11. Сақтардың қаһармандық дастандарының тарихилығы («Алып Ер Тұңға», «Шу», «Тұмар-Томирис», « Шырақ батыр»). Сақтардың тарихы. Сақтар - Ежелгі түркілердің арғы ата-тегі саналатын көшпенділер сақтар - қазіргі Қазақстан, Орта Азия мен Шығыс Түркістан жерін біздің заманымыздан бұрынғы (қысқаша - б. з. б.) бірінші мыңжылдықта мекен еткен ежелгі тайпалар. Көне грек тарихшылары сақтарды «скифтер» немесе «азиялық скифтер» деп те атағаны мәлім. Ал парсылар сақтарды кезінде «сақ», «сақа», «саға» деген. Осыған орай, сақтар елін «Сахстан» деп те жазатын болған. Адамзат тарихында алғаш жазылған қадым заман кітаптарының бірі «Авестада» сақтар мен олардың мекенін «Тұр» деп атаған. Фирдоусидің әлемге әйгілі эпопеясы «Шахнамада» сақтар елін «Туран» деп көрсетеді. Ал қытайлар сақтардың отанын «Тукиу» дейтін болған. Көшпелі сақтар Евксин (Қара теңіз) мен Азов теңізі аралығында жатқан ұлан-ғайыр өлкені де бұдан үш мың жылдай бұрын мекен еткен екен. Бұл туралы көне грек тарихшысы Геродот жазып қалдырған мол деректер бар.
Біздің заманымыздан бұрынғы IX-III ғасырлар аралығында сақтардың этникалық құрамын қалыптастырған көптеген тайпалар болғаны көне тарихтан жақсы мәлім. Олар: кемерлер, массагеттер, асылар, дахтар, т. б. тайпалар. Сақтардың қаһармандық дастандарының тарихилығыелді сыртқы жаулардан, басқыншылардан қорғау идеясымен тығыз байланысты болып келеді.
Тұмар (Томирис) дастаны.Сақтардың киелі жерін парсы әскерінің шапқыншылық әрекетінен сақтап қалу тақырыбын жыр еткен шығармалардың бірі - «Томирис» дастаны. Бұл дастанның сюжеті бізге Геродоттың «Тарих» атты көп томдық кітабы арқылы жеткен. Көне грек тілінің нормасы бойынша, Геродот сақтардың «Тұмар» деген сөзін - «Томирис» деп жазған. Оның үстіне, Геродот дастанды эпос деп алған. «Томирис» - тарихи-қаһармандық дастан. Дастанның сюжеті тарихта болған шынайы оқиғаларға негізделген. Геродоттың жазуы бойынша, парсы елінің патшасы Кир б. з. б. 539 жылы Вавилонды жаулап алған соң, бірден сақтар еліне жорыққа аттанады. Бұл дастанның тарихилығы осыда. Дастанның басты қаһарманы - Тұмар (Томирис). Ол сақтар елінің мәликасы, патшасы. Тұмар өз елін ішкі және сыртқы жаулардан қорғау үшін жан аямай күресетін ержүрек әмірші. Соғыс өнерін жетік меңгерген қолбасшы. Өз халқының қамқоршы көсемі. Сондай-ақ мейірбанды ана. Сюжеті. Сақтар еліне шабуыл жасау үшін Кир патша Аракс (Әмудария) өзеніне көпір салдыра бастайды. Томирис одан халықтың қанын төкпеуді, соғыс ашпауды сұрайды. Томирис Кирдан бар болғаны 3 күн уақыт беруін және сол 3 күнде өз жерінен халқымен көшіп кететінің айтады. Бірақ Кир келіспейді. Ол Томириске құда түсіп барып, сол арқылы барлық сақтарды жаулап алғысы келеді. Кейін екі ел арасында соғыс болып, Кир Томиристің ұлы Спаргаписті қулықпен өлтіреді. Осыдан кейін Томирис ұлы үшін Кирдан кек алып, оны өлтіреді.