Адал ұрпақ – мәңгілік елдің кепілі Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи.
Ғибадат пен адалдық ар үшін жи.
Шәкәрім Құдайбердиев
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға өмірде ата - анаға, досқа адал бола білуге баули отырып, әр адамның адал ісі мен адамдығы көрінетінін білуге тәрбиелеу.
Құндылықтарды дарыту
-Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;
-Қарым-қатынас жасау қабілеті;
-Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;
-Жауапкершілік;
-Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;
-Өмір бойы оқуға дайын болу.
Класпен амандасу, психологиялық ахуал қалыптастыру, оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындау.
Интерактивті тақта, слайд
Сабақ басы (10 мин)
І. Қызығушылықты ояту Адамның ниеті, ойы, іс - әрекеті шындыққа негізделгенде адам өзіне де, өзгеге де адал болады. Адал болу кез - келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан - дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді.
Адалдық өмірінде керек нәрсе,
Ол да гүлдеп, нұрланар көңіл бөлсе.
Халыққа өз пайдасын тигізе алмай,
Адам боп, өзін - өзі меңгермесе,- демекші әр адам дүние есігін ашып шыр етіп өмірге келген күннен бастап жүрек қалауымен, ата - анасының берген тәрбиесімен, жақсылық жамандықты көре жүріп өмір сүре бастайды. «Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» дегендей бүгінгі «Адалдық жүрген жерде - адамдық жүреді» атты пікірталасу сағаты.
І - бөлім - сұрақтарға өз ойын білдіру.
ІІ - бөлім – Шәкәрім өсиеті- адалдық айнасы атты видеоролик қарау.
ІІІ - бөлім - ситуациялық сұрақтарға өз ойын білдіру.