Клиникалық тұрғыдан қатерлі ісіктердің дамуын үш кезеңге бөлуге болады: 1) пребластоматоздық кезең; 2) клиникаға дейінгі кезең - ағза ісік ауруына шалдыққан, бірақ клиникалық көрініс бере қоймаған; 3) клиникалық кезең - 1 бұл кезеңде ағза қызметінің бұзылу белгілері пайда болып, дерттің белгілері бой көтереді.
Қатерлі ісіктерді анықтау мен емдеудің табысты болуының негізі барлық мамандықтардағы дәрігерлердің онкологиялық білімін арттыру мен олардың онкологиялық қырағылығын дамытуда. Онкологиялық қырағылық дегеніміз:• қатерлі ісіктердің дамуына ықпал ететін дерттерді білу (ракалды дерттер). «Әрбір рактың өзінің ракалды дерті бар, бірақ әрбір ракалды дерт міндетті түрде ракқа айналмайды».• қатерлі ісіктердің ерте сатыдағы белгілерін білу;• Дәрігерге қаралған күдікті деген науқасты қатерлі ісіктің белгілерін анықтау үшін мұқият тексеру;• әрбір қиын немесе түсініксіз жағдайларда ең алдымен қатерлі ісік туралы ой болуы тиіс;