Ислам дінімен тығыз байланысы болған Еуразия кеңістігіндегі рухани құндылықтар түркі халықтарының дамуындағы мәдени және тарихи сабақтастықты қамтамасыз етті
Ислам дінімен тығыз байланысы болған Еуразия кеңістігіндегі рухани құндылықтар түркі халықтарының дамуындағы мәдени және тарихи сабақтастықты қамтамасыз етті. Бұл тарихи ерекшелік қазақ халқының зайырлылық ұстанымына оң көзқараспен қарауына өз септігін тигізіп келеді. Мұны ешбір уақытта назардан тыс қалдырмау қажет. Тарихта барлық мемлекеттер діннің этикалық негіздеріне сүйене отырып дамығандығы белгілі. Әр мемлекеттің дін саласындағы саясатының қағидаттары әр түрлі болды. Бір мемлекеттер бірнеше діннің теңдігін мойындаған болса, өзгелері бір діннің үстемдігін қабылдап, басқа діндерге қысым жасаған жоқ. Енді бір мемлекеттер басқа дінді ұстанушылардың құқықтарын шектеген болса, өзгелері басқа дін өкілдерін өлім жазасымен қорқытып, олардың дініне тыйым салып отырды. Қалай болған күнде де, кез келген қоғамдық дүниетанымның негізінде «қасиетті» мен «киелінің» бастаулауры орын алғандығын білеміз. Кез келген құқықтық жүйе өнегеліліктің қасиетті заңдарымен санасқан болатын. Алайда, мемлекеттік деңгейде қабылданған қасиетті құндылықтар мен басқа діндердің құндылықтарының қарама-қайшылығы басқаша ойлайтындардың қуғын-сүргінге ұшырап отыруына жол ашты. Дініне бола адамды қуғын-сүргінге ұшыратқызбау мақсатында XVIII-XIX ғасырларда «зайырлы мемлекет» тұжырымдамасы кең етек жая бастады. Оның мақсаты тұрғындардың діндарлық деңгейін азайту емес, түрлі діндерді ұстанатын топтарды тең құқықпен қамтамасыз етіп, дінаралық жанжалдардың жолын кесу еді. Мемлекеттің «зайырлы сипаты» дегеніміз діни қауымдардың мемлекет ісіне араласпауы дегенді білдірді. Басқа дінді ұстанушыларды қудалауға, олардың өз азаматтық белсенділігін танытуына шектеуге тыйым салынып, олардың құқықтарын елдің басқа тұрғындарының құқықтарымен теңестіру болды. Мемлекеттік саясат жеке адамның ерік бостандығына кепілдік берді. Әрбір адамға жеке өмірін өзі реттеуіне, қай дінді ұстанса да ғибадатын өз бетінше жүзеге асыруына мүмкіндік берілді. Зайырлы мемлекеттер қоғамның мәдени өмірі мен құндылықтар жүйесіне елеулі үлес қосқан діндермен ерекше қатынасын (қаржылай көмек көрсету, мемлекеттік рәсімдер барысында белгілі бір діндердің рөлін атап көрсету сияқты) сақтауға тырысты. ХХ ғасырдың аяғына қарай жер бетіндегі мемлекеттердің жартысынан астамы өздерін ресми түрде зайырлымыз деп жариялады. Дегенмен, бүгінгі таңда мемлекеттік деңгейде астыртын қолдау тауып әрі жүзеге асырылып отырған діни зорлық-зомбылықтың географиясы мен ауқымының кеңеюі алаңдатушылық туындатқызуда. Егер ХХ ғасырда діни төзімділікті жүзеге асырып келген зайырлы мемлекеттердің саны көбейген болса, ХХІ ғасырдың басында кері дамушы үдерістердің куәсі болып отырмыз. Көптеген мемлекеттерде, әсіресе Оңтүстік-Шығыс Азия мен Африкада, азаматтарын «дұрыс дінді ұстануға» мәжбүрлеу мен «діннен безгендерді» жазалау фактілері көбейіп барады. Зайырлы мемлекет саясатының жағымды жағы – жеке тұлғаға бір қалыпты дүниетаным мен өмір сүру салтын агрессияшыл түрде таңуға жол бермеу болып отыр. Тұлғаның адами абыройын қорғайтын бұндай ұстаным ислам қағидаттарымен де ұштасады. Мысалы, Құран Кәрімнің 109-сүресінің 6-аятында «Сендердің діндерің өздеріңе, менің дінім өзіме тән» деп айтылған болса, 2-сүресінің 256-аятында «Дінде зорлау жоқ» делінген. Зайырлы мемлекет ешбір дінді өзге діндерден артық деп санамайды. Ешбір діннен бет бұрмайды әрі олардан алшақтамайды. Олардың құқықтарының теңдігін сақтауды өз міндеті деп біледі. Зайырлы мемлекеттің тағы бір ерекшелігі ‒ қоғам қауіпсіздігін сақтау мақсатында ешбір діннің атынан шешім қабылдамайтындығы болып табылады. Зайырлы мемлекетте әрбір азамат өзі таңдаған немесе ата-бабасынан мирас болып қалған дәстүрлі рухани құндылықтарды толығымен ұстану құқығына ие. Ешкім ешкімді дінге сенуге немесе сенбеуге, мешіт немесе шіркеуге баруға мәжбүрлей алмайды. Азамат дін саласында ерікті жеке тұлға болып табылады. Оның рухани дамуы үшін зайырлы мемлекет барлық жағдайды жасайды. Дін, мәдениет, ғылым, өнер сияқты адамның рухани кемелденуінің негізі болып табылатын салалар зайырлы қоғам дамуына үйлесімді бүтін құндылық ретінде қызмет етеді. Қазақстан – конфессияралық келісім орталығы 30.11.2022 Толеранттылықтың қазақстандық үлгісі 29.11.2022 Адамның ішкі жан дүниесін кемелдендірумен дін айналысса, мемлекет адамның қоршаған ортасының дамуына жағдай жасау арқылы қоғам тұтастығын, бейбітшілік пен келісім ішінде өмір сүруін мақсат тұтады. Мемлекет қоғамның рухани дамуына діннің ерекше үлес қосатындығын мойындайды. Әлемде қалыптасқан бүгінгі діни-секулярлық жағдайда мұсылман әлемі ерекше орынға ие. Исламды фундаменталистік көзқарас тұрғысынан жаппай түсіндіру салдарынан діни экстремизм дүмпулерінің орын алып жатқандығының куәсіміз. Бірқатар радикалды ағымдардың өкілдері мұсылмандарды жаһандық