Қысқаша дәріс курсі


ГАЖ - Жер туралы ғылымдар жүйесінде



бет29/34
Дата03.11.2022
өлшемі460 Kb.
#47257
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
357398 (2)

4. ГАЖ - Жер туралы ғылымдар жүйесінде.
ГАЖ көптеген ғылымдармен тығыз байланысты. Соның ішінде ГАЖ Жер туралы ғылымдар жүйесінде үлкен рөл атқарады. Ол ғылымдар — география, геология, топырақгану, ландшафттану, геоморфология, палентология жэне т.б. Біз ГАЖ-дың ландшафттану жэне топырақгану ғылымдарымен байланысын қарастырайық. ГАЖ-ды ландшафтгануда қолдану. ГАЖ-дың нақгы мәліметтер негізінде дәстүрлі қалыптасуы территорияның ландшафттық қүрылымы туралы шынайы көрініс бере алмайды. Сондықтан да ПТК типтерінің эртүрлілігі маңызды рөл атқаратын бүл кең ауқымды мәселелерді шешу үшін ГАЖ-дың қалыптасу негізі ретінде территорияның ландшафттық моделін таңдаған дұрыс. ГАЖ-дың лаңдшафттық бөлімдері табиғи мәліметтердің кеңістіктік және логикалық ұжымдарында жетекші орын алатынын айта кету қажет. Шешілетін мэселелердің сипаттамасына байланысты басқа да тақырыптық карталар қолданылады, мысалы, гидрогеология- лық, топырақгық карталар, бірақ бүл жағдайда да ландшафттық картаға логикалық қүрылымның жетекші рөлі жүктеледі.
ГАЖ-дың ландшафттық бөлімі ПТК-ның сандық моделі ретінде қүрастырылғандықган ландшафттық ақпарат ПТК-ны 3 ұстанымда сипаттайды:
Компоненттік (литология, топырақ, өсімдік жамылғысы);
Морфологиялық (фация, шатқал);
Динамикалық жағдай (стекстер).
Сондықган ГАЖ-да ПТК-ның толық ақпараттық моделі ПТК-ның үш бірлікті қүрылымын бейнелеу керек жэне ПТК-ның анализдік (жеке компоненттер бойынша, морфологиялық бөлігі жэне жағдайы) және синтездік тапсырмаларына біртұтас табиғи жүйелер ретінде қызмет етеді.
ГАЖ-дың ландшафттық бөлімшесінің белгіленуі тек компоненттік және кеңістіктік қүрылымды жэне ландшафттардағы заттардың - энергетикалық ағындарды бейнелеуде ғана шектелмейді, сонымен қатар бір-бірімен табиғи байланысқан жағдайлар, кешендер, компо- ненттер және үдерістер мэліметтері өз алдына негізгі рөл атқаруы кіреді.
ГАЖ-дың ландшафттық бөлімі иерархиялық жүйе ретінде қүрылады. Ол эртүрлі масштабты (ұсақ, орта және ірі масштабты) карталар жиынтыгында ландшафттың морфологиялық қүрылымы шатқалдар деңгейінде 1:50 000-1:200 000 масштабта, ал табиғи ортаның ландшафттық деңгейінде 1:500 000-1:1 000 000 масштабты болады.
Накты табиғи үдерістерді зерттеуде жалпы ғылыми лавдшафтгық карта негізгі қызмет атқарады. Нақты табиғи ландшафттық картаның жіктелуін кеңейте отырып, ландшафттық зерттеулерден жиналған мәліметгер ландшафттың жеке компоненттерінің және олардың қасиеттерінің зерттелу нәтижелерімен толықгырьшады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет