Адам баласының дүниеге келуі Адам өміріне ақиқат нұрын шашқан қасиетті Құранда
пендені иманға жетелеу үшін алуан түрлі дәлелдер
келтіріледі. Адам көзін ақиқатқа ашу үшін Жаратушы
иеміз бірде көкті, бірде жерді, бірде өсімдіктерді, енді бірде
жануарларды тілге тиек етіп, олардың жаратылысындағы
ғажайып сырларды ашып салады.
Сондай-ақ, Құранның көптеген аяттарында адам
баласының дүниеге қалай келетіні, Алланың құдіретімен
ана құрсағында жатып қандай даму кезеңдерінен өтетіні
туралы жиі-жиі сыр шертіледі. Мысалы «Мүминун»
сүресінде: