ГАЖ –бұл: «Құармына жинау,берілу,сақтау,өңдеу және территория туралы мәліметтер алу кіретін компоненттер жүйесі». «Жиналатын, сақталатын,ізделінетін және мәліметтердің реттеліп өзгертілуін кеңістіккте анықтайтын жүйе». «Талдау және кеңістіккте анықталатын мәліметтерді басқару тәсілі».
«Табиғаттың әсерінің аумақтық астарында және қоғам жиындағы білім жүйелерінің сақталу және іздеу, қорытынды үлгілеу және т.б. функцияларын үлгілейтін бағдарламалық қамтамасыз ету».ЭЕМ –нің автоматты құралдарының көмегімен шығады.
«Нәтижені реттеп, өзгерту және шешім қабылдауға шешім ретінде географияның анықталған мәліметтерінің қорытындысымен реттелетін және талдаумен қамтамасыз етілетін ақпараттық жүйе»
«Адамдардың географиялық қолдануларында және оның практикасы
кезінде ыңғайлы, ақпараттық өңдеулер мақсатындағы мәліметтерді жинау, бері, нәтижелеу және өңдеуде іске асатын техникалық және ұйымдастыру тәсілдерінен тұратын жүйе».
Дәріс 4. ГАЖ құрылымы және функциялары Географиялық ақпараттарды автоматты түрде өңдеу үшін берілген мәліметтерді компьютерлік өңдеуден өткізу жүйесін құру керек. Ол үшін ГАЖ – автоматты жинақтау, сақтау, өзгерту және геоақпараттарды беру ЭЕМ және автоматтандырылған ГАЖ – дың құрылымын В. Г. Линниктің төмендегідей жобасы ретінде құруға болады. Ол 5 блоктан тұратын бір – бірімен тығыз қатынаста болатын ГАЖ – дың үлгісін В. Г. Линник бойынша қарастырайық.
Кестеде көрсетілген атаулар ГАЖ – ды құру блоктық қағидасы бойынша құрылады.
Көп мақсаттағы ГАЖ – дар көптеген жұмыстарды шешуде қолданылады. Осы атқару барысында төмендегідей функционалдық мүмкіндіктер пайдаланылады:
Белгілі бір заттың банкідегі дайындығы және кіріспесі;
Ақпараттық – анықтамалық үлгілеу;
Имитациялық үлгілеу;
Эксперттік үлгілеу;
Автоматтандырылған карта құру;
Картометриялық есептеу;
Осы аталған жұмыстарды шешу үшін өңделген мәліметтерді картографиялық түрде дайындап, алгоритмдік және қолданбалы бағдарламалық тұрғыдан қамтамасыз ету қажет.
ГАЖ аймақтардың табиғи ерекшеліктерін, динамикасын, үлгілеу жүйесін зерттейтін құрал сияқты ақпараттық негіз ретінде қарастырылуы мүмкін. ГАЖ – төмендегідей физикалық – географиялық есептерді шешуге белгілі бір мүмкіндік береді: ландшафтардың морфологиялық құрылымын зерттеуге, физикалық – географиялық аудандастыруды жасауға және т.с.
Бұл жүйе ізденіс, белгілі сұраныс бойынша ақпараттық анықтама жүйесі ретінде және геожүйедегі математикалық үлгілеу немесе динамикалық талдау мақсатында сараптамалық бағалау жүйесімен байланысты қолданылады.
Бағдарламалық – техникалық кешен.ГАЖ – ға қазіргі уақытта түскен ақпаттарды өңдеуге көптеген техникалық құралдар қолданылады. Оларды бағдарламалық – техникалық құралдар деп атайды. Бағдарламалық – техникалық құралдардың негізі болып перифериялық құрылымдарымен бірге ЭЕМ табылады.
1. ЭЕМ – ге географиялық ақпараттар түрлі құралдардың көмегімен енгізіледі, мысалы: мәтіндік және кестелік ақпарат кіргізу үшін алфавитті – сандық клавиатуралар керек. Ал графикалық ақпаратты екі түрге бөлінеді: автоматтық және жартылай автоматтық.
Мәліметтерді цифроваторлармен кіргізу оператордың бақылауымен атқарылады. Ол үшін картографиялық зерзаттың элеметтерінің дәлдігі мм бөлігіндей санды түрде айналдырады.
Сканердің көмегімен автоматтық енгізуде дәл картографиялық ақпараттарды кіргізуге болады. Сондықтан қазіргі кезде мынадай құралдар пайдаланылады: кестелік принтерлер, түрлі – түсті басылым құралдар, графикті – құрылымдық плотерлер.
2. ГАЖ – дағы мәліметтерді шығарып алу үшін дисплей қажет, ол пайдаланушымен диалог режимін орнатуға мүмкіндік береді. ГАЖ – да ақпараттық массивтерді мәліметрер базасына біріктіреміз, оған тек мәліметтер базасын басқару жүйесін жасау арқылы шығуға болады.
3. Мәліметтер базасы пайдаланушыны ақпаратпен қамтамасыз етеді және ГАЖ – да үлгілер жүйесін тұрақтандырады.
4. Үлгілер коеффициенттері алдын ала белгіленген сценарий бойынша орындалады. Әр түрлі жедел карталардың үлгілеу нәтижелерінің шығарылуы түрлі геоэкологиялық жағдайлардың үлгілену көрнектілігін арттырады, түбегейлі бақылау және бағалауға мүмкіндік береді.
5. Мәліметтер базасының құрылымы әр түрлі қағидалардан құралады. Мысалы: ақпараттық иерархиялық түрде ұйымдастырылуы белгілі бір аймақты алады. Олар: ландшафт, қоныс, фация.
Мәліметтерді іздеу және дисплейге шығару командаларының ең кең қолданылатындары:
SELEKT – мәліметтер базасынан белгілі бір жазуды таңдау;
PLOT – таңдап алынған бейненің контурының сызылуы;
LIST – мәтіндік анықтаманың берілуі;
DISTANSE – қашықтықты енгізу.
Осы және тағы да басқа командалар арқылы керекті мәліметтерді кестеллік, графиктік, картографиялық түрде ала аламыз.
6. ГАЖ жұмысының нәтижесі бағалау және шешім қолдану блогінда
есептеледі. Бұл блок пайдаланушының диалогтық басқару жүйесімен тығыз байланыста, себебі шыққан нәтиженің дисплейде берілу тәсілдерін әрі қарай өңдеу жолдарын белгілеу керек.
Бағалау блогы ГАЖ – дың түрлі режимінде жұмыс атқара алады. Ең қарапайымы – бұл ГАЖ – ды ақпараттық – анықтамалық түрінде пайдалану. Күрделі түрі – имитациялы үлгілеу әдістемесінің нәтижесін автоматты түрде талдау.
Дәріс 5.