Престеу мен созу.
Қыздырылған металды контейнерге салып, пуансонмен сығыпматрицаның тесігінен шығару арқылы дайындама алуды престеу деп атайды. Престелген бұйымның профилі сол тесіктің профиліне сәйкес келеді. Престеу-өнімділігі жоғары және экономикалық тиімді, әртүрлі профильдерді дәлдігі жоғары өтіп жасайтын технологиялық процесс. Престеу арқылы металдар және олардың түрлі қорытпалары тіпті металл емес материалдар да жақсы өңделеді. Өңделетін материалдардың созымдылық қасиеті жоғары болғаны дұрыс. Мыс, алюминий, магний, титан сияқты созымдылығы нашар қорытпалар мен қоса көміртегілі және легірленген болаттар престеумен оңай өңделеді.
Престеу әдісі тура және кері престеу болып бөлінеді.
Тура престеуде матрица тесігі 5-тен шығатын металдың бағыты пресс-шайба 2 арқылы дайындама 3-ті қысатын пуансон 1 мен бағыттас. Дайындаманың контейнер 4-те қалатын бөлігін пресс қалдық деп атайды. Әдетте оның массасы кесек темірдің массасынан 8-12% мөлшерінде болады.
Құбыр престегенде дайындама пуансон 1 арқылы өтетін ине 6 жәрдемімен тесіледі. Пуансон және пресс-шайба 2 жылжыған сайын металл құбыр 3 түрінде матрица 5-тің тесігінің қабырғалары мен иненің аралығындағы дөңгелек саңлау арқылы шығады.
Кері престеуде матрица 5 қуыс пуансонның шетіне орналасады, сөйтіп металл пуансонның бағытына кері сығылады. Бұл әдісте металл қалдықтары (6-10% дайындама массасынан) және престеу күші кемірек болады. Пайдаланатын жабдықтың күрделілігінен бұл әдіс кемірек қолданылады.
Престеу жабдықтары ретінде көлденең және тік, күші 3-250мн сұйықтық жұмыс қысымы 40мПа-ға дейінгі гидравликалық престер қолданылады.
Созу деп (әдетте суық күйде) проктталған немесе престелген дайындамаларды көлденең қимасының ауданы дайындаманың көлденең қимасы ауданынан кіші етіп матрица тесігінен өткізуді айтады. Шыбықты тесіктен Р күшімен созғанда реакция күштері пайда болып дайындаманы қысады. Үзіліп кетпеуі үшін созылу кернеуі дайындама материалы беріктігі шегінің 0,6 мөлшерінен артпауы керек. Қажетті профильді етіп созу үшін дайындама біртіндеп кішірейе беретін көптеген тесіктерден өткізіледі. Суық пластикалық деформация нәтижесінде металл беріктігі (тым қаттылығы) артады. Сол тым қаттылығы төмендетіп, созылғыштығын арттыру үшін аралық рекристаллизациялық жасытады.
Әр түрлі болаттар мен түсті металдардан диаметрі 0,002-10мм сымдар, әр түрлі профильдер, диаметрі 3-150мм калибрленген шыбықтар, диаметрі 500мм-ге дейін қабырғаларының қалыңдығы 0,1-10мм аралығындағы тегіс, дәлдігі жоғары суықтай созылған құбырлар жасалады.
Созу аспабы қызметін матрица атқарады. Олар тұтас, құрамалы және роликті болып келеді.
Созуды созу стандарында жасайды, сүйірлеу құрылғыларының жәрдемімен дайындама матрица тесігінен өткізіледі. Созу стандары сүйреу құрылғыларының қозғаласына қарай тіксызықты, мезгіл-мезгіл қозғалысты және үздіксіз әрекетті болып бөлінеді.
Құбыр созудың екі тәсілі бар:
1) оправкасыз құбырдың тек диаметрін кемейту үшін;
2) оправканы пайдаланып қатарынан диаметрі мен қабырғасының қалыңдығын кемейту және фасонды құбыр жасау үшін.
Металды қысым арқылы өңдеудің негізгі түрлеріне прокаттау, престеу, созу, соғу, көлемдік және темір штамптау жатады.
Прокаттау деп қарама-қарсы бағытта айналатын екі немесе бірнеше біліктердің арасына металды енгізіп, қысу арқылы өңдеп қажетті пішін беруді айтады. Прокаттау өнімдеріне (рельстер, балкалар, швеллерлер, трубалар, дөңгелек, квадрат, алтыбұрыш, табақ темірлер) жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |