«Кәһф» сүресінде «Алла кімді тура жолға
салса, ол тура жолға түседі, ал кімді адастыр-
са, оны тура жолға салатын көмекші таба
алмайсың» деген аят бар. Сонда адамды тура
жолға салатын да, адастыратын да Алла
Тағаланың өзі болса, мына дүниедегі сынақтың,
ана дүниедегі жұмақ пен тозақтың қажеті не
болғаны?
Аятқа тереңірек үңілсек, онда айтылған тура
жолға салу мен адастыру түсінігі – белгілі бір іс-әрекет
мағынасына саяды. Ал әрбір істі жарататын Алла
Тағаланың өзі екенін «Жақсылық та, жамандық та Ал-
ладан» дегенге қатысты сауалға берген жауабымызда
кеңінен айтып өттік. Тура жолға салуды да, адасты-
руды да болғызатын, жарататын – Алла Тағала. Бірақ
Алла Тағала ешкімді күштеп иман еткізіп, еркінен тыс
адастырмайды. Алла Тағала тура жолға, иманға апарар
себептерді ыңғайлап, адамдарды тура жолға шақырған.
Құранда бұл жайлы мынандай аят бар: «Біз әр
пайғамбарды (ақиқатты толық) түсіндіруі үшін өз
қауымының тілімен жібердік. (Тура жолдың себептерін
жіберіп, ескерткеннен кейін) Алла Тағала қалағанын
адастырады, қалағанын тура жолға салады. Ол – шексіз
құдірет иесі – Азиз, әр істі орынды істейтін, еш нәрсені
бекер жасамайтын – Хаким»
158
. Яғни, Алла Тағала жер
бетіне тура жолды түсіндіретін пайғамбарлар мен кітаптар
түсірген, арнайы ғалымдар жіберген. Құлдарының арасы-
нан кім осы тура жолдың себептерін ұстанса, ақиқатты
үйреніп, білу ниетімен мешітке барып уағыз тыңдаса,
158
Ибраһим сүресі /14.
282
ИМАНИ ГҮЛ
арнайы кітаптар оқып, ақылға жүгініп, имандылыққа бет
бұрса, Алла Тағала да ол құлының жүрегіне иман нұрын
құйып, тура жолға салады. Дүниенің қызылына қызығып,
түнгі клубтар мен сыраханалардан шықпай, күнәлардан
бас алмаса, нәпсісіне ұнамды күнәларды тыяды деп
Құранға, дінге қарсы шығып, жүрек тілімен «тура жолды
қаламаймын» десе, Алла Тағала ол құлын адастырады.
Қысқасы, тура жолды немесе адасуды қалайтын, тілейтін
– біз, ал Алла Тағала сол қалауымызға қарай бізді тура
жолға салып, жүрегімізге иман нұрын құяды немесе
адастырып, қараңғылыққа салады.
283
Достарыңызбен бөлісу: |