түсірілгендерге иман келтірді және мүміндер де (иман келтірді). Барлығы Аллаға, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына және ақырет күніне иман келтірді...» 84 - делінсе, басқа бір аятында: «Кімде- кім Аллаға және Оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына және ақырет күніне иман етпесе, қатты адасады...» 85 - деп періштелерінің барлығынан ха-
бардар етіп және оларға еш шартсыз иман етуді бұйырады.
Негізінде періштелерге иман етпеу – Алла Тағаланың
жер бетіне жіберген пайғамбарларына және оларға
түскен кітаптарға иман етпеумен бірдей. Себебі, Ұлы
Жаратушының адам баласына ақ пен қараны ажыратып,
тура жолды көрсетіп, ақиқат пердесін ашу үшін түсірген
барлық кітаптары уахи жолымен пайғамбарларына осы
періштелері арқылы келіп жеткен.