Жаңа сабаққа кіріспе
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
Адамдар алғаш тұрғызған құрылыстар туралы білесің бе?
Сәулет өнері, сәулет кешені дегеніміз не екен?
Әдемі тарихи көне ғаимараттарды атай аласың ба?
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Жарайсың! Жақсы! Талпын!
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
АДАМДАРДЫҢ ЕЖЕЛГІ БАСПАНАСЫ
Туралы ақпарат береді. Мәтінді оқуға тапсырма береді. Сұрақтар қояды.
Ғаламтордан, энциклопедия және т.б. дереккөздерден ауа райы әртүрлі аймақтардағы алғашқы адамдардың баспаналары туралы мәліметтерді тауып оқы.
|
Жеке жұмыс:
1. Қалай ойлайсың, алғашқы адамдар баспана тұрғызатын материалдарды қалай таңдаған? Жауабыңды түсіндір.
2. Дала және орман тұрғындары баспаналарын қандай материалдардан тұрғызған?
|
Дескриптор:
Жалпы-5 балл.
-Мәтінді оқиды.
-Сұрақтарға жауап береді.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері.
ДК
|
Ұжымдық жұмыс
|
КИІЗ ҮЙ – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ БАСПАНАСЫ туралы ақпарат береді.
|
https://youtu.be/5vTC7isnZCU
Экраннан бейне ролик көреді. Жаңа ақпаратты қабылдайды.
|
Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Жарайсың! Жақсы! Талпын!
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері.
ДК
|
Жұптық жұмыс
|
ЕЖЕЛГІ БАСПАНА ТҮРІН ЖАСАЙМЫЗ
|
Жұмыс реттілігін сақтап тәжірибелік жұмыс жасайды.
Бұл баспананың пішіні қандай? Киіз үйдің, күркенің және кәдімгі үйдің пішінін сипатта.
|
Дескриптор:
Жалпы-5 балл.
-Тәжірибелік жұмыстың жасалу жолымен таныстырады.
-Сұрақтарға жауап береді.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері.
ДК
|
Ұжымдық жұмыс
|
СӘУЛЕТ ӨНЕРІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Тақырыбы бойынша бейнеролик көрсетеді. Ұжымдық талқылау, талдау жасатады. Сұрақтар қояды.
|
https://youtu.be/vktQuKibMjg
Бейнеролик көреді. Сұрақтарға жауап береді.
Қалай ойлайсың, адам игілігі үшін тұрғызылған ғимараттар қандай болу керек?
|
Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды.
|