Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Оқулықтағы сызбаны сызып алады.
|
Дескриптор: Жалпы -3 балл
Адам денесінің рецепторларды сипаттап береді.
|
Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру
|
|
Білу, түсіну және қолдану айдарындағы тапсырмаларды орындатады
|
1. Мынадай терминдерге анықтама береді: терморецепторлар, механорецепторлар, ноцицепторлар.
2. Өңеш арқылы өткен тамақтың температурасын және таңертең оянғанда көзімізді ашпай-ақ денеміздің қалпын неге байланысты сезетінімізді түсіндіреді.
3. Неліктен кейбір қысым рецепторлары терінің беткі қабатында, кейбіреулері тереңірек орналасқан? Олардың айырмашылығы неде?
|
Дескриптор: Жалпы-3 балл
1.Тапсырмаларға жауап береді.
|
ДК экраны
8-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
|
Талдау және синтез айдарындағы тапсырмаларды орындатады
|
1. 1. Неліктен көзі көрмейтіндер үшін механорецепторлардың маңызы зор?
2. Температураны қанша рецептор анықтайды? Оларды атайды
3. Теріде қандай терморецепторлар көп болады? Мысал келтіреді
4. Олардың арасында қандай айырмашылықтар болатынын атайды. Сезім мүшелерінен тыс жерде орналасқан рецепторларды атайды.
5. Рецепторлардың белгілі бір тобымен немесе шектен тыс күшпен әсер еткенде ауруды сезіну қалай пайда болатыны туралы өз пікірлерін айтады.
6. №14 зертханалық жұмыс. Терінің сезімталдығын зерттеу.
|
Дескриптор: Жалпы -3 балл
1. Сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындайды.
2.Зертханалық жұмысты орындайды.
|
ДК экраны
8-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|