Қайталап босанушы 30 жаста. Мерзімінде 3500,0 салмақпен, асфиксиясыз, қыз жынысты нәрестемен босану болды. Босанудың үшінші кезеңін белсенді жүргізу үшін сіздің тактикаңыз Окситоцин 10 ЕД енгізу
Көп босанушы әйелде бала жолдасы туылды. Тексеру барысында қабықшалары бүтін, жиырылу қызметінің бұзылуы салдарынан жатыр қуысын қолмен тексеру жүргізілді. Әйел 1 литр қан жоғалтты, қан кету жалғасуда. Қан кетуді тоқтату үшін қажет тактиканы таңдаңыз Жатыр ампутациясы немесе экстирпациясы
Жүкті әйел әйелдер кеңесі орталығына кезекті қаралуға келді. Жүктіліктің 28-29 аптасы. Тексеру барысында АҚҚ 160/100, аяқтарының ісінуі. Зәрде белок 1 грамм. Біраз уақыттан соң әйел басының ауруына, көзінің қарауытуына, жүрек айнуға шағымданды. Жедел жәрдем бригадасы шақыртылды. Жедел жәрдем келгенге дейінгі сіздің тактикаңыз 20 мл 25 % mgso4 к/т баяу еңгізу 10-15 минут ішінде
Босанудың ізашар белгісі Жалған толғақ
24 жастағы жүкті әйел босану үйіне 4 сағат бұрын басталған толғақпен шағымданып келді. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, аққ120/80, ұрықтың жүрек оғысы анық, ырғақты 130 рет минутына. Толғақ әр 7-8 сағат сайын 30 секундтан.жатыр мойнының ашылуы 6 см. Жүктіліктің 39 аптасы. Босану кезеңін анықтаңыз Жатыр мойны ашылу кезеңі
22 жасатғы науқас әйел 10 шілде күні етеккірінің болмауына шағымданып келді. Анамнезінде соңғы етеккір 10 мамырда. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттаналарлық, аққ 110/70. Айнамен қарауда: қынап цилиндрлі. Бимануальды тексеру барысында жатыры қаз жұмыртқасына дейін ұлғайған, ауырсынусыз, жұмсақ консистенциялы. Босанудың болжам мерзімі Жүктіліктің 8 аптасы, босанудың болжам мерзімі 17 ақпан
Босану үйіне жүктіліктің 38- 39 аптасы, бойы 150см болатын 22 жастағы жүкті әйел келіп түсті. Жамбас өлшемдері 22-24-26-16,5 см. Іш айналымы 103см, жатыр түбі биіктігі 40 см. Ұрық ұзына бойы, жүрек соғысы анық, ырғақты 140 рет минутына. Бастың тік өлшемі 12 см. PV: жатыр моны жетілген, ұрық басы кіші жамбас кіреберісінде орналасқан. Диагональная конъюгата 11,5 см. Болжам диагноз Жүктіліктің 38- 39 аптасы. Жалпы бірқалыпты тарылған жамбас. Іі дәрежесі. Ірі ұрық