Баланың салмағы және оның өсуі.
Баланың туғанда салмағы 2,5 – 4,4 кг – ға шейін, бірінші жылы оның салмағы ай сайын өсіп отырады:
1 –ші айда – 600 г 7 – ші айда – 600 г
2 – ші айда – 800 г 8 – ші айда – 550 г
3 –ші айда -800 г 9 – ші айда – 500 г
4 –ші айда – 750 г 10 –ші айда – 450 г
5 –ші айда – 700 г 11 – ші айда – 400 г
6 –ші айда – 650 г 12 – ші айда – 350 г қосады
Баланың денесінің салмағы жасына сәйкес формула бойынша есептеледі, ол орта есеппен осы формуламен шыққан санға жақын болады, бірақ әр баланың өзінің ерекшелігі болатының ұмытпау керек.
3-12 айға дейін n+9/2, мұнда n – баланың айы.
1-6 жасқа дейін (n*2) +8, мұнда n – баланың жасы, 8 – тұрақты сан.
6 – 12 жасқа дейін n*7/2, мұнда n – баланың жасы, 2 мен 7 тұрақты сан.
Баланың салмағы 4,5 – 6 айда туғандағы салмағынан 2 есе, 12 айда 3 есе өседі.
Достарыңызбен бөлісу: |