Қышқыл дегеніміз метал атомдарына алмасуға бейім сутегі атомдары және қышқыл қалдығы бар химиялық қосылыстар.Қышқыл молекуласының құрамында сутек атомдарының санына қарай қышқылдарды бірнегізді (бір сутегі атомы бар), екі негізді (екі сутегі атомы бар), үш негізді (үш сутегі атомы бар) және тағы солай атай береді.Қышқылдың құрамында оттегі атомдары бар болса, бұндай қышқылдар оттекті, ал жоқ болса оттексіз қышқылдар деп атайды
Қышқылдардың химиялық қасиеттері; 1)Қышқылдардың металдармен әрекеттесуі металдың белсенділігіне қарай жүреді; белсенді металдардың көпшілігі қышқылдардан сутегін ығыстырады: H2SO4+Ca=CaSO4+H2↑ H2SO4+Zn=ZnSO4+H2↑ белсенді металл + қышқыл = тұз + сутегі
2)Қышқылдардың негіздік оксидтермен әрекеттесуі нәтижесінде тұз бен су түзіледі: H2SО4+CaО=CaSО4+H2О 2HCl+ZnО=ZnCl2+H2О қышқыл + негіздік оксид = тұз + су 3)Қышқылдар еритін де, ерімейтін де негіздермен әрекеттеседі: HCl+NaOH=NaCl+H2O 2HCl+Cu(OH)2↓=CuCl2+2Н2O қышқыл + негіз = тұз + су
4)Қышқылдар тұздармен алмасу реакциясына түседі H2SО4+BaCl2=BaSО4↓+2HCl HCl+AgNО3=AgCl↓+HNО3 2НСl+СаСO3=СаСl2+Н2O+СO2↑ қышқыл + тұз = жаңа тұз + жаңа қышқыл 5)Кейбір қышқылдар қыздырғанда айырылады H2SiO3→SiO2+H20