Искакова Ж. М., Симбаева С. О



Pdf көрінісі
бет10/69
Дата15.05.2022
өлшемі0,89 Mb.
#34502
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   69
 
“- Тіпә-тіпә… тілім тасқа! Алтын тақта отырар айбарым 
келіпті  ғой…-  деді де сол тұрған  жерінде жеңсізінің  омырауын 
ашып жіберіп, жыбыр қағып қозғалған нәрестені кеудесіне баса 
қойып:  -  Өзімнің  балам…  Өзім  асырып  ер  жеткізем…  -  деп 
күбірлеп  сөйлеп    кетті”,-  дейді.  Абайдың  өр  мінезі  жасөспірім 
кезінде  көріне  бастағанын,  жанары  оттай,  өткір,  шымыр, 
шыншыл,  дос-жанды,    жайдары  болып  өскенін  кейіпкер  мінез-
құлқын  бергенде,  өз  бойына  шақ  бояу,  өрнектері  ашық,  әрі 
үйлесімді етіп суреттеледі. 
 
Жазушы  романда  Абайдың  балалық  шағы  мен  жастық 
дәуренін  алғашқы  кітаптарда  топтап,  есейіп,  ес  жиған  өмір 
кезеңдерін  де  әрбір  нақтылап,  сенімді  күрес,  тартыс  арқылы 
шебер  суреттеген.  Бұл  романда  адам  өмірі  шығармашылықпен 
жүзеге  асырыла  отырып,  замана  қаһарманын,  оның  рухани  жан-
дүниесін, мақсат-мүддесін, ой-сезімін шыншылдықпен өрнектеп, 
Абай  характерін  ашуды  биік  мұрат  тұтқан.  Абай  өмірдегі  өз 
қалпын сақтап, шынайы сөзін айта алғандай әсер етеді. 
 
Көркем шығармада адам бейнесін мүсіндеудің жолдары көп 
екені 
аян. 
Адам 
бейнесін 
айқындайтын 
көркемдік 
компоненттердің  бірі  -  портрет.  Портрет  әр  адамның  өзіндік 
сипатын, өзара бітімін танытуға да елеулі қызмет етеді. Сонымен 


20 
 
қатар, портрет – адам характерінің негізгі өзгешелігін де білдіріп 
отыратын  шығармадағы  көркемдік  компонент.  Жазушы  ойының 
түпкі  қазығы,  кейіпкерге  деген  оның  негізгі  көзқарасы, 
суреткерлік  позициясы  осы  портрет  арқылы  көрінеді.  Шын 
мәнінде  жоғарыдағы  Абай  бейнесі  де  бірнеше  жерде  портрет 
арқылы  есте  қаларлықтай  етіп  мүсінделгеніне  куә  боламыз. 
“Абайдың  осындай  қақтығыстар  кезіндегі  орамды  тілді 
шешендігі,  әсіресе  үлкен  отыр  екен  деп  қаймықпай    қарсы 
шабатын  түр-тұлғасы  тым  ерте  қалыптасты.  Мұндайда 
төбесінен  нұр  шалқығандай  боп,  даусы  да  саңқылдап  ашық-
жарқын  шыға  бастайтын  еді.  Тегінде  адам  баласы  жарық 
дүниеге  келгенде  көзін  тырнап  ашқаннан  не  нәрсеге  бұрын 
әсерленсе, ғұмыр бойы соған ұмытылып өтетін сияқты.  
 
“...Өз  көңілі,  жүйрік  ойы  кеудесінен  құс  болып  ұшып 
шығып, көз жетпес алыс-алыс қырларды бір-бір шолып қайтпай, 
одан күнделікті тірлігіне лайықты сурет таппай тынымы жоқ. 
Және  өткені,  көргені,  қазіргісі  қосарлана  бірге  жүріп  қызмет 
етеді.  Қай  ауылда,  кімнің  үйінде,  соның  от  басы,  ошағының 
қасында не болып жатқаны оның ойы мен бойында еріксіз бірге 
өмір  сүреді”,  -  дейді.  Бұл  роман-хамсадағы  Абайдың  Сүйіндік 
қызы  Тоғжанға  бір  көргеннен  құлай  ғашық  болып  қалған  тұсын 
суреттеген  жазушы  қыз  портретін:  “Жұқалтаң  ақшылт  өңді, 
ұзынша  қыр  мұрынды,  бойын  қаққан  қазықтай  тіп-тік  ұстап, 
жүретін  осы  қыз  оның  күндіз  ойынан,  түнде  түсінен  шықпай 
қойды.  Өзімен-өзі  оңаша  қалған  кездерінде  шолпысының 
сылдыры  мен  күлкісінің  сыңғырын  құлағынан  кетіре  алмайды. 
Нұр  шашқан  өткір  қара  көздері  қандай  әсем  еді”-  деп    мінез 
құбылысын,  сөйлеу  мәнерін,  кескін-келбетін  шебер  танытқан. 
Романдағы осы портрет-мінездемелерден  Абайдың  түр-тұлғасын 
есте  сақтап  қалуға  мүмкіндік  жасалған.  Келе-келе  ақын-
азаматтың болыс-билерге қарсы  шыға бастағаны,  ірі әрекеттерге 
араласуы нақты оқиғалар негізінде баяндалады.  
 
Бұл  тұстардан  роман  кейіпкерлерінің  адамдық,  азаматтық 
және  қайраткерлік  сипатын  тани  отырып,  Абайдың  іс-әрекет 
үстіндегі  шын  келбетін,  таза  табиғатын  адастырмай  аңғартатын 
көптеген  суреттер  бар.  Басты  бейненің  әділдікті  аңсағанын,  сол 
жолда  жанын  аямай  қызмет  еткенін,  “азаматтық,  адамгершілік” 


21 
 
деген  әдемі  ұранның  байыбына  терең  барғанын,  аса  шытырман, 
қиын  сәттерін  де  көрсету  арқылы  автор  қаһарман  бейнесін 
білгірлікпен  сенімді  ашқан.  Романдағы  Абай  мен  Шоқан 
байланысы,  әсіресе  Шоқан  өлімі  қазасы  қатты  күйзелтіп 
жібергені  туралы  кеңінен  айтылады.  Абайдың  соншалықты 
қайғырғанын көрген дос-жарандары да бас айналар бақытсыздық 
болғанын  түсінеді.  Бұл  туралы  жазушы  жеріне  жеткізе  жаза 
біледі. Оның дәлелі ретінде мынадай түйіндер беріледі:  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет