бет 2/8 Дата 25.03.2022 өлшемі 0,85 Mb. #28831
Байланысты:
1508-29a Алимкулова Барно 14-апта философия Аркан әл-Ислам (أركان الإسلام) немесе (араб.: أركان الدين Аркан ад-дин ; қаз. 'Дін негіздері') - Ислам дінінің негіздері, олар бесеу , Қазақ тілінде Бес парыз деген атаумен аталады. Әрбір адамның мұсылман болуы үшін орындалуы парыз шарттары , олар: Шаһада (араб.: شهادة) — Алланың барлығына, бірлігіне , хазірет Мұхаммедтің Алланың құлы әрі соңғы пайғамбары екендігіне сену («Әшһаду ән-ла-иллаһа иллалаһ уа ашһаду әннә Мұһаммәдән Ғабдуһу уә расулуһ»). Намаз (араб.: صلاة; парсыша: نماز) - Ислам дінінің, яғни Аллаға сыйынудың негізгі діңгегі – күнде бес уақыт намаз оқу. Ораза (араб.: صوم «ас-саум» өз нәпсісін тыю, жаманнан алыстау) – Рамазан айында бір ай ораза ұстау. Зекет (араб.: زكاة – тазарту) – Дінге, Аллаға сыйынудың тағы бір талабы - ауқатты деп саналатын пенделердің жылына бір рет зекет беруі. Қажылық (араб.: حج) - Дені сау және адал жолмен тапқан қаржысы , малы жеткілікті болса, өмірінде бір рет Мекке-Мәдинаға барып қажылық ғибадат жасау. Достарыңызбен бөлісу: