Ішкі секреция бездерінің функциональды анатомиясы


минералдық тұздардың алмасуын реттейтін жұп орган. Салм. 15 г



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата17.10.2023
өлшемі1,99 Mb.
#117232
1   2   3
минералдық тұздардың алмасуын реттейтін жұп орган. Салм. 15 г,
сыртқы және ішкі қабаттан тұрады. Бүйрек үсті безі 50-дей гормон
(мыс., адреналин, альдостерон, кортикостерон, кортизон, т.б.) бөліп
шығарады.Оның жұмысын орталық жүйке жүйесі басқарады.Бүйрек үсті
безінің сыртқы қабаты зақымданса, адам аддисон ауруына шалдығады. 


Адам мен жануарларда ішкі және
сыртқы секреция бездерінің қызметін
қоса атқаратын ұйқы безі болады. Ұйқы
безі (pancreas) — организмде көмірсу,
май, белок алмасуына, яғни, ас
қорытуға қатысатын орган.
Омыртқасыздарда ұйқы Б-і тек
моллюскілерде ғана болады. Адамда
қарынның артқы жағында 1-, 2-бел
омыртқа тұсында орналасқан.
Ұзындығы 15 — 25 см, ені 3 — 9 см,
қалыңдығы 2 — 3 см., салмағы 70 — 80 г.
Ол тәулігіне 1,5 — 2 л сөл бөледі.


Айырша без
Айырша без (грек, thymus -тимус)- омыртқалы
жануарлар мен адам организмдеріндегі иммундық
жүйенің қалыптасуы мен оның қызметінің толық
атқарылуын қамтамасыз ететін без. Айырша без
иммундық жүйенің орталық мүшесіне жатады. Ол
көкірек қуысында орналасқан тақ көкірек бөлігінен
және кеңірдектің екі қапталында жатқан жұп мойын
бөлігінен түрады. Адам мен жануарлар
организмдеріндегі жасушалық және гуморальдық
(сүйықтық) иммунитеттердің қалыптасуында
маңызды рөл атқаратын Т лимфоциттердің түрліше
популяцияларын түзу арқылы айырша без денедегі
иммуногендік қызметті реттеуге қатысады.


Қалқанша безі(glandula thyroіdea)-адамда кеңірдектің
қалқанша шеміршегі мен 5—7-кеңірдек сақиналары
аралығында орналасқан, организмнің өсуін, дамуын,
ондағы зат алмасуды реттейтін, құрамында иоды бар
гормон түзіп, оны өзіне жинайтын орган. Мойын
аймағында кеңірдектің алдында орналасқан қалқанша
без (glandula thyroidea) – біршама ірі без. Ересектердің
қалқанша безінің салмағы 20-30 тр. Балаларда (2 жасқа
дейінгі) – 1,5-2 г. Қартайған шақта, басқа да ішкі сөлініс
бездері секілді, оның салмағы кішірейеді. Қалқанша без
тіні дәнекер тіннің жұқа қабаттарымен қоршалған
көлемі 25-500 м км болатын фолликулалардан тұрады.
Қалқанша безі


Томпақ дене
Томпақ дене(ми эпифизі),
corpus pinale ,(epyphysis
cerebri) аралық мидың
эпиталамусына жатады және
ортаңғы мидың жоғарғы
төмпешіктерін бір-бірінен
бөлетін жүлгеде орналасады.
Томпақ дененің эндокриндік
рөлі:оның жасушалары
жыныстық жетілуге дейін
гипофиз әсерін тежейтін зат
бөледі және зат алмасудың
көбін реттеуге қатысады.
Томпақ дененің қанмен
қамтамасыз етілуі. Томпақ
денені артқы милық және
жоғары мишықтық
артериялардың тармақтары
қанмен қамтамасыз етеді.


Бұлардан басқа ішкі сөлініс бездеріне бірқатар ағзалар жатады – бүйрек,
ішек-қарынның кілегейлі қабығы, бауыр, себебі олар қанға организм
мүшелерінің қызметіне ерекше әсері бар бірқатар заттар бөліп
шығарады. Атап айтқанда ренин, гастрин, секретин, панкреозимин,
энтерогастрин, энтерогастрон, эритропоэтин т.б. Эндокринді жүйеге
шығару түтіктері жоқ бездер жатады, бірақ организмнің ішкі ортасына
активті физиологиялық активті заттар бөлетін (гормондар), организмнің
гуморалді реттелуін қалыптастыратын, жасушалар тіндер мен
мүшелердің қызметтерін күшейтеді немесе төмендетеді. Көпшілік
гормондардың түзілуі мен қанға шығуы орталық жүйке жүйесінің
бақылауында болады. Барлық ішкі сөлініс бездер вегетативтік жүйке
жүйесінің тамырларымен жабдықталған. Ал бүйрекүсті безінің миды
қабатынан, қалқанша, қалқансерік, ұйқы бездерінің және гипофиздің
артқы бөлімінің қызметіне секрециялық жүйке әсері толық дәлелденген.
Қорытынды


Назарларыңызға
рахмет!


Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Дайырбекова М.М “Адам анатомиясы”. Алматы ”Медицина баспасы”2002-288бет 
2 .Рақышев А.Р.”Адам анатомиясы’1 том. Алматы.2004ж
3. Жұмабаев У.Әубәкіров Ә.Б Досаев Т.М “Адам анатомиясы”. Атлас 1 том.Астана :
Фолиант ,2005


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет