Талдағыштар физиологиясы. Жалпы қасиеттері. Көру, соматосенсорлық талдағыштар
бет 31/54 Дата 06.10.2023 өлшемі 375,19 Kb. #113057 түрі Сабақ
Байланысты:
Хаттама толтыру №1 тапсырма. «Гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті б-emirsaba.org Талда ғыштар физиологиясы. Жалпы қасиеттері. Көру, соматосенсорлық талдағыштар
1-БӨЛІМ
Тапсырма №1. Терминді үш тілді атап, қазақ тілінде анықтама беріңіз
Анықтама беріңіз
Термин
анықтамасы
Қазақша
На русском
English
Талдағыш (сезім жүйесі)
Анализатор (сенсорная система)
Analyzer (sensory system)
Талдағыштар-бұл ақпаратты қабылдап,кодтап,ми қыртысына өткізетін,және орталықта талдап,сезім тудыраын күрделі морфо-функциоалды жүйе.
Тапсырма №2. Талдағыштың бөлімдері және олардың қызметтері.Кестені толтырыңыз
Талдағыштың бөлімі
Құрылым
Қызметі
Шеткі (рецепторлық) бөлімі
рецепторлардан тұрады
Ақпаратты қабылдау,кодтау,сыртқы энергеияның барлық түрін нерв импульсына айналдыру.
Өткізгіш / аралық бөлімі
афференттік талшықтар, нейрондар және
қыртысасты орталықтар
Рецепторлардағы нерв импульсын афферентті жолдар арқылы ОЖЖ-не,ми қыртысына өткізеді.
Орталық бөлімі
Ми қыртысының бөлімдері
Ақпаратыт өңдеп,талдап,сезімдік құбылыстарды тудырады.
Тапсырма №3. Рецепторладың жіктелуі.Кестені толтырыңыз
Түрлері: қай талдағышқа тән
Рецепторларын тітіркендіргенде туындайтын сезім сипатына қарай
- көру,
- есту,
- иіс сезу,
- дәм,
- сипап сезу,
- ауырсыну,
- терморецепторлар,
- проприорецепторлар,
- вестибулорецепторлар
Рецепторларының орналасуына қарай
Экстрарецепторлар
Интрарецепторлар
Тітіркендіргіштің табиғатына қарай
-Механорецепторлар
-Фоторецепторлар
-Хеморецепторлар
-Терморецепторлар
-Ноцицепторлары (ауырсыну)
Ортамен жанасу сипатына қарай
-дистанционды
-контактілі
Құрылымдық ерекшеліктеріне қарай
-біріншілік сезетін рецепторлар
-екіншілік сезетін рецепторлар
Тапсырма №4. Рецепторлардың қозу механизмі.Кестені толтырыңыз
Рецепторлар
механизмі
Біріншілік сезімтал
Біріншілік сезімтал рецепторлы анализаторларда әрекет потенциалы сезімтал нейронның өзінде пайда болады.Яғни мұнда тітіркендіргіш рецептор мембаранасына әсер етіп,оның иондарға өтімділігін арттырады,мембаранада деполяризация одан кейін ӘП пайда болады.
Екіншілік сезімтал
Екіншілік сезімтал рецепторлы анализаторларды әрекет потенциалы сезгіш нейронда (1-нейрон) рецепторлы жасушалардың қатысуымен ғана пайда болады.Мұнда тітіркендіргіш әсері – мембрана
рецепторларымен әрекеттесу –рецепторлық потенциал - медиатордың
бөлінуі - генераторлық потенциал - соңында ӘП пайда болады.
Тапсырма №5.Рецепторлардың сипаттамасы. Кестені толтырыңыз
Біріншілік сезімтал рецептор
Екіншілік сезімтал рецептор
Арнайы рецепторлық жасушасы жоқ
Арнайы рецепторлық жасушасы бар
Стимулды афферентті нейронның сезгіш ұшымен қабылдайды
Стимулды арнайы рецепторлық жасуша қабылдайды. Ол афферентті нейронның ұшымен синапс арқылы байланысқан
Медиатор бөлінбейді
Медиатор бөлінеді
Рецепторлық потенциал мен генераторлық потенциал бір
Генераторлық потенциал постсинапстық мембранада қалыптасады
ӘП аксон түбінде (аксон томпешігі) немесе бірінші Ранвие үзілісінде туындайды
ӘП постсинапстық мембрана маңында туындайды
Тапсырма №6. Талдағыштардың морфологиялық ерекшеліктері.Кестені толтырыңыз
Достарыңызбен бөлісу: