Қалқансерік бездер (glandula parathyroideae) аса үлкен емес эпителиалды құрылым, саны 2-6, салмағы 20-50мг. Әдетте, олар қалқанша безінің артқы жағында, жоғарғы және төменгі ұштарында жұптап орналасқан. Бездер өте жақсы тамырланған. Қан мен лимфа тамырларының бойымен оларға симпатикалық жүйке талшықтары енеді. Қалқансерік безінің гормоны – паратгормон деп аталады.
Қалққаншамаңы бездерін ғалымдар көпке дейін қалқанша бездің бір бөлігі деп келген. Кейін жеке бөліп алып зерттегенде (1924) олардың қалқанша безден бөлек екені анықталған. Бұл бездерпаратгормон бөледі. Ауру белгілері: Егер ағзада паратгормон жетіспесе немесе бездерді алып тастаса, кальцийдің деңгейі қанда азаяды, фосфордың мөлшері артады. Орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы жоғарылайды да бұлшықеттер сіресіп қалады. Қалқаншамаңы бездері ісуіненпаратгормон шамадан тыс артық бөлінсе, сүйекте кальций мұлдем азаяды. Сүйектер қисайып сынғыш келеді, қантамырда, бауыр мен бүйректе, мида кальций көп жиналады. Мұндай жағдайда қалқаншамаңы бездерінің зақымданған жерін хирургиялық жолмен алып тастайды немесе рентген сәулесімен емдейді.
Егер ағзада паратгормон жетіспесе немесе бездерді алып тастаса, кальцийдің деңгейі қанда азаяды, фосфордың мөлшері артады.
Орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы жоғарылайды да бұлшықеттер сіресіп қалады. Қалқаншамаңы бездері ісуінен паратгормон шамадан тыс артық бөлінсе, сүйекте кальций мұлдем азаяды. Сүйектер қисайып сынғыш келеді, қантамырда, бауыр мен бүйректе, мида кальций көп жиналады. Мұндай жағдайда қалқаншамаңы бездерінің зақымданған жерін хирургиялық жолмен алып тастайды немесе рентген сәулесімен емдейді.
Қарынасты (ұйқы) безі
Қарынасты (ұйқы) безі - аралас (қос) безге жатады. Ол әрі ішкі, әрі сыртқы қызмет атқарады. Сыртқа сөл бөлу қызметіне ас қорыту сөлін өндіру қызметі жатады. Ішкі гармон бөлу қызметін Лангерганс аралшықтары атқарады. Ұйқы безінің гармондары: инсулин және глюкаген