнаған кезде реакциялық жүйедегі бөлшектермен



қандай өзгеріс болатындығын түсіндіріңіз.

(c) Химиялық тепе – теңдік дегеніміз не?



d) Қайтымды реакцияларға тепе теңдік константасын жаз



Сабақты қорытындылау

Химиялық тепе-теңдік :



https://www.youtube.com/watch?v=JsoawKguU6A&feature=related
https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/zhalpy-ximiya/ximiyalyq-reakcziyalardyng-zhuruining-negizgi-zangdylyqtary/ximiyalyq-tepe-tengdik/lesson/ximiyalyq-tepe-tengdik-zhane-tepe-tengdik-turaqtysy



Сабақтың соңы
35-40мин

Сабақтың соңында оқушылар «бағдаршам» рефлексиясын жасайды:

Қызыл түс - түсінбедім;

Сары түс - жартылай түсіндім;

Жасыл түс - түсіндім.






Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар



болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет