Тағдырға иман ержүректік пен
батылдыққа бастайды.
Басына не келсе де, Алланың рұқсатымен, қалауымен
келетініне бек сенген жанның бойына ерекше батылдық
бітеді. Ар-намысын таптауға төніп келген дұшпаннан ота-
нын, дінін, халқын қорғау үшін ерен ерлікпен шайқасады.
Ажалының алдын ала Ұлы Жаратушысы тарапынан
белгіленгенін білгендіктен «тағдырымдағы өлімім қай
жерде, қай уақытқа белгіленсе, міндетті түрде сол
жерде, сол мезетте өлімді татамын, жазмыш ажалым
мұндай қасиетті соғыста емес, үйде жылы төсекте
жатсам да келіп жетер» деп «алғалап» ұран тастап, жау
жүрегін аузынан шығарады.
Белгілі бір пайдалы іске кірісер болса, алдымен,
барлық қолынан келер қажетті іс-шараларды атқарып,
керекті себептерді орындағаннан кейін, «тағдырыма
жазылғанын, бұйырғанын, Алланың қалағанын көрерміз,
жазмыштан озмыш жоқ» деп, тәуекелге бел байлай-
ды. Шегіншектеп, қорқу тағдырға сенген жанның пәк
дүниесіне аяқ баспайды.
200
Достарыңызбен бөлісу: |