Қысқамерзімді жоспар Сабақтың тақырыбы


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі



бет29/34
Дата05.05.2023
өлшемі1,26 Mb.
#90436
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
3-тоқсан 5-сынып

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.

Жеке практикалық жұмыс орындау.
Төменде роботқа арнап жазылған программаны құрудың толық алгоритмі берілген.

  1. Робот өз осі бойымен айнала қозғалу үшін Независимое управление мотором (Моторды тәуелсіз басқару) блогын таңдаймыз. Блоктың жұмыс режімін Включить (Іске қосу) күйіне орнатамыз, «В» портының қуат мәнін 50-ге, «C» портының қуат мәнін -50-ге теңеп аламыз.

  2. Нысанды іздеу үшін Ожидание (Күту) блогындағы Ультразвуковой датчик (Ультрадыбыстық датчик) -Сравнение (Салыстыру) - Расстояние в сантиметрах (Сантиметрдегі қашықтық) режімінде датчик көрсеткішінің мәнін 50-ге қоямыз (12-сурет). Мәнді бұлай таңдаудан себеп, робот ринг сыртында тұрған заттарды нысан деп қабылдамауы керек.

  3. Робот өз осі бойымен айнала қозғалып ринг ішіндегі нысанды анықтағанда, өз қозғалысын тоқтату керек. Ол үшін Независимое управление мотором (Моторды тәуелсіз басқару) блогын таңдап, моторды өшіру режіміне қоямыз.

  4. Кейінгі қадамда робот нысанға қарай жоғары жылдамдықта қозағалу үшін Независимое управление мотором (Моторды тәуелсіз басқару) блогын таңдап, блоктың жұмыс режімін Включить (Іске қосу) күйіне орнатып, «В» портының қуат мәнін, «C» портының қуат мәнін 50-ге теңейміз.

  5. Робот нысанға қарама-қарсы келіп, оны ығыстыру кезінде рингтің қара сызықты шегарасынан шығып кетпеу үшін Ожидание (Күту) блогындағы Датчик цвета (Түс датчигі)- Сравнение (Салыстыру) – Цвет (Түс) режімін таңдап, датчиктің анықтайтын түсі ретінде 1, яғни қара түсті таңдау керек.

  6. Робот нысанды ығыстырып, қара сызықты басқанда өзі де тоқтау керек. Ол үшін Независимое управление мотором (Моторды тәуелсіз басқару) блогын таңдап, моторды өшіру режіміне қоямыз.



Роботты USB кабелі арқылы программа жазып отырған компьютер немесе ноутбукке қосқанда, робот порттарына жалғанған датчиктердің жұмысын бақылауға болады. Программаның құрылымы төменде берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет