«Іскерлік қарым-қатынас этика» пәні бойынша



бет8/26
Дата29.12.2023
өлшемі444 Kb.
#144532
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Байланысты:
«Іскерлік арым- атынас этика» п ні бойынша (1)

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Кибанов А.Я., Захаров Д.К, Коновалова В.Г. Этика деловых отношений : Учебник / под ред. А.Я. Кибанова. М., 2010.

  2. Цвык В.А. Профессиональная этика : основы общей теории. М., 2010. Тема 10, 11.

  3. горшин А.П., Распопов В.П., Шашкова Н.В. Этика деловых отношений : учебное пособие для вузов. Н.Новгород, 2008.

  4. Коммуникационный менеджмент. Этика и культура управления / Т.Ю. Анонченко [ и др.]. Ростов-на-Дону, 2010.

  5. Горелов А.А., Горелова Т.А. Этика : учебное пособие. М., 2006. Часть 3. Гл.1,2



Тақырып 6. Іскерлік адам имиджін қалыптастырудың ерекшеліктері.

  1. Имиджінің түсінігі және басқарудағы оның ролі.

  2. Қазіргі нарық жағдайында имидж және бедел.

  3. Басшы имиджі.

  4. Имиджмейкингтің негіздері

1 Имиджінің түсінігі және басқарудағы оның ролі


Имидж немесе бейне – кәсіпорын жөніндегі бір немесе бір топ адамдардың, қоғамның, тұтынушылардың т.с.с ой-тұжырымы. Ал бір ғана объект жөнінде бірнеше ой пікір болуы мүмкін және мекеме қоғамдық тұрғыдан қарағандағы өз бейнесіне риза болуы немесе оған байланысты проблемаларды аңғаруы мүмкін. Олай болған жағдайда ұйымнан өз қалауына қарай қажетті бейнені құрастыру және ол бейненің маркетинг жасаған жоспарға сәйкес бұрынғы бейнеден жаңашыл және жетілдірілген болуы талап етіледі.
«Имидж» ағылшын тiлiнен шыққан сөз. Яғни, бет бейне, түр-тұрпат немесе кескiндеме дегенді білдіреді. Белгiлi бiр кәсіпорынның тауар таңбасының нарықта және тұтынушылар арасында қалай бағаланып, қадірленуіне байланысты іс әрекеттер, осының барлығы имиджге жатады. Кәсіпорын өз беделін көтеру үшін атқарушы қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттырып, кешенді шараларды жүзеге асыруға ұмтылады. Сондай-ақ жұмыс тәсіліне баса назар аударады.
Сол арқылы өз бейнесін жұртшылық күткен деңгейге келтіруді қолға алады.
Қоғамдық пікірді ұйымдастыру барысында маркетинг тәрізді аудиторияның мұқтажы мен талап-тілектерін, психологиясын білу қажет болса, коммуникация саласында ептілік, адамдардың көзқарасына әсер ететін бағдарлама жасап, оны іске асыруға қабілеттілік талап етіледі. Маркетинг пен қоғамдық пікірді ұйымдастыру арасындағы ұқсастық бірқатар кәсіпорындарда бұл екі функцияның біріңғай басқаруға бірігуіне алып келеді. Кәсіпорындарда маркетингтің қазіргі бейнесін бағалауды және оны жақсарту жөніндегі бейнені қалыптастыру жоспарын жасауды талап етеді [1].
Қазіргі уақытта кәсіпкерлік саласында тартымды фирма имиджін қалыптастыру қызметі ерекше мәнге ие болуда. Тартымды имидж тұтынушылар санасында фирма туралы жағымды ақпараттарды
қалыптастыруға және фирма тауарларын сату көлемінің артуына әсер етеді. Көбінесе тұтынушы беделі жоғары фирма өнімін қымбат болса да сатып алуға әрқашан дайын тұрады.
Еңбек нарығындағы өткір бәскелестік жағдайында бәсекеге қабілетті өнім шығару жеткіліксіз болып табылады, сондықтан өзіндік тартымды имидж қалыптастыру аса маңызды.
Фирма имиджі бағыттарының бірі ұйымның жағымды бейнесін қалыптастыру өнері және технологиясы, сондықтан имидж және PR-технологияларды жасау және жетілдіру қоғам және уақыт талабы болып табылады. Ең бастысы кәсіпорын шығаратын өнімінің сапасы, компанияның істелініп жатқан нақты жұмыстарымен бағалануы қажет.
2 Қазіргі нарық жағдайында имидж және бедел
Кәсіпорын имиджін жасау үшін білікті мамандар көмегіне сүйенген жөн, себебі имидждің көзге көрінетін визуалды құралдары ғана (фирмалық стиль) фирмаға тән, ал оның ең басты бөлігі жарнама, қоғаммен байланыс мамандарының көмегімен дайындалып, тұтынушы санасына бекітіледі. Ол үшін ең алдымен фирма имиджінің міндеттерін анықтап алу қажет.
Фирма имиджінің міндеттері:
1. Фирма беделін жоғарылату, яғни фирмалық стиль жасау, ал фирмалық стиль – бұл компанияның жағымды имиджін қалыптастыруға атсалысатын және олардың тұтынушымен жарнамалық байланыстарының, серіктестердің сенімділігін арттыратын және компанияның нарықтағы беделін жоғарылататын визуалды идентификацияның кешендік жүйесі.
2. Тауарды жылжыту барысында әртүрлі іс-шаралардың және жарнаманың тиімділігін жоғарылату. Көбінесе тұтынушы беделі жоғары, танымал фирма тауарын қымбат болса да сатып алуға әрқашан дайын тұрады.
3. Фирманың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, нарықтағы өткір бәскелестік жағдайында бәсекеге қабілетті өнім шығару жеткіліксіз болып табылады, сондықтан өзіндік тартымды имидж қалыптастыру аса маңызды.
Имидж дайындау келесі кезеңдерді қамтиды:
- мақсатты аудиторияны анықтау, оның жасын, уәждерін, қызығушылығын, табыс деңгейін, өмір сүру стилін және т.б. зерттеу;
-имидж тұжырымдамасын дайындау. Имидж тұжырымдамасы – бұл фирма мен оның тауарларына қатысты және де тұтынушыларға маңызды басты принциптер, уәждер және құндылықтар;
-тұтынушы санасына имиджі қалыптастыру, енгізу және бекіту үшін іс-шаралар жиынтығын дайындап, жүзеге асыру.
Фирма имиджінің құрылымы төмендегілерден құралады:
-тауар имиджі;
- тауарды пайдаланатын тұтынушылар имиджі;
- фирманың ішкі имиджі;
- басшы имиджі;
-персонал имиджі;
-фирманынң визуалды имиджі;
- фирманың әлеуметтік имиджі;
- фирманың бизнес имиджі.
3 Басшы имиджі
Қазіргі қоғам басшылардан тұлғалық қабілеті мен қасиетінен басқа, ғылым, мәдениет, ақпараттық және әлеуметтік технологиялардың жалпы дамуына сай жаңа арнаулы білім, білік пен дағдыны меңгеруін талап етеді.
Кәсіпорын мен тұлғаның табысы екі негізгі компоненттен қалыптасады:
1) кәсіпорын немесе нақты тұлға ұсынатын тауардың немесе қызметтің қажеттілігі;
2) нарықтағы басшының немесе компанияның беделі.
Басшының беделі сатылымның артуына ғана әсер етіп қоймайды, беделді басшы ұжымды тиімді басқарады, серіктестермен және мемлекеттік органдармен сауатты қатынас орнатады.
Инновациялық типтегі болашақ басшының жеке басына қойылатын талап кәсіби құзыреттілігімен, шығармашылық әрекетімен, азаматтығымен; әлеуметтік жауапкершілігімен, стратегиялық жаңашыл бағытта ойлауымен, белсенділігі, азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекет ету дағдысымен; жаңашыл ақпараттық мәдениетті және әлеуметтік шынайылықта әлеуметтік технолог – құрастырушы қасиетін меңгеруімен айқындалады.
Персонал имиджі. Персонал – бұл ұйымның болашағын анықтайтын стратегиялық фактор, себебі, тек адамдар ғана жұмысты орындайды, идеяларды ұсынады және кәсіпорынның әрі қарай дамуына мүмкіншілік береді. Кәсіпорын қызметкерінің сырт бейнесі, қызметкерлердің мінез-құлқы, өздерін ұстай білуі, әдептілік танытуы, қошемет білдіруі, клиентпен сөйлесе білуі және оның қажеттіліктерін анықтауға тырысушылық қабілеті, клиенттің қарсылықтарымен, күмәнділіктерімен жұмыс істей білу және сұхбатты аяқтау фирма имиджін қалыптастыруда зор рөл атқаратыны сөзсіз.
Жұмыс тобының психологиясы – бұл ұжым мүшелерінің қалыптасуы және қызмет етуі процесінде пайда болатын нақты әлеуметтік-психологиялық құбылыстардың жиынтығы. Оған моральді-психологиялық климат (жағдай), қарым-қатынас тәсілдері, қоғамдық пікір және көңіл күй, салт-дәстүрлер, жетекшілік проблемасы, топішілік қақтығыстардың мәні және т.б. жатады
Жұмыс тобының маңызды сапалық сипаттамасы болып оның жетілуі (кемелденуі) болып табылады. Ол жалпы құндылықты бағыттар негізінде оның мүшелері арасындағы берік формальді емес байланыстармен сипатталады. Бұл кезде жеке келіспеушіліктер тез жойылады, тәртіп саналы сипатты иеленеді, өз ұжымы үшін мақтаныш сезімі пайда болады, тұрақты әдет-ғұрып қалыптасады.
Қызметкерлер өздерінің шығармашылық потенциалын білдіруге мүмкіндік алады, қойылған міндеттерді шешуге құлшыныспен араласады [3].
Ұйымның визуалды имиджi. Ұйымның визуалды (көзге көрініп тұрған) имиджi – саудалық және демонстрация залдарының, кеңсенiң интерьер және экстерьерiнің безендірілуін, қызметкерлердің бет-бейнесi, киімдері және фирмалық стиль элементтерін тұтынушылардың сезінуі, көруі. Фирманың визуалды имиджіне эстетикалық, психологиялық және этникалық факторлардың әсері мол.
4 Имиджмейкингтің негіздері
Қазіргі кезеңде мемлекет пен бизнес экономикадағы мәселелерді шешуде ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік саладағы мәселелерді шешу жолында да толыққанды мүдделес әріптес болуы керек. “Әлеуметтік жауапкершілік тұрғысынан алып қарағанда мемлекет негізінен жолдың өзіне тиесілі бөлігін жүріп өтті, тұтасымен алғанда ол қызметін тиімді атқаруда. Ендігі кезек бизнестікі”, – деп атап көрсетті Президентіміз Н. Ә. Назарбаев және түрлі нысандағы кәсіпорындардың әлеуметтік саланы қолдауға ықыласын арттыру мақсатында өз Жарлығымен жыл сайын берілетін “Парыз” сыйлығын белгіледі.
Кәсіпкерлер өз мүмкіндіктеріне қарай халықтың әлеуметтік жағдайына қарайласып отыруы дүние жүзі бойынша практикаға кең тараған құбылыс. Бірақ, мұның өзі орталық немесе жергілікті атқарушы органдардың мәжбүрлеуімен немесе талап етуімен емес, еріктілік жағдайында, атқарушы билік органдармен меморандумдарға қол қою арқылы атқарылса, нәтиженің де қомақты болатынын өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Сонымен қатар, дүние жүзінде корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік демеушілік пен қайырымдылық көмек көрсетумен шектелмейтінін көріп отырмыз. Ал халық тұрмысына қатысты әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға белсене араласу, бизнес қауымдастығының өзінің де беделінің артуына қызмет ететінін ескеру қажет.
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жүйесін енгізу, сонымен қатар, зияткерлік капиталдың сақталуы мен дамуына, мүдделі тараптармен диалог құру арқылы орын алған мәселелерді уақытылы анықтау мен шешу жолымен тәуекелді басқаруға да әсер етеді.
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын ұстану – бизнес-ортаны жақсартудың және ұйым ішінде, сонымен қатар, фирманың сыртқы серіктестермен қарым-қатынасында әлеуметтік келісімге әсер етуінің барынша тиімді тәсілі.
Аталмыш қызметтің негізгі аспектілерінің бірі болып аймақтық нарықта әрекет етуші басқа компаниялармен бәсекелестік қағидасы және мүдделі тараптардың шынайы технологиялық мүмкіндіктері негізінде серіктестік қарым-қатынастар орнату табылады.
Фирманың корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы қызметін келесі негізгі бағыттарға жұмылдыру қажет:

  • персоналды дамыту;

  • өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау;

  • экология мен табиғи ресурстарды қорғау сұрақтары;

  • сыртқы әлеуметтік қызмет.

Сонымен қатар, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік тұжырымдамасын қолданудың нәтижелерін жақын арада емес, орта және ұзақ мерзімді болашақта көру мүмкін болатындығын да объективті түрде атап өткен жөн.
Фирманың бизнес-имиджі – фирманың белсенді іскер, кәсіпкерлік субъект ретінде танылуы. Фирманың бизнес-имиджін анықтаушы көрсеткіштер құрамына келесілерді жатқызуға болады:
фирма абыройы, беделі; сату көлемі; нарықтағы салыстырмалы үлесі; инновациялық технологиялары; тауарларының әртүрлілігі, баға саясатының икемділігі және т.б. [4].
Даму мақсатына сай әрбір кәсіпорын өз имиджін қалыптастыру стратегиясын таңдайды.
Қазіргі уақытта кәсіпорындарда әртүрлі имидж стратегиялары қолданылуда. Мысалы:
- «ерекше бірегей тауар» стратегиясы тауар туралы жағымды ой қалыптастыру үшін оның тұтыну қаситеттері мен сапа деңгейіне басты назар аударады;
- «тұтынушыны жақсы білу» стратегиясы тұтынушы имиджін зерттеуге және алынған мәліметтерді тауар өткізу бағдарламасында қолдануға бағытталады;
- «таңдаулы, үздік кәсіпорын» стратегиясы фирманың ішкі имиджін басшы мен қызметкерлердің жұмысын жақсарту арқылы жүзеге асыруға бағытталады;
- «керемет басшы» стратегиясы басшы қабілеті, құндылықтары, психологиялық сипаттамасы, келбеті және т.б. факторлардың көмегімен қалыптасады;
- «персонал – фирманың бет-бейнесі» стратегиясы қызметкерлер туралы жинақталған бейнені елестетеді. Ең алдымен бұл ұжым мүшелері арасындағы тікелей байланыс, ынтымақтастық және жақсы қарым-қатынастар;
- «біздің ұйымды барлығы біледі» стратегиясы фирманың визуалды имиджін қалыптастыруға бағытталады. Ол үшін жұртшылық назарына кеңсе интерьері, сауда және демонстрация залдары, қызметкерлердің бет-бейнесі және фирмалық белгілер, стильдер туралы ақпараттар таратылуы қажет;
«Әлеуметтік өмір» стратегиясы жұршылық назарына фирманың әлеуметтік мақсаттары, оның қоғамдағы алатын орны туралы ақпараттар ұсынуға арналады.
Тартымды имидж тұтынушылар санасында фирма туралы жағымды ақпараттарды қалыптастыруға және фирма тауарларын сату көлемінің артуына әсер етеді. Ал тауар өндіретін фирманың имиджі ең алдымен оның тауар таңбасының нарықта және тұтынушылар арасында қалай бағаланып, қадірленуіне байланысты болады. Сол сияқты тауар өндіруші фирманың тауарын сатуға, өткізуге жәрдемдесетін әріптестерінің абырой-беделі, оған қоса олардың іскерлік қарым-қатынастарының өркениеттілік және мәдениеттілік дәрежесіне қарай қалыптасады. Мұндай қарым-қатынас бүкіл халықтың, мемлекеттің имиджін көтеріп, мәдениеті мен экономикасының негізін құрайды.

Тақырып 6.Өзін-өзі тексеру сұрақтары


1. «Іскерлік имидж» дегеніміз не?
2.Іскерлік имиджінің қалыптасу техникасын атаныз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет