Ісік өсуінен сақтандыру және оны емдеу тәсілдері. Ісік өсуінен алдын-ала сақтандыру обыр алды және дисгормондық жағдайларды ерте анықтап емдеуге негізделеді. Сонымен бірге қоршаған ортаның тазалығы үшін және әртүрлі зиянды әдеттермен күресуді қажет етеді.
Емдеу тәсілдерінің жалпы негіздері мынаған бағытталған: хирургиялық емдеу – ісікті сау тіннің көлемінде дер кезінде отап тастау;
химиотерапия үшін жасушалардың өсіп-өнуін тежейтін дәрі-дәрмектер қолдану;
ісік жасушаларының өсіп-өнуін тежеу мақсатында иондағыш сәулелерді қолдану;
организмнің қорғаныстық күштерін көтермелеу және жетілдіру.
Ол үшін еркін радикалды тотығуды тежейтін антиоксиданттар, ісік өсуін туындататын вирустарға қарсы интерферондар, иммундық жүйені қалпына келтіретін дәрі-дәрмектер, зат алмасудың бұзылыстарын жөнге келтіретін витаминдер т.с.с. заттар қолданылулары керек.