Мезенхималық ісіктер. Мезенхима деп дәнекер тканьдердің арлық түрлері пайда болатын эмбрион-дық тканьді атайды. Мензехимадан дәнекер ткань, қантамырлы бұлшықеттер, шеміршек және сүйек ткані, сірі қабықтар, қан жасау жүйесі жатады. Осы тканьдердің жетіліп үлгермеген (камбиальдік) элементтерінен белгілі бір жағдайларда қатерлі және қатерсіз ісіктер өсіп шығады.
Мезенхимадан өсетін қатерлі ісіктер. Фиброма жетілген талшықты дәнекер тіннен өсетін қатерсіз ісік. Ол теріде, теріасты шелінде, сүт безінде, жатырда, бұлшықет аралығында өсіп,бірте-бірте үлкейіп көлденеңі 4-5 см жетеді. Құрамындағы клеткалар мен дәнекер тіннің арақатынасына байланысты фиброма-ны екіге бөледі: жұмсақ фиброма фибробласт, фиброцит клеткаларынан түзілген. Олардың арасында аралық тін мен жіңішке коллаген талшықтары көрінеді. Қат-ты фиброма әртүрлі бағытта орналасқан дәнекер тін талшықтарынан және аз мөлшердегі фибробласт клеткаларынан құралған. Десмоидтық фиброма қатты фиброманың бір түрі, іштің тік бұлшықетінің апоневрозынан өседі. Дерматофиб-рома(гистиоцитома) терімен байланысқан дәнекер тін ісігі. Ісік құрамында қан тамырлары да көп, сондықтан дерматофиброманың ангиофиброматоздық, липидтік, сидерофилдік түрлерін ажыратады.
Липома - май тінінің қатерсіз ісігі. Ол кесіп қарағанда сары немесе ақшыл сары түсті. Липома көлемі мен пішіні әртүрлі май клеткаларынан түзілген. Егер маймен бірге дәнекер тін өсіп кетсе ісікті фибролипома деп атайды. Липома құрамында қан жасаушы элементтер болса оны миелолипома дейді.
Гибернома қоңыр май тәрізді өте сирек кездесетін ісік. Қоңыр май қалдық-тары ұшырайтын жерлерде: омыртқа, бүйрек, бүйрекүсті безі айналасында, жауы-рын аралығында, мойында, қолтық астында дамиды.
Лейомиома біріңғай салалы бұлшықет ісігі, көбінесе жатырда, асқазан-ішек жолдарында кездеседі. Ісік құрамында дәнекер тін басым болса, ол ісік фибромио-ма деп,қан тамырлары көп болса - ангиомиома деп аталады.
Рабдомиома көлденең жолақты бұлшықет ісігі жүректе, аяқ-қол бұлшықет-терінде өседі,оның көлденеңі 10-15 см-ге жетеді.