Енді және бойлық. Жер бетінде географиялық зерзаттардың орналасуы ендік және бойлық арқылы беріледі.Бұл жер орталығынан жер бетіндегі нүктеге дейінгі бұрыш өлшемінің мәні. Ендік –экватордан солтүстік немесе
оңтүстікке қарай өлшенеді, ал бойлық – нөлдік меридиннан батыс немесе
шығысқа қарай өлшенеді.
Ендік пен бойлық, х,у координаттары ретінде қарастырылады.Бірақ ол
дұрыс емес: ендік пен бойлық координаталар жүйесінің сфералық өлшемін есептеу бірлігі. Картографиялық проекция ендік және бойлық арқылы берілген орналысуды картадағы Декарттық координатаға айналдырылады.
Картографиялық проекциялар. Әр түрлі картографиялық проекциялар бар. Олар өздерінің әр түрлі орналасуларын көрсету үшін жерді қамту санына, аудан, форма, қашықтық және бағытты сақтау қажеттілігіне байланысты бөлінеді.Қажетілікке қарай картографиялық проекцияларды тандау маңызды шешім болып табылады.
Картографиялық зерзаттарды көрсету үшін компьютерлерді қолдану.Біз карталар түсінігін картада шынайы өмір қалай бейнеленген және карталар ақпаратты қалай көрсететініңн бейнелеу үшін қолданамыз.ГАЖ- дар дәл осы мүмкіндіктерді беру қажет. ГАЖ- дың күші географиялық мәліметтерді сақтау қажеттілігінде ғана емес, сонымен бірге оларды тиімді және өте ыңғайлы түрде талдауда болып отыр.Бұл үш компьютерлік үлгіні қаоастырады:
векторлық
растрлық
ТЖТ (триангуляцияланған жүйесіз тармақтар)
мәліметтердің кеңістік үлгісі деп атайды./3/
Мәліметтердің векторлық үлгісі. Мәліметтердің векторлық үлгісі
карталар жасайтындай геогрфиялық зерзаттарды көрсетеді, яғни, нүктелер - өте ұсақ географиялық зерзаттарды, сызықтар - өте тар зерзаттарды,ал аудандар–біртекті географиялық зерзаттарды бейнелейді.Нүктелер координаталардың қарапайым жұбы ретінде,сызықтар координаталардың реттелген жұбының сериясы ретінде немесе сегмент түрінде, ал аудандар полигондарды қоршайтын сызықтардын сегментін координаталар жұбының сериясы ретінде жазылады.
х,у координаталардың көмегімен және полигондарды сурет немесе графиктің орнына координаталар тізімі түрінде көрсетуге болады. Полигон координаталарының ьірінші және соңғы жұптары сәйкес келеді, полигон әрқашан тұйық болады.Әр зерзатқа жеке идентификациялық нөмір немесе тэг беріледі.
Полигон нөмері х,у координаталары
1,4 1,5 2,7 5,7 4,4 1,4
1,2 2,3 4,3 5,4 7,5 7,3 6,1 3,1
|
Кесінді – нүкте мәліметтерінің құрылымы.Картада жердің екі көрші бөліктерінің шекараларын салу үшін сіз жалпы шекараны қацта салып жүрмейсіз.Бірнеше сызықтармен бөлінген нүкте үшін координаталар жұптарын қайталау да қажетсіз.Векторлық мәліметтерді сақтау үшін ең тиімді жол – мәліметтердің кескінді- нүкте құрлымы.
Мәліметтердің кескінді –нүкте құрлымы мәліметтерді нүктелер – кескінді, ал кескінділер полигон құрайтындай етіп сақтайды. Нүктелер кесіндінің 2 шекті нүктелерін анықтайды; олар 2 және одан да көп кесінділерді байланыстыру мүмкін. Кесінді дегеніміз- 2 нүкте арасындағы сегмент.Кесінді өзінің 2 нүктесінен және оның формасын анықтайтын төбесі деп аталатын, реттелген нүктелер сериясынан тұрады.
Топология. Көше бұрыштарында тұрып және картаға қарап, оған қарасты қилысатын көшелер мен зерзаттарды анықтау оңай. Компьютер осы өзара қатынастарды топология әдісі көмегімен «көреді». Тәжірибеде бұл қағида өте қарапайым, кеңістік байланыстар тізімі түрінде белгіленген.
Топологиялық өзара қатынастарды құру және сақтау өте көп мүмкіншіліктерге ие.Кесінді – нүкте мәліметтерінің құрлымы негізгі 3 топологиялық құрлымдар қолданалы.
біріккендік: кесінділер бір –бірімен нүкте арқылы бірігеді;
ауданды анықтау: ауданды шектейтін және қосатын;
жанасу: кесінділердің бағыттары болады: сол және оң шекаралары.
Кесінді – нүкте мәліметтерінің құрлымын еске түсірейік: кесінді екі нүкте арқылы анықталады. From – нүкте кесіндінің қай жерден басталғанын, ал to
нүктенің қай жерде аяқталғанын көрсетеді.Міне,бұл «кесінді-нүкте топологиясы» деп аталады.Әр кесіндіге From мен to нүктелерін тізім анықтап береді.
Ауданды анықтау. Жер бетінде белгілі бір аумақты иемденеді, мысалы, көл, жер бөліктері. Полигонды құратын аумақ бір немесе бір неше векторлық үлгі түрінде көрсетіледі.Ортасында аралы бар көлді көз алдымызға елестетейік, шындығында көлде 2сыртқы және арал арқылы анықталатын ішкі шекара бар. Вектор үлгі терминологиясында арал полигонының ішкі шекарасын анықтайды.
Жанасу. Ортақ шекарасы бар географиялық зерзаттар көрші болып есептелінеді.Жанасу- топологиялық ұғым, ол мәліметтердің векторлық үлгісінде көпшілік жағдайды анықтауға мүмкіндік береді.
From мен to нүктелері кесіндіні айқындайтынын еске түсірейік. Олар кесінді бағытын көрсетеді,сондықтан полигондардың кесіндінің сол және оң жақтарында орналасуын анықтауға болады.Әр кесіндінің әрқашан нақты оң және теріс жақтары болуы үшін ішкі және әмбебап полигон енгізіледі.
Мәліметтерді векторлық үлгісінің тұраптары. Топология бізге аумақтарды анықтауға және біріккендік және жанасу сияқты типті қарастырады үлгілеуге мүмкіндік береді.
Географиялық зерзаттар басқа зерзаттардан, тұратын кешен ғмиараттар
жиынынан, автобус маршруты көшелер сегментінен құрылуы мүмкін. Суреттелген мәліметтердің вектролық үлгісінің түсінігі осы ассоциациялардың жаңа типтерін қолдамайды. Аумақтар мен маршруттар бұл күрделі өзара қатынастардың үлгілеуіне сүйенеді.
Аумақтар. Аумақтар полигон арқылы бейнеленген географиялық зерзаттар арасындағы өзара күрделі қарым- қатынастарды үлгілеуді қолдайды. Ал полигондардын құрамдас бөлігі – кесінді, аумақтағы құрамдас бөлік полигон болып табылады.
Географиялық зерзаттар полигон ретінде болуының негізгі алғышарттарының бірі- полигондар бір –бірін жаппайды, бірақ берілген аумақты толығымен жабады.
Географиялық зерзаттар көрсететін аумақтағы полигондар бір –бірінен бөлек орналасқан, олар бір –бірін жабуы мүмкін және бүкіл аумақты жабу міндет емес.Мысалы, орман өртінен зардап шеккен аумақ, аудан және зардап
шегу уақыт көрсететін полигондармен көрсетіледі./5/
Полигондардың басқа алғышарты -әр географиялық зерзаттар бір полигон арқылы беріледі. Бұл қағида аумақ үшін кеңейеді,географиялық зерзаттар бірнеше полигондармен көрсетілуі мүмкін.
Маршруттар.Қолда бар зерзаттардың жиынтығы бойынша жолдар маршруттар арқылы анықтайды.Маршруттар бір нүктеден екінші нүктеге қозғалуы,бірінші нүктеден бастап сол нүктемен бітетін дөңгелек ажыраған болуы мүмкін. Маршруттар бір кесіндінің бір нүктесінде және түйінінде басталуы мүмкін. Бұл кесіндінің берілген бір бөлігі ғана қолданылатының
білдіреді.
Нүкте кесіндісінің қай бөлігі қолданылатының және маршрут қай жерден басталатынын бейнелейтің қосымша ақпаратты қажет етеді. Бұл секцияға қарасты маршрутты бейнелейтін, ол бөлігі болып табылатын кесіндінің және кесінді бойынша өлшемінің екі типін беретін секция кесте жол түрінде көрсетілген. F-Meas және Т- Meas деп аталатын екі бағана осы секция айқындайтын маршрут бойынша аралықты бейнелейді. F-Pos және Т- Pos деп аталатын бағаналардын екінші жиыны кесіндінің қай үлесі пайдаланатынын көрсетеді./5/
Мәліметтерді векторлық үлгісі жер бетін қалай көрсетеді?
Мәліметтердің векторлық үлгісі әрбір жер бетін изосызықтар сериясы түрінде көрсетеді,жер беті сипаттамаларын есептеуде қолданылады.
Мәліметтердің растрлық үлгісі. Карта мен мәліметтердің векторлық үлгісін сөз еткендк географиялық зерзаттарды қалай көрсетуег болады деген мәселе қаралады. Мәліметтердің растрлық үлгісі картаға қарағанда фотосуретке ұқсайды.
Мәліметтердің растрлық үлгісі төмендегідей жұмыс істейді: ло мыналарға енгізілген нүктелердің дұрыс торы ( ұяшық немесе пиесель деп аталады)
Суреттегі әрбір нүктені интерпретациялаудың үш тәсілі бар:
әр нүктені бір нәрсеге жататындай етіп жіктеу,сонда осылай жіктелген пиксельдердің тобы зерзат болып құрылады.Мысалы, көше.
түс мәнін немесе сурет нүктесінің ізін жай өлшеу.
белгілі эталонды нүктеге қарап салыстырмалы түрде пикселін анықтау.
ГАЖ- дағы мәліметтердің растрлық үлгісі үшін де өсы үш интерпритация тәсілдері қолданыла береді Ұяшық мәні жіктемені көрсету мүмкін,мысалы,өсімдік типі.
Мәліметтердің растрлық үлгісінде орналасу ұяшық түрінде беріледі. Ұяшықтардың матрицасы орналасқан тор сызық деп аталатын әрбір жол географиялық құрлыстарды танытатын ұяшықтар тобынан тұрады. Жер пайдалану, жарықтын қарқындылығының мөлшерлері немесе салыстырмалы кластары сияқты номиналды мәліметтерді беретін ұяшықтардың мәні сан болып келеді.
Мәліметтердің векторлық үлгісі сияқты растрлық үлгі де дискретті, нүктелі, сызықтық және аудандық зерзаттарды көрсете алады. Нүктелік зерзаттар бір ғана ұяшық мәні ретінде,сызықты зерзаттар ұзындықты бейнелейтін байланысқан ұяшықтар сериясы ретінде берілуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |