4
ИМАНИ ГҮЛ
Иман – ақыл мен жүректің келісіп түйген ортақ
нәтижесі мен ар-ожданның құба-құптаған жемісі. Иман
– адам баласын екі дүниеде де бақытты ететін ғажайып
тылсым қазына. Ұлы Жаратушы әу баста адамды айна-
ласына қарап Ұлы Иесін тапсын, танысын, иман етсін,
Жаратушысының құдіретінің, ұлылығының, шеберлігінің
алдында таң қалып бас исін деп мына дүниеге жіберген.
Демек, Иман – адамның жаратылуының мән-мағынасы,
мына дүниеге жіберілуіндегі асыл мақсұты. Міне,
адамның жаратылуының негізгі мақсұты Ұлы Иесін
табу болғандықтан, оған басқа жаратылыстардан
ерекшелендіріп
«ақыл-ой, сана» берілген. Ұлы Жарату-
шы айналамызды қоршаған мына жалпы ғаламды Өзін
танытатын ғажайып алып кітап іспетті жаратқан. Ондағы
әрбір жаратылыс оқи білген адам үшін өз болмысы-
мен, бойында мөрленген ғажайып нақыштарымен Ұлы
Ұстасын меңзеп тұр. Адам осы ғалам деген кітаптың сы-
рын түсініп оқи білсе, онда сөзсіз Ұлы Иесін тапқаны.
Сондықтан Алла Тағала соңғы пайғамбар Мұхаммедке
(с.а.у.) түсірген алғашқы аятта:
«Иқра...» яғни,
«Оқы!
Достарыңызбен бөлісу: