Клиникалық классификацияда қатерлі ісіктің барлық параметрлері (ісіктің алғашқы көлемі, маңындағы тіндерге таралуы, аймақтық және алыс метастаздардың бар-жоғы) бірге қарастырылады.Бұл классификация бойынша қатерлі ісіктер 4 сатыға бөлінеді:
• І саты - ісік бір ғана жерде орналасқан, шағын шектеулі кеңістікті алып жатады, ағза қабырғасынан өтпеген, метастаздары жоқ.
• ІІ саты - ісіктің көлемі үлкен, Дегенмен, ағзаның шеңберінен шыға қоймаған, аймақтық лимфа түйіндерінде бірен-саран метастаздар болуы мүмкін.
• ІІІ саты - ісіктің көлемі үлкен, ыдырау процестерінің белгілері бар, ағзаның қабырғасынан өтіп кеткен немесе шағын ісік, бірақ аймақтық лимфа түйіндерінде көптеген метастаздары бар.
• ІV саты - ісік іргелес ағзаларға, оның ішінде алынбайтын ағзаларға (аорта, қуыс вена) таралып өскен немесе алыс аймақтардағы метастаздары бар кез-келген көлемдегі ісік.
Ісіктердің клиникасы мен ДиагностикасыҚатерсіз ісіктер негізінен жергілікті өскен жерінде плюстін түрінде көрініс береді, жалпы организмге әсері болмайды.Қатерсіз ісіктер арасында организмге жалпы әсері болатын белгілі бір аймақтарда орналасқан ісіктер болуы мүмкін: тоқ ішек полипі ішек түйілуіне, мидың қатерсіз ісігі қысылу синдромы мен неврологиялық симптоматикаға, бүйрек үсті безінің аденомасы гиперадреналемияның салдарынан артериялық гипертензияға әкеп соғуы

Науқастардың өздері пайда болған түзіліске жиі назар аударады. Бұл ісіктер жәй өседі, ауырсыну сезімі болмайды, сыртқы пішін дөңгелек, беті тегіс болып келеді.Айқын клиникалық көріністер сатысындағы қатерлі ісіктерді анықтау қиындықтар тудырады. Басым көпшілігіне бұл ісіктер асқыну сатысында анықталады.