Искакова Ш. Г


Some жəне any есімдіктерінен туындаған есімдіктер



Pdf көрінісі
бет26/179
Дата25.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#86881
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   179
Some жəне any есімдіктерінен туындаған есімдіктер. 
Some, any есімдіктері -one, -thing жəне -body сөздерімен 
байланысып белгісіз есімдіктерді құрайды: someone, somebody біреу 
әлдекім, anybody, anyone кім де болса, something бірдеме, бір нәрсе, 
anything не де болса. 
1. some, any есімдіктері сияқты someone, somebody жəне something 
есімдіктері болымды сөйлемдерде қолданылады, anyone, anybody 
жəне anything есімдіктері сұраулы жəне болымсыз сөйлемдерде 
қолданылады. 
Мысалы: Give me something to read. 
Маған бірдеме оқуға берші. 
Did you see anybody (anyone) there? 
Сіз ол жерден біреуді көрдіңіз бе? 


31 
2. Any есімдігі сияқты anyone, anybody, anything есімдіктері 
сөйлемдерде әркім, әр нәрсе деген мағынада болымды, болымсыз жəне 
сұраулы сөйлемдерде қолданылады. 
Мысалы: Anyone can do that. 
Мұны əркім істей алады. 
You may play anything you like. 
Сізге өзіңіз қалаған нəрсені ойнауыңызға болады. 
No. 
No есімдігі сөйлемде жекеше жəне көпше түрдегі зат есімнің 
алдында тұрады. No есімдігі not … а жəне not … any сияқты аударылады. 
Мысалы: I have no ticket. (I haven’ t a ticket) 
Менде билет жоқ. 
I found no mistakes in your diс tat ion. 
(I did not find any mistakes in your dictation) 
Мен сіздің диктантыңыздан ешқандай қате таба алмадым.
Ағылшын тілінде not жекеше түрдегі саналатын зат есімнің алдында 
қолданылады. Not any көпше түрдегі саналатын зат есімнің жəне 
саналмайтын зат есімнің алдында қолданылады. 
 
No есімдігінен туындаған есімдіктер. 
 
No есімдікті body, one жəне thing сөздерімен байланысып болымсыз 
есімдіктерді құрайды . Nobody, no one (ешкім) nothing (ешбір зат, 
ештеңе). 
Мысалы: We saw nobody there. We didn’t see anybody there. 
Біз сонда ешкімді көрген жоқпыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет