Сабақтың мақсаты : Білімділігі: Сан есім жайлы білімдерін кеңейте отырып, сөйлемдегі қызметін түсіндіру



Дата07.01.2022
өлшемі13,73 Kb.
#19843
түріСабақ
Байланысты:
сан есім 2


Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Сан есім жайлы білімдерін кеңейте отырып, сөйлемдегі қызметін түсіндіру.

Тәрбиелілігі:Оқушылар бойына адамгершілік,эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.

Дамытушылығы: оқушылардың есте сақтау,ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,жаттығу, талдау, жинақтау.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

3.Сабақтың мақсатымен таныстыру.

4.Жаңа сабақты түсіндіру

Бастауыш

Баяндауыш

Анықтауыш

Пысықтауыш

Толықтауыш

Атау септікте тұрып бастауыш болады.

Жіктеліп келіп немесе көмекші етістіктермен тіркесіп келіп, баяндауыш болады.

Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіркендіктен, сөйлемде анықтауыш болады..

Септік тұлғасында да, септелмей де етістіктің алдында келіп, пысықтауыш болады.

Табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің бірінде келіп, толықтауыш қызметін атқарады.

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді (мақал)

Атадан- алтау, анадан- төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ. (Абай)

Екі достың бірі ыңғайлы, біреуінің ебі жоқ.)

Кездесіп жетпіс үште іздегенім. (Жамбыл)

Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады (мақал)

Алтау, төртеу сөздері кім? (ала болса, түгел болса) деген сұраққа жауап беріп, атау септікте тұрып, бастауыш болып тұр.

Алтау (біз алтаумыз), төртеу (біз төртеуміз) сөздері нешеу? (нешеуміз?) (І жақ жіктік жалғауы түсіп қалған) баяндауыш қызметін атқарып тұр.

Бұл сөйлемде екі (неше?) деген сан есім «достың» деген сөзді, біреуінің (кімнің?) «ебі» дегенді анықтап тұр.

Жетпіс үште (қашан кездесіп?) пысықтауыш болып тұр.

Бірді, мыңды деген сан есімдер табыс септікте тұрып, кімді жығар? деген сұраққа жауап беріп толықтауыш болып тұр.

Сан есім зат есіммен я қатыстық сан есіммен тіркесіп келіп сөйлемнің күрделі мүшесі қызметін атқарады.

Мысалы: Біз үш түрлі ( қандай?) кедергіден өттік. Гектарынан 15 центнер (қанша?)бидай орылды. (анықтауыш)

5.Жаттығу жұмыстарын орындату

74-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, құрамындағы сан есімдерге сұрақ қойып, қай мүше екенін, қандай сөзбен тіркесінін атаңдар.

Үлгі: Қанша үйлі жан?- жиырма- анықтауыш, есептік сан есім.

73-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, сан есімдердің қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын астын сызып көрсетіңдер.

Қорытындылау.

Үйге тапсырма: 75-жаттығу.



Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет