Көшіп келуі мен Қаройдың қара тұманға жұтылу оқиғасы жас Еділдің әжесінің көрген шындығы



жүктеу 63.84 Kb.

Дата20.02.2017
өлшемі63.84 Kb.

№ 3 (88) 2012

15

көшіп  келуі  мен  Қаройдың  қара  тұманға  жұтылу  оқиғасы  жас  Еділдің  әжесінің  көрген  шындығы 



болып баяндалады. 

Үнемі өзі иемденген аспандағы жалғыз жарық жұлдызбен тілдесіп жүретін Еділ бұл аңыздарды 

санасына сіңіріп өскен. Маринадан айрылған сәтінде де жұлдызға мұң шағып, тілдеседі. О дүниелік 

әжемен тілдеседі. Аспани – бақилық ғұмырға ауысқан Марина Еділдің әжесінің қасында. Әжесі болса, 

Еділ ана әулетінің қасында. 

Рухани  тазалықты  іздеу,  оны  аңсау,  түп  бастауларға  ұмтылу  Еділ  ана  туралы  аңыздан,  Қарой 

ауылына қатысты оқиғалардан, Жұлдызды жанына медеу, сырлас еткен Еділ әрекетінен аңғарылады. 

Маринаның түйсінуі түрінде суреттелетін Найзақара шыңының арғы бетінде тазалық мекені –Қарой, 

Еділ жұртының жатқаны туралы ой, Маринаның Еділ меншіктенген аспан төсіндегі жұлдызды іздеуі 

– сол ізгілік әлеміне ұмтылу. Ізгілік әлемінің тұрағы аспан. Яғни ақынның поэтикалық тілінде көп 

айтылатын тұжырым: аспан – кіршіксіз рухтар мекені. Романдағы гуманистік идея осы аспан әлемінің 

аясына  сіңіріліп,  ол  тылсым  сырлы,  қат-қабат  құпиялы,  рухтардың  сақтаушысы  болған  күрделі 

архетиптік образ болып шыққан. 

Романның көркемдік-идеялық мәнін жан-жақты сөз етуді біз бұл тұста мақсат етпедік. Біздің назар 

аударғанымыз – аспанмен байланысты сюжеттердің сол көркемдік-идеялық мәнге терең мағына үстей 

түскендігі. Және осы романдағы сюжеттің «Аспанға көшіп кеткен ел» поэмасымен үндестігі. 



ӘДЕБИЕТТЕР 

1. Эпштейн М. Литература и миф. // Мифы народов мира. Энциклопедия в двух томах. – т. 2. – Москва, 1997. 

– 719 с.

2. Макльсон Дж. Жанр «лебединой песни» в русской лирике // Символизм и русская литература ХІХ века. – 

СПб., 2001. – 356 с.

3. Қазақтың мифтік әңгімелері. -Алматы: Ғылым, 2002. – 320 бет.

4. Раушанов Е. Нұрдан жаралған. // Таң-Шолпан. – 2001. -№ 5, 2002. – № 1.

Редакцияға 14.02.2012 қабылданды.

Г.И. АҚЫЛБАЕВА,  Б.І. СМАНОВА

КҮРДЕЛЕНГЕН СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ЖАСАЛУЫНДАҒЫ БІРЫҢҒАЙ 

БАЯНДАУЫШТАРДЫҢ РӨЛІ

The article deals with the role of similar predicates in compound sentences.

Бірыңғай баяндауыштардың лингвистикалық табиғаты бастауышқа қарағанда өте күрделі. Өйткені 

олар негізінен етістіктен жасалатын сөйлем мүшесі. Ал  етістік − тұлғаға да, мағынаға да өте бай  сөз 

табы. Біз төменде осы бірыңғай баяндауыштар арқылы көрінетін мезгілдестік қатынастарға талдау 

жасайтын боламыз.

Дәстүрлі  грамматикада  сөйлем  мүшелері  тұрлаулы  және  тұрлаусыз  деп  бөлінетіндігі  белгілі. 

Сөйлемнің ұйымдасуына тірек болатын тұрлаулы мүшелер бірыңғай  болғанда, сөйлемнің құрамы 

жайыла түседі, бірақ сөйлем күрделі болмайды деген пікір бар [1, 164 б.]. 

М. Балақаев мұнда жайылу мен күрделенуді бөлек құбылыс ретінде қарап отыр. Қазақ синтаксисін 

зерттеуші мамандардың көбі жайылу мен күрделенуді сөйлемдегі бастауыштардың санына байланысты 

болатындығын айтады. Н.Сауранбаевтың тұжырымына назар аударсақ: «Cыйыспалы сөйлемнің үйірлі 

сабақтаспен жақын жағы да, өзгешелігі де бар. Жақын жағы – сыйыспалы да, үйірлі құрмаласта да 

жеке сөйлемнің аралары көсемшенің «п» түрі арқылы байланысады, ал өзгеше жағы –  сыйыспалдығы 

жеке  сөйлемдер ортақ бастауышта болады да, бірыңғай келмейді» [2, 84 б.].

М.Балақав  та  осы  көзқарасты  ұстанады:  «Күрделі  сөйлемде  әр  бастауыштың  өз  баяндауышы 

болу негізінде жеке сөйлемдер тіркесетін болса, бірыңғай тұрлаулы мүшелер бар сөйлемдер бірнеше 

бірыңғай  баяндауыштың  бір  бастауышы  болады.  Сол  ыңғайда  олардың  бірыңғай  болуының  өз 

ерекшеліктері болады» [1, 164 б.].

Біздің  ойымызша,  әр  баяндауыштың  өз  бастауышы  болуы  –  күрделенудің  жолы  емес,  өзі.  Әр 

баяндауыштың  жеке  бастауышы  болуы  жай  сөйлемді  басқа  сапаға,  басқа  деңгейге  көтереді.  Бірақ 

жай  сөйлемнің  құрмаласқа  айналуының  арқасында  тарихи  тұрғыдан  алғанда,  бірнеше  сатылық 

құбылыстар жатыр деуге болады.

Split by PDF Splitter


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

16

Бірыңғай баяндауыштар есімді және етістікті болып бөлінеді.  Олардың арасында елеулі ерекшеліктер 



болады. Етістікті  бірыңғай баяндауыштар қимылдың бірінен соң бірі болып жатқан үдетпелігін және 

мезгілдестігін білдіреді [3, 165 б.]. Олар Абаймен біресе жарысады, біресе қалжыңдайды, ойнайды 

(М.Әуезов). Дәметкеннің қылығына әрі сүйсінді, әрі аяды (М.Әуезов).

Құрылымы  жағынан  шартты  бағыныңқылы  сабақтас  құрмаласқа  жататын  мына  сөйлемнің 

басыңқы сыңарындағы баяндауыш ешқандай уәжсіз түсіп қалған: Егер тұлғалық пішінді, тұтастықты 

бір ыдыспен салыстырсақ, категориялардың мазмұны оның ішіндегі бір бөгде заттай. Біз баяндауышы 

есім сөзден болатын сөйлемдердегі (Мысалы мынадай тектес: Көп түрлердің ұрпақтарының қоршаған 

ортаға тек қана төтеп бергендігі емес, олардың түпкілікті тұқым қуу қасиетінің сақтап қалуының 

себебі  де  осында  немесе  Оған  мысал  –  формалды  логиканың  негізінде  семантикалық  логиканың 

дамуы) толымсыз сөйлемдер қатарынан танудан аулақпыз, ал берілген сөйлемді есімді баяндауышты 

(басыңқы сыңары) деп айту қиын, онда сөйлемнің тұлғалық аяқталмағандығы, баяндауыш мүшенің 

жетіспей тұрғандығы (келтірілген сөйлемде жетіспей тұрған баяндауыш көрінеді) анық байқалады. 

Сол  сияқты  төмендегі  сөйлемдерді  де  солардың  қатарынан  танимыз:  Канттың  түсінуі  бойынша 



категориялар ойлаудағы сырттан алған әсерлерді қабылдаудың сезімдік және пайымдық формалары; 

Бұл формалар адамдар ойлауына тән нәрсе және қандай болмасын тәжірибеден бұрынғы формалар 

және т.б.

Тілде  сөйлемдердің  толымсыздығы  сияқты  экспрессивті  синтаксис  элементтері  де  кездеседі. 

Парцелляциялық құрылымдар (ПҚ) – сондай элементтердің бірі. Қазақ тіліндегі алғашқы ғылыми-

көпшілік  әдебиеттерде  ықшамдалған  құрылымдар  қолданылған.  Олар  өзінен  бұрын  тұрған 

сөйлемдердегі мағынаны нақтылау үшін, оқырманның көңілін аудару үшін пайдаланылған: Екі-үш 

жасар балаға тәулікте төрт рет тамақ беру керек. Түнде емес, күндіз, төрт сағатта бір. Балаға 

тамақты бөлек үйде беру артық (М.Жұмабаев).

Баяндауыштар  бірыңғай  болғанда,  олардың  бәрі  бірдей  бір  бастауышқа  бағынады.  Бірыңғай 

баяндауыштардың  өзара мағыналық салмақтары бірдей болғанмен, көбіне ең соңғы баяндауыштың 

сөйлем құраудағы синтаксистік қызмет басымдау келеді.

Бірыңғай  баяндауыштардың  барлығы  бірдей  бір  бастауышқа  бағынатындығы  белгілі.  Салаласа 

байланысатындықтан олардың барлығының салмағы бірдей болғанымен, көбіне соңғы баяндауыштың 

мәні ерекше салмақтылау болып келеді. Алдыңғы баяндауыштар көсемше тұлғалы етістік болып, жақ 

жалғауы бәріне ортақ болып ең соңғы баяндауышы ғана жалғанып тұрады: Жел азынап ұлып, тау мен 



тасты сатырлатып қиратып, көшіріп бара жатқан секілді (Б. Майлин).

Байқап  отырғанымыздай,  етістікті  бірыңғай  баяндауыштар  көбіне  көсемшенің  –п  тұлғасында 

келеді.  Көсемшелер  тілімізде  негізгі  ойды  сақтай  отырып,  сөйлемнің  құрылысын  ықшамдау  үшін 

жұмсалатындығы  белгілі.  Бірыңғай  баяндауыш  жасауда  да  қалып  етістіктері  ойды  ықшамдап  айту 

мақсатымен  бірнеше  бірыңғай  көсемше  тұлғалы  баяндауыштардан  кейін  бір-ақ  рет  қолданылады. 

Әйелдердің біреулері Бекеннің үйін жинап, сыпырып жатыр, біреулері отын жағып, суын тасып, 

шайын қойып жатыр  (Б. Майлин).

Белгісіз  есімдіктерден  тұратын  жеке-жеке  бастауыштары  болғандықтан,  бұл  сөйлем  үлестес 

сабақтас  сөйлемге  жатады.  Бірақ  әр  сыңардың  өзінде  екі-үштен  бірыңғай  баяндауыштар  бар.  

Жатыр  көмекші  етістіктері  қимылдың  мезгілдестігін  білдіріп,  әр  сыңарда  бәріне  ортақ  бір-ақ  рет 

қолданылған. Сабақтастың бұл түрінің бағыныңқылығы – тек тұлғалық, мағыналық емес [4, 47 б.]. 

Олай  дейтін  себебіміз,  көсемшелер  бағыныңқы  тұлғада  келеді  де,  ойды  тиянақтаушы  етістікпен 

сабақтаса байланысады. Ал бірыңғай баяндауыштар өзара тең дәрежеде салаласа байланысатындығы 

белгілі.  Сонда  көсемшелер  мұнда  құрылымды  ықшамдау  үшін  қолданылып  тұр.  Яғни,  тұлғалық 

жағынан сабақтас, мағыналық жағынан салалас. Көсемше жұрнақтары арқылы жасалған бірыңғай 

баяндауыштардың  негізінде  басыңқыға  мағыналық  жағынан  бағынбайтын  сабақтас  түрлері  пайда 

болған. Ол туралы біз күрделі құрылымдар арасындағы мезгілдестік қатынастарды талдаған кезде 

кеңінен тоқталатын боламыз.

Сөйлемнің баяндауыш мүшесі қайталанып келсе, оны ықшамдап, бір рет айтуға да болады. Бірақ 

ондай  сөйлемде  мағыналық  өзгеріс  болмағанмен,  стильдік  ерекшелік  болады.  Әр  компонентте  бір 

сөздің қайталанып келуі жазушының стилімен байланысты. Жазушы әдейі бір сөзге екпін түсіре, сол 

сөзге  ерекше  мән  беріп,  сөйлемнің  ритмикалық  жағына  көңіл  бөледі:  Ақын,  ырғақ  іздейтін  ақын, 



ақын көркемдік іздейтін, ақын ішкі-сыртқы бейнелерді іздейтін (Ғ.Мүсірепов). Осы сөйлемді сиы-

стырып: Ақын ырғақ, көркемдік, ішкі сезімнің ішкі-сыртқы бейнелереін іздейтін – деп құрсақ, соңғы 

сөйлемнің  алдыңғы  сөйлемдей  эмоциялық  әсері  болмайды.  Бұл  сөйлемдер  бастауыш  ақын  сөзінің 

сиыстырылуы баяндауышқа байланысты, егер осы сөйлемнің баяндауыштары әр түрлі сөзден болса, 

ақын сөзін сиыстыруға болмас еді. 

Split by PDF Splitter



№ 3 (88) 2012

17

Қазақ тіл білімінде көсемше тұлғасы арқылы байланысқан бірыңғай баяндауыштарды ажыратуда 



қиындықтар  кездеседі.  Олар  тұлғасы  жағынан  пысықтауыш  мүшеге  ұқсап  тұрғандықтан  оларды 

ажырату үшін белгілі бір ұстанымдарға сүйенуге тура келеді. Мұндай жағдайда профессор Р.Әмір 

төмендегідей өлшеуек ұсынады: «Екі етістік дара процесс ретінде көрінген қимылды атаса, олардың 

бірыңғай баяндауыш болғаны» [5, 179 б.]. 

Көсемше тұлғасы арқылы байланысқан сөйлемнің бірыңғай  баяндауышын тұлғалық жағынан да 

салаластыра байланыстыра беруге болады. Мысалы, Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп, 



көрісіп, құшақтасып (Абай). Қырдағы ел ойдағы елмен араласады, күлімдеседі, көріседі, құшақтасады. 

Ал көсемше пысықтауышты олай ете алмайсыз: Бұлар Қарашоқыға кіре бере, алғаш келген екпінімен 



бір қоянды бездіре қуып еді деген қимыл пысықтауыштық қатынастағы  тіркесін бездіруді, қуды деп 

айтсақ,  амалдық  қатынас  жойылады.  Көп  жағдайда  амал  пысықтауыштық  қатынастағы  тіркестер 

салаластыра айтуға келмейді де: қысыла сөйледі – қысылды, сөйледі; қатулана шықты – қатуланды, 

шықты; жағалай отырысты – жағалады, отырысты және т.б.

Мезгілдестік  қатынастар  әрекеттердің  өту  сипатына  қарай  бір  мезгілде  және  әр  мезгілде  іркес-

тіркес болып бөлінетіндігі белгілі. Қалай болғанда да, барлығы бір шақтың шеңберінде өтіп жатуы 

тиіс.  Екі  етістен  қатар  келген  құрылымдардың  арасында  негізінен  мезгілдестік  қатынас  болады. 

Етістіктен  болған  бірыңғай  баяндауыштар  салаласа  байланыса  келе  таксистік  қатынас  жасайды. 

Бірыңғай баяндауыштар іс-әрекеттің мезгіл жағынан іркес-тіркестігін білдіруі қажет болса, да, де, та, 

те жалғаулығы арқылы  байланысады. Арғымақтың баласы аз оттар да, көп жусар (мақал) Демесін 

есікке жете берді де, кенет қайта бұрылды (Д.Исабеков).

Кейде бірыңғай баяндауыштың алдыңғысы мүлде  айтылмай, не жартылай айтылып, оның орнына 

тек жалғаулық айтылып, сол арқылы ең соңғы бір баяндауыш екі рет айтылғандай болып ұғынылады 

[1, 165 б.]. Бұл да сыйысудың бір түрі. Бұндағы қимыл-әрекет те кезектес өтеді. Сыйысудың бұл түрі 

де, көбіне, бір  сан есімінің қатысуымен жасалады: Ол маған бір, әйеліне бір қарайды.

Айтушының мақсатына қарай сөйлемдер біресе жалғаулығы арқылы да сыйыса алады: Ол біресе 

маған, біресе әйеліне қарайды.

Мұндай құрылымдардың арасындағы мезгілдестік қатынастар анық емес. Өйткені қимыл біреу, тек 

ол екі рет қайталанады: Маған бір, оған бір қарайды. Бір етістіктің екі рет қайталануында логикалық 

тұрғыдан  келгенде,  мезгілдестік  қатынастан  гөрі  аспектуалділік  мағына  басым  екендігіне  көз 

жеткізуге болады. Ал екі етістіктің кезектесіп келуінде мезгілдестік қатынас басым болады. Төмендегі 

мысалдарға назар аударыңыз: Ол үйге бір кіреді, бір шығады. Ол біресе күледі, біресе жылайды. Бұл 

сөйлемдер  мезгілдестік  қатынасты  білдіреді.  Бұнда  жоғарыда  айтып  өткеніміздей,  қимылдың  өту 

сипатынан гөрі, қимыл аралық мезгілдестік қатынас анық көрініп тұр. Ал сөйлемнің дәл осы моделі 

бір-ақ етістіктің қайталануы арқылы сыйыса айтылатын болса, онда ондай құрылымдар қимылдың 

өту сипатын білдіреді: Анасы біресе ұлын, біресе қызын бауырына қысты. 

Етістіктен  болған  бірыңғай  баяндауыштардың  біріншісі  қимылды,  істі  атайды,  екіншісі  оның 

іске  аспағанын  немесе  нәтижесі  болмайтынын  білдіреді:  Барам  деді,  бірақ  бармады;  Көрді,  бірақ 



жолықпады. Сол сырды таң атқалы іздеді, бірақ таппады (Ғ. Мұстафин). 

Мүшелердің  арасындағы  қарсылық  қатынасты  эмоциялы  етіп  көрсету  қажет  болғанда,  бірақ 

жалғаулығымен қоса алайда, сонда да сөздері жұмсалады. Екі етістік қатар айтылғанымен, логикалық 

жағынан алғанда, бұндай құрылымдарда мезгілдестік қатынас болуы мүмкін емес. Өйткені болымсыз 

етістік тұлғалы баяндауыш істің жүзеге аспағандығын білдіреді. 

Бірақ  жалғаулығы  басқа  жалғаулықтарға  қарағанда  жиі  қолданылады.  Бұл  жалғаулық      басқа 

жалғаулықтар  сияқты  бірыңғай  мүшелерде,  әрі  құрмалас  сөйлемдерді  байланыстыру  үшін  

қолданылады. Осыған байланысты оны әрі жай сөйлемде, әрі құрмалас сөйлемде қолданылады деу 

орынды.  Басқа  жалғаулықтар  бірыңғай  мүшелердің  барлығын  да  байланыстыруға  қатысты  болса, 

бірақ жалғаулығы бірыңғай мүшелерді талғайды.

Сонымен,  бірыңғай  тұрлаулы  мүшелер  арқылы  сыйысқан  құрылымдар  арасында  үнемі  мезгіл-

дестік қатынастар орнай бермейтіндігін байқадық: 

–  бірыңғай  бастауыш  арқылы  сыйысқан  құрылымдардың  қазіргі  қазақ  тілі  жүйесінде  құрмалас 

сөйлем  түріндегі  мағыналық  телнұсқасы    болуы  шарт.  Яғни  екі  құрылым  да  қазіргі  қазақ  тілінде 

айтушының мақсатына қарай жарыса айтылуы тиіс

– егер бірыңғай бастауыштардың басын жалпылауыш сөз біріктіріп тұрған болса, ондай сөйлемдерді 

мағынасын өзгертпестен, жеке-жеке  баяндауыш арқылы  айту мүмкін болмайды, сөйлем бір-бірінің 

телнұсқасы болмай, трансформацияланады. Сондықтан мұндай құрылымдар мезгілдестік қатынасты 

білдіре алмайды;

Split by PDF Splitter



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

18

–  мезгілдестік  қатынас  орнау  үшін  бірыңғай  мүшелер  ыңғайластық,  қарсылықты,  талғаулықты 



жалғаулықтар арқылы байланысуы тиіс;

– ыңғайластық жалғаулықтардың ішінен да, де, та, те жалғаулығы арқылы байланысқан бірыңғай 

бастауыштары бар сөйлемдер негізінен өздерінің мағыналас телнұсқасы болып келетін құрмаластармен 

парадигмалық  қатар  құрайды  да,  олар  мезгілдестік  қатынасты  білдіретін  құрылымдар  қатарына 

жатады;

– бірыңғай бастауышты жай сөйлемдер құрмаластардың функциялас сыңары  болса да, олар мез-



гілдестік  қатынасты  білдіре  алмайтын  кездері  болады.  Бұндай  жағдай,  негізінен,  баяндауышы  ке-

лер шақ тұлғасындағы талғаулықты жалғаулықтар арқылы байланысқан бірыңғай бастауышты жай 

сөйлемдерге  қатысты болады;

– бірыңғай баяндауыштары екі және одан да көп етістіктерден жасалып, бірінен соң бірі неме-

се  қатар  болып  жатқан  қимылды  білдіретін  жай  сөйлемдерді  мезгілдестік  қатынасты  білдіретін 

құрылымдар қатарына жатқызуға болады.

– айтушының мақсатына қарай бірыңғай баяндауыштың алдыңғысы мүлде айтылмай, тек жалғаулық 

қана қалып, соның нәтижесінде соңғы баяндауыш екі рет айтылғандай болады. Мұндай құрылымдар 

бір, біресе сөздерімен ғана сыйысса, онда олар мезгілдестік қатынасты емес, аспектуалділік қатынасты 

білдіреді;

– егер бір етістіктің сыйыса айтылуы мезгілді білдіретін сөздердің жұптасып келуі арқылы жүзеге 

асса, онда ондай құрылымдардың бойынан мезгілдестік қатынас анық көрінеді.

Тілдің синтаксисі жалпы тілдің табиғатынан, оның көріну, жасалу тәсілдерінен өрбіп дамиды. Соған 

орай, негізгі ерекшеліктер ретінде мыналарды атауға болады: ғылыми тілдегі жинақылық-дерексіздік, 

баяндаудың  жақсыздығы,  яғни  баяндаушының  үш  жақтың  біріне  тәуелді  еместігі,  стандарт  тілдік 

құрылымдар жасауға ұмтылу үрдісі мен баяндаудың бір бағыттылығы.

Сонымен  бірге,  синтаксис  саласының  негізгі  бірліктері  де  (сөз  тіркесі,  сөйлем,  мәтін)  ғылыми 

тілде  оның  коммуникативтік  мақсат-мүддесінен  туындайтын  өзіндік  мәнермен,  өзгешеліктермен 

қолданылады.  Бұл  жалпы  синтаксисті,  әдеби  тіліміздің  синтаксистік  нормаларын  байытып,  оған 

өзінше жаңа түр береді. Жаңа түр, жаңалық дегенде тіліміздің синтаксистік жағынан толығуын, дами 

түсуін еске аламыз.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы: Мектеп, 1966. –338 б. 

2.  Сауранбаев  Н.Т.  Қазақ  тіліндегі  құрмалас  сөйлемдер  жүйесі.  –  Алматы:  ҚазССР  оқу  министрлігі. 

Мұғалімдерді сырттан оқыту ғылыми-методикалық кабинеті, 1948. – 86 б.

3. Синтаксическая семантика конструкций с предикатными актантами. – Москва, 1988. -253 с. 

4. Қапалбеков Б. Көсемшелердің жұмсалу өрісі. –Алматы: Арыс, 2006. –158 б. 

5. Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: Санат, 2003. -191 б.

Редакцияға 18.01.2012 қабылданды.

Ж.Б. ӘБДІБЕК

КӨРКЕМ МӘТІН – ҚАЛАМГЕР МЕН ОҚЫРМАН АРАСЫНДАҒЫ 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙЛАНЫС КӨПІРІ

In article theoretical aspects author’s and reader’s creativity rise. On the basis of basic researches in area 

the perception of the literary work in article is considered a role of the art text, creative process of the author 

and the reader.

«Көркем шығарма, қаламгер, оқырман» неге бұларды біз ажырата алмаймыз? Сөз өнері үшін бұл 

«үштік» мәселесі ерте заманнан келе жатқан ұстаным. Айтар болсақ, Аристотель еңбектерінде олар 

кеңінен көрініс тапқан болатын. Ұлы ұстаздың ізін басып, мол мұрасынан тағлым алып,  зерттеулеріне 

негіз еткен ғалымдар күні бүгінге дейін «үштік» ұстанымның өрісін кеңейтіп, зерттеу үстінде. Олардың 

қатарына: «Ой – шығарма – қабылдау» (Б.С.Мейлах), «Қаламгер – образ – оқырман» (А.М.Левидов), 

«Қаламгер – мәтін – оқырман» (У.Эко), «Ой – көркем шығарма – оқырман» (В.В.Молчанов), «Қаламгер 

– мәтін – оқырман» (В.Г.Благова) сияқты бірқатар еңбектерді жатқызуға болады.   

Әрине, қаламгер мен оқырман арасындағы шығармалық байланыс көркем шығарма арқылы жүзеге 

асады.  Көркем  шығарма  –  ұлттық  болмысқа  қатысты  мәселелерді  жинақтайтын  күрделі  құбылыс 



Split by PDF Splitter




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал