4) Логикалық кедергі, коммуникатордың ұсынған логикалық тұжырымдары өте күрделі болғанда туындайды. «Ерлер логикасы», «әйелдер логикасы», т.б. логикалар туралы айтуға болады. Қарым-қатынастағы әлеументтік-мәдени ерекшеліктерге саяси, діни, кәсіби ерекшеліктерді жатқызуға болады.

Қарым-қатынас процесіндегі мәлімет алмасу деңгейлері екі түрде іске асырылады: вербалды, вербалды емес. Вербалды (сөз арқылы) деңгейінде (негізгі)-тіл пайдаланылады. Сонымен қатар вербалды емес жүйелер де пайдаланылады: оларға оптикалық-кинестезиялық және акустикалық жүйелер жатады. Оптикалық-кинестезиялық жүйеге адамның сыртқы түрі және әсерлі қимыл-қозғалыстары, ымишараттары, мимикасы, отырыс-тұрысы, жүрісі, т.б. жатады. Бұл жүйенің маңызды түріне көздік контакт жатады. Адамның сезімдері негізінен осылар арқылы беріледі. Партнердің сөзіне сенбегенде осыларға көңіл аударамыз. Акустикалық жүйеге сонымен бірге коммуникатордың дауысының сапасын (тембірі, биіктігі, қаттылығы), интонация, сөйлеу темпі, дауыс екпіні және әртүрлі сөз арасындағы үзілістер (пайза), жөтелістер, күлкілері, т.б. жатқызады.
Адамдар өзара бір-біріне психологиялық ақпаратты вербальды емес белгілер жүйесі арқылы да алады. Ақпараттың көпшілігін адам: а) 55% дене қимылы және физиологиялық қалып арқылы (мимика, қол, дене қимылы) б) 40% дауыс (интонация, тембр, диапозон, дауыс темп арқылы) в)5% сөздің мағынасы арқылы қабылдайды. 90% көру, 9% есту, 1% т.б жолмен алады.