8.1.6.7 гиподинамия салдарын атау
8.1.6.8 сымбаттың бұзылуы және жалпақ жалпақтабандылықтың пайда болу себептерін анықтау
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Гиподинамияны біледі
Көпшілік оқушылар үшін: Бұлшық ет гигиенасын сипаттай алады.
Кейбір оқушылар үшін: Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақтабандылықтың алдын ала алады.
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.
2.Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
3.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Мақсаты:Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау:Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.