I-тарау. Жапонияның экономикасының тарихы және қазіргі кезеңдегі сипаты 1.1. Жапония экономикасының қалыптасу Соғыс аяқталғаннан кейін Жапония экономикасы қиын кезеңдерді бастан кешірді. Соғыс салдарынан мемлекет өзінің материалдық жағдайының 40 пайызынанайырылуы ауыр өнеркәсіп жабдықтарының 30 пайызынан айрылды. Ал Нагасаки мен Хиросима атом бомбалауынан жермен жексен болды. Тауар мен материал, азық-түлік жетіспеушілігі жалпыға бірдей сезілді.Инфляция 50 пайызға дейін жетті.Жапондық иен курсы американ долларына шаққанда әлдеқайда төмендеп, құлдырай түсті. Көптеген кәсіпорындар жабылып қалды/3/.1946 жылы өнеркәсіп өнімінің деңгейі соғысқа дейінгінің 14 пайызын құрады. 1945 -1947 жылдар аралығында қағаз ақша саны 4 есе өсті. 1945 жылы жұмысшылардың жалақысы соғысқа дейінгі деңгейдің 13 пайызын құрады. Барлығын қайтадан, жаңадан бастауға тура келді. 1947 жылы оккупациялық әкімшілік жаңа Жапондық Конститутция даярлап шығарды. Осылайша, Жапония экономикасының дамуы 3 кезеңге бөлінді:
1 кезең: 1945-1960 жылдары Жапон экономикасының түбегейлі өзгеруі, әлемдік экономикада АҚШ-тың басымдылығы. 1950 жылдардан бастап Жапония экономикасының орташа жылдық дамуы 9,2 пайызды құраған. 1949 жылы салық жүйесінде реформа жүргізілді. Жалпы алғанда салықтар көтеріліп, басқару әкімшілік аппараты қалыпқа келтірілді, мемлекет шығысы қысқартылды. Өз ішінде ғылыми-техникалық базаның жоқтығынан Жапония алдыңғы қатардағы технологияларды шет елдерден алып, оларды өндірісінде тиімді де қолайлы етіп жетілдіріп отырды. Банк жүйесі секілді саясаттың басым бағыттарын мемлекет бақылап отырды. Жапонияның экстенсивті үлгісі өте жоғары көрсеткішке қол жеткізді. 50 жылдардың орта шеніннен бастап Жапония экономикасы қарқынды дами бастады. «Жапондық ғажап» осы кезеңнен бастау алды.
2-кезең: Жапония экономикасында айтарлықтай құрылымдық өзгерістер болды. 1951-1970 жылдар аралығында өнеркәсіп өнімінің орташа жылдық көлемі 15,2 пайызды құраған. Ал ол кезде бұл көрсеткіш басқа елдерде төменгідей болатын, мысалы: Германия мен Италияда-7,4 пайыз, Францияда – 6,2 пайыз, АҚШ-та -4 пайыз, Англияда-3 пайыз. 1969 жылы Жалпы Ұлттық өнім көлемі жағынан Жапония АҚШ-тан кейінгі әлем бойынша 2-ші орынға ие болды. Ал 1970 жылы Жапония әлемдік экспортта 4-ші орынға шықты. Жапонияның ірі державаға айналуына біршама факторлар әсер етпей қоймады. Олар:
— энергоматериалдарды азайту арқылы өндірістің белсенділігін арттыру;
— электорника және технология салаларын толықтай игеру;
— экономиканы реттеуші мемлекет рөлінің өзгеруі, инфляция, ұлттық валютаның тұрақтауы, нарықтық механизмдерді құру секілді қосалқы әдістер арқылы экономиканы реттеу;
— сыртқы экономикалық қатынастарда да көзге көрінер өзгерістер болды. Жапония шет елдерге ірі көлемде инвестиция құйып, экспортқа деген тәуелділігінен біртіндеп арыла бастады.
3-ші кезең: Экономиканың қарқынды дамуы, салық реформалары, өзіндік технологиялық жетістіктер.
Жапонияның сыртқы экономикалық қатынастырының дамуына төменгі факторлар әсер етті:
— Ғылыми-техникалық өзгерістерді (жетістіктерді) кеңінен пайдалану;
— Өндірістің орталықтануы мен шоғырлануын мемлекет тарапынан реттеу;
— Батыс Еуропа мен АҚШ-қа қарағанда капитал көлемінің көбеюі;
— Жапония менеджментінің сырттан келетін импортқа бейімделуі;
— Қорғаныс пен қаруландыруға қаржының аз бөлінуі;
— Ұлттық кірісті мемелекет саясатымен қайта қарау;
Осының арқасында Жапония аз уақыт ішінде Оңтүстік Шығыс Азия, Австралия және Жаңа Зеландияның нарық жүйелерін басып алды.
Жапония экономикасы 50-ші жылдары-ақ ғажап түрде дами бастады. Оның негізгі мәні мынада:
— Шетел, соның ішінде америка көлігін жоғары, тиімді пайдалана білу;
— Негізгі капиталды жаппай жаңарту;
— аграрлық реформа есебінен ішкі нарықты ұлғайту;
— шетелдік ғылыми-техникалық жетістіктерді молынан пайдалану.
Сонымен қатар, Жапон сарапшылары мынадай ерекшеліктерді де атап көрсетуде:
— жоғары сапалы жұмыс күші, 1947 жылдың өзінде-ақ, Жапонияда 9 жылдық ақысыз міндетті білім беру енгізілген. Кадрлар даярлау мен қайта даярлау жүйесі құрылған;
— әкімшілік пен жеке тұлға арасында үйлесілімділік таба білген жалдамалы еңбектің дәстүрлі қалыптасқан жүйесі;
— капитал жинаудың жолы;
— жеке ғылыми- техникалық базаны дамытуға ұмтылыс/4/.
Соңғы кездері бұл фактор мыналармен толықтырылды:
— шикізат ресурстарының тапшылығы, Жапония шет елден қажетті ресурстардың 99 пайызын алады. Оның 100 пайызы — боксит, мата, табиғи каучук, 99,7 пайызы мұнай, 99,5 пайызы темір рудасы, ал бұл өз кезегінде өндіріс құрылымын әрдайым жаңартып отыруға, энергия мен ресурстарды ұқыпты пайдалану технологиясын енгізуге, шикізат пен отынның альтернативті көздерін іздеуге итермелейді;
— Жапонияда Конститутция негізінде соғысқа қарсы 3 қағыда қалыптасқан. Олар: ядролық қару-жарақты қолданбау, өндірмеу, енгізбеу. Нәтижесінде әскери шығындар жалпы ішкі өнімнің 1 пайызын ғана құрайды.
Осылайша 1955-1965 жылдары Жапония алдыңғы қатарлы дамыған капиталистік державалар ішінде 2-ші орынды иеленді.
Жапон тауарларының бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын басты факторлар:
— өнім сапасын бақылаудың айрықша жүйесі;
— еңбек өнімділігінің өсімі;
— еңбек ету саласында түсінбеушіліктің болмауынан жұмыс уақытын жоғалту;
— жан басына шаққандағы табыс көлемінің өте жоғарылығы.Қазіргі экономика дамуының негізгі заңдылықтары мелекеттің экономикалық өмірге тікелей араласуын біртіндеп қысқартты. Жапония өзінің экономикасына ымырашылдықпен қарауға 60-шы жылдары кірісіп, бүгінгі күнге дейін жалғастыруда. Сол кезеңнен бастап капиталдар іске қосылып, инвестиция тартылды және кәсіпорындар жапай жекешелендіріле бастады. Жапония үкіметі қаржыны тұрақтандыру саясатын жүргізіуде бір сәттік тұрақтандыру идеясына қарсы болды. Бұл идея өндірістің құлдарауына әкеліп соғатынын ескеріп, «аралық тұрақтылық» концепциясына жүгінді. Аталған концепция инфляцияны біртіндеп ауыздықтау арқылы ақша эмиссиясының қарқынын қолдап, өнеркәсіп жұмыстарының нәтижелі болуына жағдай жасады/5/. Негізгі мәнінің өзі мынаған саяды: мемлекеттің қолдауынсыз (қаржылай, сақтандыру, ұйымдастыру-әкімшілік) өндірістің құлдырауын, өнеркәсіпті қалпына келтіру мүмкін емес. Бұл, пікірдің мазмұны жекеленген өндірістің өзара байланысымен қорытындыланады, бірінің дамуына бірі әсер етеді. Ал идеяның өзі қарапайым ғана. Бір жағынан алып қарасақ, өндірістің дамуын ұстап тұрған «тар жол» көмірдің жетіспеушілігі. Екінші жағынан, көмір өндірісін кеңейту металдың жоқтығынан тоқтап қалды. Осылайша, тұйық шеңбер пайда болды. Одан шығу үшін ұйымдастыру, қаржыландыру сипатындағы шаралар қабылданды. Алғашқы кезекте азық-түлік, киім, транспорт, тұрғын үймен қамтамасыз ету қажет болатын. Сондықтан, Үкімет шет елден 80 мың тонна мазут пен көмір алды. Осы отынның бәрі болат қайнатуға бағытталды. Алынған металл көмір өндіруге жіберіліп, ал көмірді қара металл өндіруге пайдаланды. Бұл схема айтылған салалар бойынша жургізілді деуге болмас, арнаулы кәсіпорындардың бөліп алуына сүйеніп жасалды. Өндіріс орындарында қатаң әкімшілік бақылау жүргізіліп, өн-діріс қуатын бөліп пайдалану, шикізат пен материалдарды, сондай-ақ, тұтыну үшін арнаулы заңды база құрылып, мемлекеттің жекелеген кәсіпорындарға өкілдік етуіне жол ашты. Бұл саясат нәтижелі болды: 1947 жылы көмір өндіру 29,3 миллион тоннаға (97,7 пайызға — белгіленген межеден жоғары) жетіп, соңынан басқа салалар да еңсесін көтере бастады. «Бір-біріне байланысты өнеркәсіптік кесте» механизмі — өндірісті дамтып, қаржыландырудың жаңа инвестициялық кешенді шарасы пайда болды. Өндірістің құлдырауын болдырмау, өндірісті дамытуға жағдай жасау үшін Жапонияда бұл салаға байланысты өзіндік саяси шаралар қолданды. Олар бюджеттен жеңілдікпен несие алынып, мемлекеттің несие институттарында капитал айналысының жетпейтін тұстарын толықтырып, жеке коммерциялық институттарда несие жүйесі үкіметтің 1947 жылғы арнаулы инструкциясына сәйкес жүргізілді. Жекелеген кәсіпорындарға арнаулы вексель алуына рұқсат беріліп, олардың жеңілдік алуына жол ашылды. Жапондарда маркетингтің қазіргі заманғы стратегиялық тұжырымдамасы 50-ші жылдардан кейін жасалып, тек маркетинг пен бизнеске қатысты тұтынушыға бағытталған бірқатар практикалық шаралар ғана іске асырылды. Саудагерлер қауымы арасындағы тұтынушыға есептелген бизнес этикасы сонау XVIII ғасырдың өзінде-ақ, кең таралғанды/8/. Сол кездегі сауда ісі этикасы бойынша: «Саудагер — сандармен жақсы жұмыс істей алатын адам. Саудагердің басты мақсаты — әрбір иенді құрап, жинау (қазіргі уақытта саудагер өзіне тиесілі бір центті жоғалтпауға тырысатын капиталист тұлға ретінде танылады). Саудагер өз тауарын тұтынушыға бір иенін де босқа шығын қылмайтынын ескере отырып сатуы тиіс. Яғни, ол өз тауарын сатып алса, тұтынушы ақшасын босқа шығармай, тиімді жұмсайтынына сендіреді» делінген. Осылайша, маркетинг пен оның бөлімшелері жапондықтарда 50-ші жылдардың аяқ шені мен 60-шы жылдардың басында пайда болып, «тұтынушылық ғасыры» аталған 80-ші жылдарға ұласты. Маркетингке қатысты іс-қызмет Батыста (АҚШ-та) қабылданған географиялық, әлеуметтік, тарихы фактордан, ең бастысы- мемлекеттік құрылым ерекшелігінен мүлдем өзгеше. Маркетинг стратегиясына тікелей немесе жанама әсер ететін факторлар:
— өнеркәсіп пен ел үкіметі арасындағы жұмыс; ауа-райы, т.б. елдегі өнеркәсіптің дамуы;
— өнеркәсіп пен үкіметтің арасындағы ынтымақтастық жұмыс-тарының мәні жапон компанияларының міндеттері мен мақсаттарының сол халықтың ұлттық мүддесі мен үкіметпен байланысты орнықтыруға бағытталғандығына келіп саяды/9/. Мұндай классикалық өзара қарым-қатынас 40-50 жылдары байқалды. Осыған байланысты дамудың әр түрлі жолдары айқындалды: корпорацияларды (32 секторды) тезірек жаңарту туралы, ауыл шаруашылығын механизациялау туралы, болат құю өнеркәсібін жаңғырту туралы заңдар шығарып, ұлттық автокөлікті шығаруға қатысты, электрондық өнеркәсіпке қолдау көрсету туралы, көмір және тау-кен өнімдерін өндіру мен авиаөнеркәсіптерді жаңғырту туралы жоспарлар қабылдады. Сондай-ақ, ұшақ жасау, қару-жарақ, жарылғыш заттар, ядролық энергетика, ғарыш, есептеу техникалары тәрізді технологияның алты саласына айрықша көңіл аударылды. Әрі арнайы зерттеуді қажет ететін компьютердің соңғы түрлері, лазерлік техника, жаңа материалдар мен металды керамика, сынапсыз тұзды су электролизі, су астынан мұнай өндіру, жасанды тері тәрізді жеті түрлі аса маңызды сырттан алынатын өнімдер назардан тыс қалмады. Өнеркәсіптің жекелеген секторларында жапон компаниялары бір-бірімен ішкі рынокта өте күшті бәсекелестік күрес жүргізеді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін аяғынан тік тұрған Жапон экономикасы, нақтырақ айтсақ, Жапониядағы кіші және орта кәсіпорындар 1998 жылдары Азия дағдарысының салдарынан көп зардап шекті. Елдегі 800 мың кіші кәсіпорындағы жағдайдың қиындауының үш негізгі себебі бар. Біріншісі; әрине, қаржы жетіспеушілігі. Азия дағдарысынан соң экономикалық тұрақтылықты сақтау мақсатымен әкелінген жаңа капиталдың резерв шектеулері кіші және орта кәсіпорындар жұмысына кері әсерін тигізді. Жаңа қағидалар банктерді шағын кәсіпорындарға несие беруде , «сараңдыққа» итермеледі. Қаржы тапшылығынан шағын кәсіпорындар бүгінде тұтынушы сұранысына да жауап бере алмайды. Нәтижеде _ кіші және орта кәсіпорындар инфляцияға ұшырай бастады/10/. Кіші кәсіпорындардың алдындағы тағы бір проблема ірі фирмалардағы баға саясатымен байланысты. Тұтынушылар қымбат өнімге, тіпті, сұраныс жасамаған соң алыптар бағаны арзандатып жіберді. Алайда бұл уақытша құбылыс еді.
1955 жылы құрылған Жапонияның либералды-демократиялық партиясы (ЖЛДП) елу жылдан астам уақыт елдегі басқарушы партия сипатынан танбай келеді. Өз ішінде бірнеше ықпалды фракциялары бар партияда олардың арасындағы бәсеке, тартыс партия бағдарламаларын жасауға, елдің бағытын анықтауға, министрлер портфельдерін бөлісуге әсер етеді, ЖЛДП өзгелерден осы арқылы да ерекшеленеді. Ал мұндай фракциялардың болуы партияның идеялық жағынан тоқырап қалмауына, кадрлардың ауысып отыруына игі ықпалын тигізуде. ЖЛДП оппоненттері партияның бұлай ұзақ уақыт билік басында болып келуі демократиялық құндылықтарды ескермей, қоғамдық сананы тілмен баурап алуында десе, жақтаушылар партия билігі елді молшылыққа кенелтіп, халықтың әл-ауқатын жақсартты, әлеуметті қорғауды күшейтті дегенді алға тартады. Сондықтан да партияның бұлай ұзақ билік жүргізуін заңдылық деп санайды. 50 жылғы билік басындағы партия жұмысын зерттей келе, мынадай қорытындылар жасауға болады. Ұзақ жылдар бойына елді басқару барысында мемлекеттік және ұлттық ірі бизнес арасында экономикалық және әлеуметтік салаларда стратегиялық әріптестікке қол жеткізілді. Партия отандық ірі корпорациялар елдің дамуына аса қажетті фактор деп есептеп, олардың шетелде де, Жапонияда да монополиясын күшейтуге барынша ықпал етуде. Бір партияның осыншама жыл билік жүргізуіне қарамастан, оппозиция да қарекетсіз емес, олар парламентте, түрлі кеңесу органдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында өз ойларын ашық білдіріп, биліктегілерге елеулі әсер ететіндей мүмкіндіктері бар. Олардың әсіресе саяси ахуалды, елдегі қоғамдық сананы, көзқарастарды қалыптастыруға тигізер ықпалы мол. Жапониядағы парламенттік демократияда да ЖЛДП-ның доминанттық партия үлгісі жұмыс атқарады. Партия мен әкімшілік аппарат жымдасып бірігіп кеткен, сөйтіп үкімет құрамы жасақталуында да олардың көп дауыс алып, билікке келуіне жол ашылуда. Осыған қарамастан қоғам томаға-тұйық емес, елде әрқайсысының өз алар орны бар түрлі саяси партиялар жұмыс істейді. Бір айта кетерлігі, елде биліктегі партияға парапар оппозиция болып көрген емес. Парламентте көп дауыс алып отырған партия әрдайым өзге партиялармен бет жыртысып, қарсы келуден бойын аулақ ұстап, жапондықтардың қанына сіңген дәстүрлі саяси мәдениетіне сай мәмілеге, ымыраға келу ұстанымын қадір тұтады. Іс жүзінде партиялар арасында бәсекелестіктің болмауына қарамастан, биліктің бір партия маңына шоғырлануының әлемдегі үлгісі ретінде Жапонияны қарастыруға болады. Бұл елде билік бір қолға шоғырланғандықтан дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы ел легінде қала бермек. Жапонияның қазіргі саяси жүйесі 50 жылдан астам уақыт бойы қалыптасты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жеңіліс тапқан Жапония 1947 жылы күшіне енген түбегейлі өзгерістерге ұшыраған жаңа Конституцияны қабылдап, онда қазіргі жоғары дамыған азаматтық қоғамның институттары мен нормалары -адам мен азаматтың либералды қүқықтары және бостандығы, кәсіпкерлікпен айналысу бостандығы мен жеке меншікті құрметтеу, билік тармақтарының бөлінуі мен өзара бақылануы, заңның жоғары тұруы, ұлттық егемендік пен бейбітшілік қағидалары тұжырымдалған. Жаңа Конституция негізінде құрылған атқарушы билік пен мемлекеттік-әкімшілік басқарудың (МӘБ) жүйесі соғыстан кейін ұзақ жылдар бойы айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ. Атқарушы билік пен МӘБ жүйесіндегі кең ауқымды өзгерістер іс жүзінде 1990-2000 жылдар аралығында жүзеге асып, Жапон басқарушы табының саяси стратегиясында түбегейлі өзгерістерімен белгілі болды. Осы саяси төңкеріс 1970-1980 жылдар тоғысында басталып, Я.Накасонэ үкіметі басқа жоғары дамыған елдермен бірге бір уақытта жапон мемлекеттік саясатында неолиберализм идеяларын бекіту жөнінде алғашқы шектеулі кадамдарын жасай бастады. Жалпы «неолиберализм» терминіне қысқаша тоқталатын болсақ. «неолиберализм» сөзі «нео» «жаңа» және «либерализм» сөздерінен құрылған. Конституциясында (1787 ж.) және Францияның Адам және азамат құқықтары декларациясында (1789 ж.) өз көрінісін тапты. XIX — XX ғғ басында либерализмнің негізгі ережелері: азаматтық қоғам, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтары, құқықтық мемлекет, демократиялық саяси институттар, жеке кәсіпкерлік пен сауда жасау бостандықтарын қалыптастырды. Қазіргі либерализм — неолиберализм еркін нарық механизмі экономикалық қызметінің тиімді жұмыс жасауына, әлеуметтік және экономикалық процестерді реттеуге неғүрлым қолайлы жағдай туғызды. Жапон неолибералдары саясаттың әр саласында дағдарыстан өту үшін радикалды шешімдерді қабылдауға шақырады. Жапония — жас ұрпақ тәрбиесіне ертеден ерекше көңіл белген ел. Білім саласындағы алғашкы маңызды реформа XIX ғасырдың 70-ші жылдары жүргізілді. Реформаның негізгі мақсаты халық арасында жаңа идеология қалыптастыру болды. «Қытай ғылымы — Жапония рухы» (нансай-вакон) деген ұран «Жапон рухы — Шығыс техникасы» (вакон-есай) деген ұранмен алмастырылды. Ұзақ жылдар бойы өзінше жеке қалған Жапония Шығыстың ғылыми және техникалық жетіс-тіктерін шапшаң игере бастады. «Вакон-есай» деген «шетелдіктер тапқан білімді алу, бірақ оларға жапондықтардың рухы мен жапондық ойлау ауытқуына ешқандай мүмкіндік бермеу» дегенді білдіреді. Күні бүгінге дейін «вакон-есай» қағидаты Жапонияның білім беру жүйесінің даму стратегиясын аныктап отыр. Халықты шығыс өркениетінің жетістіктеріне араластыру қажеттігін түсінгенімен, Жапония ағарту саласының қайраткерлері бұл үрдістің келеңсіз жақтарын байқамай қалған емес. Шығыстық білім жүйесі дестүрлі жапондық пән — моральды соңғы орынға шегеріп тастауына байланысты, жапондық тәрбие жүйесінің негізі бұзылды. 1879 жылы елге инспекторлық сапармен шыққан император Мэйдзиге оқушылардың моральдық тәрбиесі әсер етіп, артынша ол «Білім берудің ұлы қғиадаттары» деген жарлық шығарды. Императордың осы жарлығы шыққаннан кейін тәрбие мен білім берудің конфуциандық моральды-этикалық қағидаттарына көшу шаралары іске асырыла бастады. «Адамдар алдымен өздерінің рухын және моральдық бастауларын сақтауға тәрбиеленулері керек, ал содан кейін олар өз қабілеттеріне қарай әртүрлі пәндерді меңгерулеріне болады», — деп көрсетілді бұл құжатта (Японцы о Японии. СПб, 1906).
1881 жылы барлық оқу орындарында міндетті түрде мораль пәні оқытыла бастады, университеттерде шет тілдерде оқытуға тыйым салынды, оқулықтар қатаң рецензияға алынып, олардың бір бөлігін пайдалануға рұқсат етілмеді.
Сонымен, Мэйдзи реформасы білім беру ісіне ерекше үлес қосты:
1) адамгершілік құндылықтардан шегіну тоқтатылып, тарихи қалыптасқан жапондық дәстүрде білім беру қайтадан қолға алынды;
2) халықтың көпшілігіне еуропалық білім алу мүмкіндігі туды;
мектепте білім беру жұмысын ұйымдастыруда орасан зор жетістіктерге қол жетті;
Жапонияның білім сапасын сол кездегі дамыған елдердің білім сапасына жақындатты.
Мэйдзи реформасынан кейін кейбіреулер француз және прусс, ал екінші дүниежүзілік соғыстан кейін америкалық білім беру жүйелерін қабылдау қажет деп даурықты. Бірақ одан ештеңе де