Исаева Динара Асқарқызының «Ақ Найман қырылған» оқиғасының тарихи құндылығы» тақырыбына



Дата20.09.2022
өлшемі17,09 Kb.
#39621
Байланысты:
Исаева Д. Академиялық жазу


Исаева Динара Асқарқызының « Ақ Найман қырылған» оқиғасының тарихи құндылығы» тақырыбына
Аннотация
Тасқа қашап жазылған « Ақ Найман қырғыны» ескерткіші қандай қанды оқиғаны жасырып тұр? Оқиғаның саяси астарын, құндылығын ашып жазу негізгі ой болып табылады. Тарихи оқиға Марқакөл өңіріне қарасты, Қойтүбек алқабында 1931 жылдың шілдесінде қызылдар, кеңестік шекарашылар ұжымдастыру науқанының ауыр зардаптарына, аштыққа шыдамай, қашып, Қытай аспақ болған қалың ақнайман елін осы жерде бір түнде қырып салғаннан бастау алады. Шежіреші, ұстаз Ақаш Жүнісов «Ақнайман қырылған» оқиғасы жайында: «1931 жылы шілде айында бес жүз үйлі Ақнайман елі Қытай жеріне өтпекші болып, Қалғұты жеріндегі Егіндібұлақ ауылынан он екі шақырым аралықтағы Бестерек деген жерге шоғырланды. Бұл шекараға Былғарытабыты тұсымен бір күндік жер… Ауған елдің дүрбелеңі басталғаннан-ақ белсенділер де қарап қалмай, аудан орталығына, шекара бекінісіне хабар берісті… Шекарашылар мен оларға қосылған жиынтық күштер Қалжыр өзенінің бойынан тосқауыл жасап, пулеметін құрып, биіктен бақылау жасап отырды» деп жазады өз естелігінде. Осы деректерді келтіру арқылы оқиғаның тарихи сабақтастығын қалыптастыру болып табылады. Тарихи оқиғаға арқау болған Ақ Найман елі өзен бойымен арғы жаққа Қарой арқылы аспақшы болып, соңынан бұл бағдарларын өзгертіп, Қойтүбектен шығуды қалады. Оқиғада көштің мұқият дайындалғаны жан-жақты шолып, көшке белгі беріп отыратын барлаушылар тағайындалғанынан байқалады. Тарихи оқиғаның орын алған жері келесіде сабақтасады. Қойтүбекке жақындаған тұста тағы бір аса жіті шолу үшін биік жотаға көтерілгенде «Огонь!» деген дауысты естімеген Кеуделеріне оқ қадалған алғашқылар тіпті, жер жаңғыртқан мылтық, пулемет гүрсілін де естімеген. Адамдар азан-қазан болып құлай берді, қаза тауып қала берді, сайдан шығып үлгермеген көш арты дүрліге кері қашты» деген сөздерден көштің бейбіт, өкіметке еш зияны тимей өтіп кетпек болып, сәтсіз аяқталғаны аңғарылады. «Ақнайман қырылған» оқиғасы кезінде пулемет оғынан жер жастанған әкесінің бауырына тығылып аман қалған Ақши ауылының он жасар Сағат есімді қызы туралы да айтылады. Қанға бөккен мың адамның мәйіті ішінде тірі қалған қызды жақын маңдағы Шығанши ауылында тұратын Таңсықбай, Қали атты адамдар асырап, жеткізген. Қазақстан тарихында елеусіз қалған, ұрпақ естімей өскен қалған қаншама оқиғалар бар. Ұмытылып бара жатқан, бір рулы елдің тарихына өшпес із қалдырған бұл оқиғаны тарихи беттерінде қалдыру негізгі мақсатым.
Ел алдында, кір жуып, кіндік кескен жер алдында, өкімет алдында еш жазығы жоқ жандар болса да, азаппен өлтірілген ерлердің, әйелдердің, балалардың есімін әлі күнге неге ақтай алмай келеміз, тіпті бүгінгі ұрпақ біле бермейді де.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет